Бисенов ауылдық округінің «Бегалі» елді мекеніне пастереллез ауруына шектеу қою жөніндегі Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бисенов ауылдық округінің «Бегалі» елді мекеніне пастереллез ауруына шектеу қою жөніндегі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық мемлекеттік мал дәрігерлік бас инспекторы Ж. Сұтланғалиевтың, Бисен ауылдық округінің «Бегалі» елді мекенінің 1 бас жылқы малы пастереллезбан ауырып өлгендігі жөніндегі хабарламасын тындап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық ветеринарлық зетрханасының 18 сәуірдегі 2007 жал №27-30 сараптамасына сай Бисен ауылдық округінің «Бегалы» елді мекеніне пастереллез ауруына шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Пастереллез ауруынын алдын-алу мақсатында төмендегі шараларға тиым салынсын:
Тармақша 1
1) Бисен ауылдық округінің «Бегалы» елді мекенінен малдарды шығаруға және кіргізуге;
Тармақша 2
2) Ауыл шаруашылығының малдарын жергілікті ветериналдық инспекторының рұқсатынсыз амалсыз союға;
Тармақша 3
3) Ірі қара малын бір жерге шоғырыландыруға, айырбастауға және сатуға;
Тармақша 4
4) Ауру малдың сүтін пайдалануға.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы Ж.Сұлтангалиевке сау малдарды пастереллез ауруына вакцинациялау, ауру малдарды аластату, және тағыда басқа жұқпалы аурулардын өлген мал өлекселерін ветеринарлық-санитарлық ережелерге сай өртеп жою заласыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (А.Батыров) адамдар арасында жұқпалы ауруларды болдырмау шараларын алып, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын қадағалау Бисен ауылдық округінің әкімі К. Саматовқа, аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Л. Уалиевке, мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторы Ж. Сұлтанғалиевке, аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау басқармасының бастығы А. Батыровқа тапсырылсын. Келісілді: ҚР АШМ Бөкейордасы аудандық Аумақтық инспекциясының бастығы Л.Ж. Уалиев Келісілді: Бөкейордасы аудандық санитарлық Эпидемиологиялық қадағалау Басқармасының бастығы А.Т. Батыров