Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және аудан әкімінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1052 хатына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (қосымша берілген).
Тармақ 2
2. Ақмола облысының әділет Басқармасында 2002 жылғы 1 шілдеде 1187 нөмірмен тіркелген аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 19 маусымдағы № 5 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешімі, Ақмола облысы Астрахан ауданының әділет Басқармасында 2007 жылдың 10 сәуірінде 1-6-63 нөмірмен тіркелген, 2007 жылдың 13 сәуірінде «Маяк» газетінің 12 нөмірінде жарияланған аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 28 наурыздағы № С-41-7 «Астрахан аудандық мәслихатының 2002 жылғы 19 маусымдағы № 5 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі өз күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап, әрекет етуге кіріседі.
Басқа 4
Астрахан аудандық мәслихатының
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 4С-4-8 шешімімен бекітілді
Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлем төлеудің Негізгі Ережелері (әрі карай Ережелер) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 332 бюджеттік бағдарламасы бойынша ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2004 жылғы 24 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында Бюджеттік кодекс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары болып табылады.
Тармақ 3
3. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы Заңымен реттелген 2002 жылдың 1 қаңтарындағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру туралы» ереже ауқымында жұмыс жасамайды.
Тарау 2. 2. Төлем алу құқығы
2. Төлем алу құқығы
Тармақ 4
4. Табысы аз, ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы төмен азаматтар, төтенше жағдайларға ұшыраған, әлеуметтік жәрдем қажет ететіндер және мерекелік күндеріне байланысты (Жеңіс Күні, қарттар Күні, мүгедектер Күні) осы Ереженің 12 тармағында көрсетілген жеке азаматтар тобы әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Өмірдің қиын жағдайлары болып саналатын: отбасы мүшесінің біреуінің казаға ұшырауы, өкпе және қатерлі ісікпен ауыратындардың ұзақ емделуі, операция жасауға мұқтаждар Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитализацияға сапар.
Тармақ 5
5. Кездейсоқ, оқыс оқиғаларға - денсаулығын күрт төмендеп кетуіне, аппаттарға, өртке ұшырағанда, тағы басқа жағдайларда бірмезгілді әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы күн көріс деңгейінің табысын асырмайтын жағдайда аудан тұрғындары (отбасылары) алуға құқылы.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік төлем алуға келесі азаматтар құқылы:
аз қамтамасыз етілген азаматтар;
жалғыз басты зейнеткерлер;
жұмыссыздар;
мүгедектер;
18 жасқа толмаған төртеу немесе одан да көп баласы бар, көп балалы жанұялар;
емделмейтін аурумен ауратындар;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері (мүгедектерге және оларға тең азаматтар, тыл еңбеккерлері, соғыста қаза тапқандардың жесірлеріне);
туберкулез ауруымен ауыратындар
Тарау 3. 3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру
3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарынан, ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім» Мемлекеттік мекемесінің өкілдерінен, (ары қарай - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім) аудан коғамдық ұйымдарының мүшелерінен, жергілікті өз-өзін басқару органдарынан (олардың болған жағдайында) комиссия (ары қарай - комиссия) құрылады.
Комиссияның сандық және дербес құрамы аудандық мәслихат шешімімен бекітіледі.
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде комиссия айына екі рет мәжіліс өткізеді.
Тармақ 8
8. Комиссияның негізгі мақсаттары мыналар:
әлеуметтік көмек беру туралы азаматтардың өтініштерін қарау;
көмек сұраған отбасының (азаматтың) әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мен отбасы қамтылуы деңгейін тексеру;
әлеуметтік көмек берілуі не берілмеуі туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек берудің тәртібі
4. Көмек берудің тәртібі
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесіне ( азаматқа) жылына бір рет ақшалай түрінде беріледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек алуға үміткер адам, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне арыз береді. Арызға қоса мына құжаттар керек:
Тармақша 1
1) жеке куәлік көшірмесі;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе отбасы кұрамы туралы ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
Тармақша 3
3) алдыңғы тоқсандағы табысы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемге мұқтаждығын растайтын құжаттар.
Тармақ 11
11. Өтініш төлем берушінің есеп айырысу есебіне қаражатты аудару арқылы төленеді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлем төлеу, осы төменде көрсетілген азаматтар тобына арыз бермей-ақ, есеп айырысу есебіне қаражатты аудару арқылы жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Жеңіс Күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге және оларға тең тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, соғыста қаза тапқандардың жесірлеріне;
Тармақша 2
2) қарттар Күніне және мүгедектер Күніне орай 70 жастан асқан азаматтарға, 1, 2 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек алатын, аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі азық-түлікке және энергиялық жабдықтарға бағаның өсуіне байланысты, өтінішсіз тізімге сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 0,5 көлемінде төленеді.
Тармақ 14
14. Көмектің ең жоғарғы мөлшері 20 айлық көрсеткіштен аспауы тиіс.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік төлемдер бойынша қаржыландыру шығысы аудандық бюджеттің «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем» аудандық бюджет бағдарламасы бойынша, осы мақсаттарда қарастырылған қаражат аумағында жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі
5. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек беру төлемі пошталық бөлімдерде алушының жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік көмек төлемін төлеу үшін әлеуметтік көмек алушылардың тізімін жасап, Ақмола облыстық филиалының «Қазпошта» Акционерлік қоғамына ұсынады, тізімнің дұрыстығына жауап береді.