Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования, и оказании государственной поддержки талантливой молодежи Қолданыста
Басқа 0
Студенттер арасынан жастарға білім алуына байланысты шығыстарды ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету және дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 11-баптарына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 229 шешімімен бекітілген Сарыкөл ауданының 2007 - 2008 жылдарға арналған аудандық жастар бағдарламасының орындалуына, Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен кірісімен отбасылардан, күндізгі оқу бөліміндегі студенттер арасынан, ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысатын жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
кәсіптік орта оқу орынның 1 студентіне - 2008 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін ай сайын 10 000 теңге мөлшерінде;
педагогикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының 2 студентіне 2008 жылы 120 000 теңге мөлшерінде әрқайсысына;
медициналық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының 4 студентіне 2008 жылы 240 000 теңгеден әрқайсысына.
Тармақ 2
2. Спорт, өнер, білім саласында Сарыкөл ауданының дарынды жастарына мемлекеттік қолдау көрсетілсін.
Тармақ 3
3. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.И. Бауэр) Сарыкөл ауданының 2007 - 2008 жылдарға арналған аудандық жастар бағдарламасының жастарға білім алу кезіндегі шығыстарды ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету және спорт, өнер, білім саласындағы дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету бөлігіндегі іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Сарыкөл ауданы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесі үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне студенттер арасынан жастарға білім алуына байланысты шығыстарды ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек төлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 5
5. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.М. Вандышевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.