Об организации оплачиваемых общественных работ Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын кәсіпорындардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің қаражаттар есебінен ең төмен жалақының 1,5 мөлшерінде қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбекақысы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыстарды пайдалансын.
Тармақ 4
4. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мыналарды жасасын:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен үлгілік шарттарды жасасу;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстардың түрлері мең көлемдерін есепке алу;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде осы қаулыны басшылыққа алу.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10