Еңбекке қабілетті мүгедек азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында квота белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекке қабілетті мүгедек азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5,7 баптарына және 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Созақ аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мекемелердің штаттық бірлігінің үш пайызы көлемінде еңбекке қабілетті мүгедек азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.(қосымша)
Тармақ 2
2. Мүгедек азаматтар үшін бекітілген жұмыс орындары квотасына сәйкес еңбекке қабілетті мүгедек азаматтардың жұмысқа орналасуын ұйымдастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н.Бектаев) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау мен басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаеваға жүктелсін.
Басқа 5
2008 жылғы 18 қаңтардағы № 11 қаулысына қосымша Созақ ауданы бойынша мекемелерден еңбекке қабілетті мүгедек азаматтарды жұмыска орналастыру үшін белгіленген үш пайыздық квота қ/с Мекеме аттары Штаттық бірлік саны Оның ішінде мүгедек азаматтар үшін үш пайыз квота (штаттық бірлік) 1 “Ыңғай” БК ЖШС 225 6,75 2 “Катко” БК ЖШС 606 18 3 “Юниверсал Содексо Қазақстан ЛТД” ЖШС филиалы 117 3,5 4 “Таукент тау-химиялык кәсіпорын” ЖШС 520 15,5 5 “Құтқарушы тау-кен” ЖШС 56 1,5 6 “Степное РУ” ЖШС 413 12,5 7 “Қазатомөнеркәсіп Демеу” ЖШС-нің “Демеу-Қыземшек” филиалы 177 5,5 8 “Қазатомөнеркәсіп Демеу” ЖШС-нің “Демеу-Таукент” филиалы 151 4,5 9 “Бетпақ-Дала” БК ЖШС 308 9,25 10 “Волковгеология” АҚ-ның “ГБЭ- 5”филиалы 516 15,5 11 “Волковгеология” АҚ-ның “ГБЭ- 7” филиалы 632 19 12 “Таукент-Энергосервис” ЖШС 334 10 13 “Реммонтажсервис” ЖШС 262 7,75 14 “Сауда-көлік компаниясы” ЖШС- нің “Орталықтандырылған автотасымалдау базасы” филиалы 652 19,5 15 “ТС-Таукент” ЖШС 111 3,25 16 “Қаратау” ЖШС 106 3 17 “Аппақ” ЖШС 47 1,5 18 “Бақылау, аналитика, метрология Сервистік Орталығы” ЖШС 118 3,5 Барлығы 5351 160,0