О ставках таможенных платежей на ввозимую иностранную валюту Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкелінетін шетел валютасына төленетін кеден төлемдерінің ставкалары туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.23. N 693 қаулысымен. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Әкелiнетiн шетел валютасының бастапқы құнының 1 процентi мөлшерiнде оған қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бекiтiлетiн заңды тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын әкелуiне (ТМД СЭҚ ТН бойынша коды 4907 00 300, айналыстағы - 7118 90 000-ден) кеден бажының ставкасы белгіленсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген, әкелiнетiн валюталарды кедендiк ресiмдегенi үшiн оның бастапқы құнының 0 процентi мөлшерiнде кеден алымының ставкасы белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тәртiппен осы қаулының атқарылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келiсiм бойынша) бiрлесе отырып екi апта мерзiмде: жеке тұлғалар әкелетiн; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы белгiленбейтiн қолма-қол шетел валютасына қатысты кеден бажы мен кедендiк рәсiмдегенi үшiн кеден алымын алу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 1999 жылғы 3 тамыздан бастап күшiне енетiн осы қаулының 2-тармағын қоспағанда, ресми жарияланғаннан кейiн отыз күн өткен соң күшіне енеді.