О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку Узункольского района Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазакстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуі 2008 жылғы қаңтар-наурызында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымдастырып, жүргізсін;
Тармақша 2
2) тіркеу жұмыстары аяқталған соң, жасалған шарттар мен шығарылған шығындар бойынша қызмет көрсеткендермен есеп айырысуды өткізу ұсынылсын;
Тармақша 3
3) Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын тіркеу қорытындылары жайлы ақпаратты аудан әкіміне 2008 жылдың 1 сәуіріне дейін хабарласын.
Тармақ 3
3. «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеу жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету үшін мыналар ұсынылсын:
Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың кеуде клеткаларына, жүрек рентгенттерін жасау және керекті лабораториялық тексерулер жүргізсін.
Тармақ 4
4. Ұзынкөл ауданының селолық округтерінің, Ұзынкөл селосының, Троебрат селосының әкімдері тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына 12200500 «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бағдарламасымен көзделген қаражаттар шегінде Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеумен байланысты іс-шаралардың қаржыландырылуын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартып жүргендерді іздестіру және шақыру учаскесіне әкелу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) тіркеу жүргізу мерзімінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізудің орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Ұзынкөл ауданы әкімінің осы шешімі алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.