Об утверждении инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 және 20-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы қоса беріліп отырған нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 72 қаулысының (мемлекеттік тіркеу Тізілімдегі нөмірі 3394, «За изобилие» 2005 жылғы 1 сәуірдегі, «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары мен тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы» әкімдіктің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 72 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 60 қаулысына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіркеу тізілімдегі нөмірі 9-13-04, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 31 наурыздағы № 10) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығы
Қарасу ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 4 ақпандағы
№ 26 қаулысымен
бекітілді
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығы
Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық ұйымдастыру тәртібі және ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізу үшін уакытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - азаматтардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша олармен орындалатың және әлеуметтік пайдалы бағдары бар, қызметкердің алдын-ала кәсіби даярлығын талап етпейтін жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылатын еңбек ету түрлері;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқарудың құзырының шегінде жүзеге асыратын аудан әкімі басқаратын алқалык атқарушы орган;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде «Халықты жұмыспен камту туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген адамдар тобы;
Тармақша 4
4) жұмыс беруші - жергілікті атқарушы органмен бекітілген тізбесін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беретін ұйым.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) қоғамдық жұмыстарды орындауға қызмет көрсету жөніндегі жұмыс берушімен келісім-шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру арқылы өткізіледі және жергілікті бюджет қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы орган, жергілікті бюджеттің қаражаттар есебінен ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға еңбек ақы төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалануын және жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраным мен ұсынысты белгілейді;
Тармақша 2
2) аймақтардағы ұйымдардың тізбесін қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемдерін нақты шарттарын, қатысушылардың еңбекақысының мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды ұйымдарға қоғамдық жұмыстарға жібереді.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары және көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың шарттары және көздері
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес ай сайын жүзеге асырылады және жұмыс берушімен орындалатын жұмыстын күрделілігі мен сапасына, санына байланысты болады.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысына жергілікті атқарушы органының шешімімен белгіленген мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қорына әлеуметгік аударымдарға және әлеуметтік салыққа жұмыс берушілердің шығыны жергілікті бюджеттің қаражаттардан өтеледі.
Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиісті жұмысақыларын және басқа да ақшалай төлемдерді банктің дебиттік төлем карточкаларының есепшоттарына немесе талап ету бойынша салымдар бойынша дербес есепшоттарына аудару мен төлеу жөніндегі екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақыларды төлеуге арналған шығыстары шартпен белгіленген мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттен өтеледі.
Бюджеттік қаражаттар жұмыс берушілердің есеп айырысу есепшоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға жергілікті бюджеттің қаражаттарынан төленетін еңбек ақыға заңнамамен белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен ақшалай түсімдерді қатаң мақсатты тағайындау бойынша қолданады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен еңбекақылары бойынша шығыстарды өтем үшін уәкілетті органына ай сайын жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісін, жұмыс уақытын есептеу тізімдігін, жұмыс ақыны есептеудің тізімдеме-есебін, орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан азаматтардың еңбекақысы нақты орындалған көлемі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді, денсаулыққа келтірілген зақым немесе басқа да зияндардың орнын толтыруды жұмыс беруші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.