Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық ауылшаруашылығы
бөлімінің мемлекеттік
қызмет көрсету стандартын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 2, 3 тармақшалары негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулы мүдделі жақтарға жолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы, әкімият мүшесі А.Тәжібаевқа жүктелсін.
Басқа 5
Құрманғазы аудан әкімиятының
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№541 қаулысына қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру»
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы:
Лизингке техниканы сатып алу үшін анықтама беру
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
Жартылай автоматтандырылған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсету негіз болатын нормативтік
құқықтық актінің атауы, бабы: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның атауы Құрманғазы ауданы ауылшаруашылық бөлімі.
Тармақ 5
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны:
Лизингіге техниканы алған уақытта.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты:
Ауылшаруашылық құрылымдары.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с), электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – 15 күн;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с кезек күтуге электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 15 күн;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері -15 күн.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету: Тегін
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орындарын көрсету:
Аудандық ауылшаруашылық бөлімі.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері - сағат 8.30-18.00 дейін, үзіліс 12.30-14.00 дейін.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орын: Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі 25 үй.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орын - аудандық ауылшаруашылық бөлімі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы және кабинетінің
нөмірі- аудандық ауылшаруашылық бөлімі
15.Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы және нысаны-аудандық ауылшарушылығы бөлімінің хаттары.
16.Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттерінің толық тізбесін көрсету –электрондық почта, сайт арқылы, жеке бару, курьер және тағы сол сияқты
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені не жауапты адамның мекен-жайы мен кабинетінің нөмірін көрсету-Жеке бару, ауылшаруашылық
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату тұру немесе мемлекеттік
қызметті ұсынудан бас тарту негіздері- Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентінің 3 пунктінің 11 тармағындағы шарттар орындалмаған жағдайда.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау-сыпайлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат,тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенді. .
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге да субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (саll-орталықтар) телефон нөмерлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірлері-Құрманғазы аудандық ауылшаруашылық бөлімі,Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі 25 үй, телефондар .2-01-53,2-14-36, 2-13-41
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық почтасының мекен-жайын не лауазымды адам кабинетінің нөмірі
Құрманғазы аудандық ауылшаруашылық бөлімі, Гнюшкин селосы, Көшекбаев көшесі 25 үй, телефон.2-14-36
Тармақ 23
23. Шағымның қабылдағанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын,шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету- өтінімдерді тіркеу кітабі, қаралатын мерзімі 15 күн, жауапты қызметкердің телефоны 2-14-36
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты.
6. Байланыс ақпараты.
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган,мекеме немесе өзге де субьект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері – Құрманғазы аудандық ауылшаруашылық бөлімі, Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі 25 үй, телефондар.2-01-53, 2-14-36
Тармақ 25
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыртуларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.).
Басқа 38
Кесте.Сапа және жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділіктің көрсеткіштері
Көрсет-
кіштің
норматив-
тік мәні
Көрсеткіш-
тің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіш-тің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1. Дер кезділігі
1.1. Құжат тапсырылғаннан кейін, белгіленген уақытта қызмет көрсету % (үлесі)
100
100
100
1.2. Тұтынушылардың қызмет көрсетуді алудағы кезек күтудің 40 мин. аспайтын % (үлесі)
100
100
100
2. Сапа
2.1. Көрсетілген қызметтің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
98
98
98
2.2. Қызметтік тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу % (үлесі) (өндірістегі есеп т.б)
99
99
99
3. Қол жеткізімділігі
3.1. Қызмет көрсетудің тәртібінің ақпараты мен сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
100
100
100
3.2. Бірінші рет тапсырылған құжаттардың тұтынушылармен дұрыс толтырған % (үлесі)
99
99
99
3.3. Интернет арқылы алынатын қызмет көрсету ақпаратының % (үлесі)
0
0
0
4. Шағым беру процесі
4.1. Барлық қызмет көрсетілген тұтынушылардың негізделген шағымдарының % (үлесі)
1
1
1
4.2. Негізделген шағымдардың қаралып, белгіленген уақытта қанағаттандырылғандары- ның % (үлесі)
100
100
100
4.3. Шағым беру тәртібімен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
100
100
100
4.4. Шағым беру уақытымен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
100
100
100
5. Сыпайылық
5.1. Мекеменің қызметкерлерінің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
100
100
100