Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам сфер социального обеспечения, образования, культуры работающим в аульной (сельской) местности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағын, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 13 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласы мамандарына қалалық жағдайда кызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 2008 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.