Құжат мәтініне өту

Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 49 · қабылданған 06.02.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 06.02.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-38176/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 49 ·06.02.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

ҚАЗБөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 49 · қабылданған 06.02.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49
Қабылданған күні
06.02.2008
Көрсетілген редакция
06.02.2008 · қолданыстағы 38176_318135.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
06.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZD000056
ЭКБ идентификаторы
38176
Редакция идентификаторы
38176_318135
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:03

0 Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы қаулысын» басшылыққа ала отырып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің сұранысы негізінде солардың есебінен қаржыландырылсын.

2 2. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көлемі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық мекемелер арасында жасалатын келісім-шарт негізінде белгіленсін.

3 3. Аудан бойынша коғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмысыздарға төленетін еңбек ақы мөлшері Республика көлеміндегі белгіленген төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.

5 5. Ақылы коғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, әр жұмысызға 6 ай мерзімі белгіленсін.

6 6. Ұйымдастырылған қоғамдық жұмыстардың түрлері №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7 7. Аудандық қаржы бөліміне (С.А.Исалиев) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру тапсырылсын.

8 8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М.Т.Махимов) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру тапсырылсын.

9

9. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі №112 «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тіркеу №7-4-21 18.05.2006 ж («Орда жұлдызы» г.8.06.2006 ж № 23) қаулысының, аудан әкімдігінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 112 «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы» 218 (тіркеу №7-4-47, 10.10.2007 ж («Орда жұлдызы» 21.12.2007 ж №52 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркегалиевке тапсырылсын.

11 11. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енгізілсін.

12 Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 06.02
№ 49 санды қаулысына № 1 қосымша
Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі
Аудан әкімі аппараты;
Балалар саз мектебі;
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі;
Жер қатынастары бөлімі;
Ауыл шаруашылығы бөлімі;
Ішкі саясат бөлімі;
Дене шынықтыру және спорт бөлімі;
Кәсіпкерлік бөлімі;
Құрылыс бөлімі;
Білім беру бөлімі;
Сәулет және қала құрылысы бөлімі;
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі;
Қаржы бөлімі;
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі;
Аудандық қазынашылық мекемесі;
Аудандық телекоммуникациялар торабы;
Аудандық зейнетақы тағайындау орталығы;
Аудандық мұрағат;
Аудандық туберкулез ауруханасы;
«Аудандық аурухана» МКҚК;
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ММ;
Аудандық демалыс орталығы;
Аудандық әділет басқармасы;
Бисен ауылдық округі бойынша:
Бисен ауылдық округі әкімі аппараты;
Б.Жәнекешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.
Сайқын ауылдық округі бойынша:
Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты;
М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Спорт мектебі;
№18 кәсіптік мектебі;
«Гүлдер балабақшасы»;
«Орда жұлдызы» газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Орда» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Саралжын ауылдық округі бойынша:
Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты;
Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Мұратсай ауылдық округі бойынша:
Мұратсай ауылдық округі әкімі аппарты;
А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Орда ауылдық округі бойынша: ауылдық округі әкімі аппараты;
Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі;
Орда тарихи-музейлік кешені;
Ұялы ауылдық округі бойынша:
Ұялы ауылдық округі әкімі аппараты;
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Көктөбе ауылдық округі бойынша;
Көктөбе ауылдық округі әкімі аппарты;
Т.Масин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасы;

13 Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 06.02.
№49 санды қаулысына №2 қосымша
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Аудан бойынша иесіз қалған объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстары;
Ауыл ішін және мекеме кеңселерін безендіру жұмыстары;
Аудан бойынша шегіртке бар жерлерді анықтауға жәрдемдесу;
Бу қазандары мен пешке от жағу жұмыстары;
Газет-журналдар, хат және жеделхаттарды абоненттерге жеткізіп беру;
Елді мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстар шығару; Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден сыпырушы, күзет ұйымдастыру;
Жол жөндеу жұмыстары;
Көгалдандыру (ағаш, гүл егу жұмыстары);
Көлдерді қору, су құбырларын тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық тазартып ұстау;
Құрылыс материалдарын дайындау (қамыс буу, ағаш сүргілеу, саман, пеш тас соғу);
Иесіз қалған ғимараттардың құрылыс материалдарын бұзып алу;
Мал азығын және отын дайындау;
Малды қолдан ұрықтандару жұмыстарын жүргізу;
Малды жұқпалы ауруларға қарсы егуге, қан алуға жәрдемдесу;
Мәдени шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
Мекеме, ұйым, кәсіпорындарда іс-қағаздарын жүргізуге жәрдемдесу;
Мәдениет және демалыс парктерін тазалау және көркейту жұмыстары;
Мүгедек және ауру адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек әкеліп беру, мүгедек адамдармен, кемтар балалармен жұмыс жүргізу және медициналық сараптау комиссиясына жәрдемдесу;
Мектеп жанындағы асханаларға қызмет көрсету;
Мекеме аумағында және кеңселерде тазалық жұмыстарын жүргізу;
Өз жекеменшік ат-түйе көлігін пайдаланып, тасымал жұмыстарына қатысу;
Спорт алаңын жөндеу, сырлау;
Тарихи ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру;
Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу;
Халық және мал санағын жүргізу;
Фитосанитария, орман ағаштарын сақтау және оларды өртеп, кесіп бүлдіруден қорғау жұмыстары.