Об утверждении Правил о порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержания жилья и оплату коммунальных услуг Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамсыздандырылған азаматтарға коммуналдық шығындарды өтеу және тұрғын үйлерді пайдалану үшін тұрмыстық жәрдемақы төлеу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6, 7 бабтарына сәйкес, Зеренді аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамсыздандырылған азаматтарға коммуналдық шығындарды өтеу және тұрғын үйлерді пайдалану үшін тұрмыстық жәрдемақы төлеу ережелері қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
БЕКІТІЛДІ Аудандық Мәслихаттың 2008 12 ақпандағы № 6-38 шешімімен Аз қамсыздандырылған азаматтарға коммуналдық шығындарды өтеу және тұрғын үйлерді пайдалану үшін тұрмыстық жәрдемақы төлеу ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Тұрмыстық жәрдемақы аз қамсыздандырылған азаматтарға коммуналдық шығындарды өтеу және тұрғын үйлерді пайдалану үшін және аудандық телекоммуникация торабына қосылған телефон үшін абонентік төлемнің өсу кезінде беріледі. Тұрмыстық жәрдемақы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрмыстық қатынастар туралы» Заңы негізінде беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық жәрдемақы ауданда тұрақты тұратын, тұрғын үйлерді пайдалану және коммуналдық қызмет шығындарын (жекеиеліктегі үйлерден басқа) өтеуге отбасы қаржысының, осы мақсатқа арналған шектеулі шығындар үлесінен артқан жағдайда беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйлерді пайдалану және коммуналдық қызмет өтемдерінің үлесі отбасы табыстарының жиынтығының 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Тұрғын үйлерді пайдалану және коммуналдық қызметтің нормадан тыс өтемдері жалпы негізде төленеді.
Тармақ 4
4. Тұрмыстық жәрдемақы тұрақты мекен жайда тұратын (жеке пәтер иесі немесе жалға алушыларға) тағайындалады.
Тармақ 5
5. Меншігінде бір үйден артық, арендалық шарты жоқ, пәтерді жалға алған қоғамның мүшелері тұрмыстық көмек алу құқығын жоғалтады. Отбасы құрамында жұмысқа қабілетті азаматтар болмаса, жұмыссыздық бойынша тіркеуде тұрмаса, тұрмыстық көмек алуға құқығын жоғалтады. Айрықша жағдайда мүгедектерді күтуде және 3 жасқа дейінгі (бір немесе одан көп) бала тәрбиесімен айналысқандарға тағайындалады.
Тармақ 6
6. Тұрмыстық жәрдемақы тоқсан аяғына дейін арыз берген кезеңнен бастап тағайындалады.
Тармақ 7
7. Арыз беруші тұрғын үйлерді пайдалану және коммуналдық қызмет тарифтерінің және отбасының санының, меншіктің өзгергені туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлау қажет.
Тармақ 8
8. Тұрмыстық жәрдемақы қызмет орнына жалған мәліметтер берген пәтер иесі (жалға алушы) бір жылға жәрдемақы алу құқығынан айырылады, артық немесе заңсыз төленген жәрдемақы заңды түрде қайтарылады.
Тармақ 9
9. Кондоминиум обьектілерін (фундамент, үйдің сыртқы және ішкі қабырғалары, сатылары. подъезге кірер есік, шатырын) ұстау шығындарын тұрмыстық жәрдемақы бойынша төлем жүргізу.
Тарау 2. 2. Тұрмыстық жәрдемақы тағайындау
2. Тұрмыстық жәрдемақы тағайындау
Тармақ 10
10. Тұрмыстық жәрдемақы алу үй иесінің (үйді жалға алушының) жеке арызы бойынша және қосымша отбасы құрамы туралы, үйдің жалпы көлемі, тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызмет өтемі, өткен тоқсандағы табыс жиынтығы құжаттары бойынша тағайындалады.
Тармақ 11
11. Аудандық тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің мәліметтері туралы күмәнді болған жағдайда, құжаттардың, дұрыстығы туралы сұрау салуға, тұрмыстық жәрдемақы алушы талапкерлер, қоғамның жеке және заңды тұлғалары табысы туралы мәліметтер беруге міндетті.
Тармақ 12
12. Тұрмыстық көмек отбасы тұрғындарының қаржысы, норма бойынша есептегендегі тұрғын үй және тұрмыстық коммуналдық қызметтері өтемдерінен төмен болған жағдайда беріледі.
Тарау 3. 3. Тұрмыстық жәрдемақыны қаржыландыру көзі
3. Тұрмыстық жәрдемақыны қаржыландыру көзі
Тармақ 12
12. Жеке меншік үйлердің барлық тұлғаларына қатысты, тұрмыстық жәрдемақы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Тармақ 13
13. Коммуналды қызмет көрсетуде, есепті нормативті шығындар, өкілетті органдардың бақылауымен асырылады.
Тармақ 14
14. Қаржы бөлімі жылына бір рет алғашқы құжаттар бойынша бюджет қаражаттарының дұрыс жұмсалуын тексеруге міндетті.
Тармақ 15
15. Құжаттарды дұрыс рәсімдеген, заңсыз жәрдемақы төлеген кінәлі тұлға, заңды түрде жауапқа тартылады.