Көшелердің атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелердің атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданы Састөбе поселкесіндегі "Дзержинский" көшесінің аты Түймебек Аймбетов, "Космонавтов" көшесінің аты Ғарышкер, "Грозный" көшесінің аты Шәмші Қалдаяқов көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Түлкібас ауданы Ынтымақ ауылындағы "Нефтебаза" көшесінің аты Тұрмат Бейсембаев, "Привокзальная" көшесінің аты Алиасқар Қалиев көшесі деп өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.