Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережені бекіту
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңға және аудан әкімінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1052 хатына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 24 қаңтарда 3003 нөмірмен тіркелген, 2005 жылдың 1 ақпанында «Маяк» газетінің 5 нөмірінде жарияланған аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № С-16-12 «Тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы көмегін көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» шешімі өз күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және 2008 жылдың 1 каңтарынан бастап, әрекет етуге кіріседі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі Р.Әкімов
Басқа 4
Астрахан аудандық мәслихатының
2007 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 4С-4-6 шешімімен бекітілген
Табысы аз азаматтарға тұрғын үйлерін ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйін ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді тұтыну, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу (жалдау) және кондоминимум объектілерінің жалпы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін шығындардың орнын толтыру үшін беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі ауданның ауылдарында тұратын тұрақты (тұрғын үй иесі немесе пайдаланушысы (жалданушысы) болып табылатын тұлғаларға, егер өтемақы шараларымен, бірақ іс жүзінде тұратын жалпы алаңнан артық емес қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға арналған шығыстар шегінде (жеке тұрғын үйін ұстаудан басқа) тұрғын үйді ұстау және ақы төлеу шығындары отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге болатын шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі. Тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға шығатын шығындарды төлеуге жол берілетін төлемнің шекті үлесі (жеке тұрғын үйін ұстаудан басқа), барлық санаттағы азаматтар үшін, отбасының жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Халықты қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтерді (сумен, газбен жабдықтау, канализация, электрмен, жылумен жабдықтау, қоқыстарды әкету) тұтыну нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші тұлғалар үй көмегін алу құқығын жоғалтады.Егер олар да күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуші, сондай-ақ 4 не одан да көп баланы тәрбиелеумен айналысушы, ең кіші бала 1 сыныпты аяқтағанша, (бірақ 9 жастан аспаған) тұлғалардан басқа, отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскери кызметте емес, және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) есепте жоқ тұлғалар болса, онда олардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық кызметтерді тұтыну үшін есептелген нақты соманың мөлшерінен асуы мүмкін емес.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімге тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды кайта тіркеу бастапқы рәсімдеу рәсімдеріне ұқсас.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемдерінің тарифі, отбасының кірістері өзгерген жағдайда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұрынғы есептелген тұрғын үй көмегін қайта есептейді. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күннің ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өз тұрғын үйіне меншік түрінің, отбасының құрамы және жиынтық кірісінің кез келген өзгерісін, сондай-ақ көмектің дұрыс есептелмегені туралы хабарлауға тиіс.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз төлеуге әкеліп соқтыратын жалған мәліметтер бергені үшін, тұрғын үйді жалдаушы (меншік иесі) бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар заңмен белгіленген тәртіпте қайтарып беруге жатады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындауды шешу тұрғын үй жалдаушының (меншік иесінің) өтінішіне қоса келесі құжаттардың (тұпнұсқалары мен көшірмелері) негізінде қабылданады:
Тармақша 1
1) меншік иесімен бірге тұратын, барлық жанұя мүшелерінің жекелігін растайтын, құжаттар;
Тармақша 2
2) тұрғын үйге (жекешелендіру келісім шарты, сыйлық келісім шарты, сатып алу келісім шарты) бірліктерінің саны туралы ақпараттық анықтама, (жылына бір мәрте) тұрғын үйдің меншік құқында екендігін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабы;
Тармақша 4
4) жанұяның кірісі және басқа да кіріс туралы берілген мәліметтер (алдыңғы тоқсанға);
Тармақша 5
5) еңбек кызметін растайтын, құжаттар;
Тармақша 6
6) жұмыссыздық бөлімінен анықтама.
Тармақ 10
10. Жалпы кондоминимумге күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығынның орнын толтыру үшін өтем алуға жанұя азаматы осы Ереженің 9 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады, қосымша:
Тармақша 1
1) жалпы мүліктегі кондоминиумға күрделі жөндеу өткізгендігі туралы ресми қолхат;
Тармақша 2
2) жалпы мүлікті кондоминиумға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін меншік иесімен кооперативтің, меншік иесімен жөндейтін жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың келісім шартының көшірмесі;
Тармақша 3
3) жалпы мүліктегі кондоминиумді күрделі жөндеу жөніндегі қабылдау-беру актісінің көшірмесі.
Тармақ 11
11. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша жанұяның кірісі есептеледі, оған жанұяның табысы және коммуналдық төлемдері енгізіледі. Есеп жанұя өкілдері немесе жанұя атынан өкілдер және құжатты қабылдаған адам қол қояды. Есептің қорытындысы негізінде отбасымен шарт жасалады, онда тағайындалған тұрғын үй көмегінің есебі енгізіледі. Шарт екі дана болып жасалады, оның бірі жалданушыға (меншік иесіне) беріледі. Осы шарт тұрғын үй көмегін көрсету үшін негіз болып табылады.
Тармақ 12
12. Ақпараттың дұрыстығына сенімсіздік туған жағдайда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғалардан кірістері туралы ақпарат сұрауға құқылы, ал жеке заңды тұлғалар оны тапсыруға міндетті.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемдік шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде, меншік иесінің тұрғын үйін ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну үшін төлейтін нақты төлемі мен отбасының осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге болатын шекті шығындар деңгейі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің, жеке тұлғаның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің, жеке тұлғаның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің, азаматтардың (отбасының) жиынтық кірісін, отбасының кірісін анықтау үшін тұрғын үй көмегін тағайындайтын өкілетті орган есептейді.
Тармақ 15
15. Кіріс жиынтығын анықтауға белгіленген уақыт аралығында алынған кірістердің барлық түрлері есептелінеді, тұрғын үй көмегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін бір дүркін жәрдемақылар, ақшалай немесе заттай (ақшаның құнына байланысты) қайырымдылық көмек республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, сондай ақ жұмыс берушілер тарапынан тұрмыс жағдайдың жалпы қорытынды сомасы бекітілген күн көріс деңгейдің ең төменгі көлемінде бір дүркін төлемдер мен каржылай көмектерден басқа:
Тармақша 1
1) еңбек ақысы түрінде төленген кіріс, әлеуметтік төлемдер, сондай ақ еңбек ақысының барлық түрлері, оның ішінде келісімді және уақыт бойынша, сонымен катар сыйақылар қосымша төлемдер, ақшалай және заттай қосымшалар (қаржыландыру көздеріне байланысты емес, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жалақысы сақталған кездегі жұмыскерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса);
Тармақша 2
2) демалыс кезінде сақталатын жалақысы, сондай ақ пайданбаған еңбек демалысына төленетін ақшалай өтемақылар;
Тармақша 3
3) өтемақы, ұйымның (заңды тұлғаның) жойылуы кезінде және еңбек келісімін бұзғанда, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген штат кестесінің қысқарылуымен жұмыстан қысқартылғанда төленетін өтемақылар;
Тармақша 4
4) зейнетақының барлық түрлері; стипендиялар; мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, жасы және асыраушысын жоғалткан жағдайда; арнайы мемлекеттік жәрдемақы; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
Тармақша 5
5) балаларға және басқа асырауындағыларға алған алиметтер
Тармақша 6
6) жұмыс кезінде және қызметтік міндетін атқару кезінде денсаулығына және өміріне зақым келтіргенде төленетін бір дүркін және ай сайынғы кірістін сомасы;
Тармақша 7
7) әскери қызметкерлер, келісім бойынша әскери қызмет өтіп жүргендер, ішкі қызметтегі басқарушы және қатардағы кызмет атқарушы тұлғалар, сондай ақ оларға тең санаттағы шұғыл әскери қызмет атқарып жүрген азаматтардың ақшалай жабдықталуы;
Тармақша 8
8) жеке қосалқы шаруашылықтан алынған кіріс, кірістің қалалық немесе ауылдық мекенде тұратын төлемі, отбасының жиынтық табысы отбасының 5 есептік көрсеткіші көлемінде 1 тоқсанға қабылданады
Тармақша 9
9) жер үлесі мен мүліктік пайды пайдаланудан алынған кіріс;
жеке тұлғалардың мүлік кірісіне оның құның нақты бағадан өсу құнымен құнсыздануы есептеледі;
қозғалмайтын мүлік жеке тұлғаның тұрақты мекені болып табылмаған жағдайда;
Тармақша 10
10) үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балалардың материалдық қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) кәсіпкерліктен және басқа да кызмет түрлерінен кіріс, өнімдерді іске асырудан (жұмыс, қызмет) - кірістер, іске аспаған операциялардан кіріс, үлес, қайтарымсыз алынған ақшалай қаржы, қозғалмайтын мүлікті жалға беруден алған кіріс;
Тармақша 12
12) фермерлердің жиынтық кірісіне ауыл-шаруашылық табысынан тапқан салық комитеті декларациясында көрсетілген кірістері есепке енгізіледі. Сонымен бірге жылдық табысы 12 айға бөлінеді және сәйкес бөлігі айқындалатын кіріске жалпы жиынтық кірісін есептеуге енгізіледі;
Тармақша 13
13) ақшалай және заттай ұтыс түрлері;
Тармақша 14
14) азаматтардың ерікті мәлімдеген, басқа кірістері.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берілген көмектердің сомасын көрсете отырып, негізгі жалға алушылар мен иелерінің тізімін жасайды.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекемесі «Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі», кем дегенде жылына бір рет бастапқы құжаттар бойынша, тұрғын үй көмегін төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың жұмсалуының дұрыстығына тексеріс жүргізуі қажет.
Тармақ 19
19. Құжаттардың дұрыс ресімделгенінен тұрғын үй көмегінің заңсыз төленгені үшін, бұған кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілік көтереді.