Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования и культуры, работающих в аульной (сельской) местности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі Қарасу аудандық мәслихаты сессиясының келісуіне енгізілсін.
Тармақ 3
3. «2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 195 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
Әкімдіктің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 28 қаулысына қосымша 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) бағу жөніндегі әлеуметтік жұмыскер.
Тармақ 2
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) барлық мамандықтағы мұғалімдері;
Тармақша 2
2) мектеп, шығармашылық үйінің, өнер мектебінің директоры;
Тармақша 3
3) балалар мектепке дейінгі мекеменін, мектеп жанындағы интернаттың, тұрғылықты орталықтың директоры (меңгерушісі);
Тармақша 4
4) дене тәрбиесінің басшысы;
Тармақша 5
5) алғашқы әскери даярлық басшысы;
Тармақша 6
6) оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі және қосымша білім берудің басқа да ұйымдары директордың орынбасары;
Тармақша 7
7) логопед;
Тармақша 8
8) әлеуметтік педагог;
Тармақша 9
9) педагог-ұйымдастырушы;
Тармақша 10
10) қосымша білім беру педагогы;
Тармақша 11
11) педагог-психолог;
Тармақша 12
12) аудармашы;
Тармақша 13
13) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
Тармақша 14
14) музакалық жетекші;
Тармақша 15
15) аға жетекші;
Тармақша 16
16) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 17
17) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
Тармақша 18
18) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
Тармақша 19
19) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 20
20) ага әдістемеші, әдістемеші;
Тармақша 21
21) өндірістік оқыту шебері;
Тармақша 22
22) аға шебері;
Тармақша 23
23) медициналық бике;
Тармақша 24
24) кітапханашы;
Тармақша 25
25) кітапхана меңгерушісі;
Тармақша 26
26) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.
Тармақ 3
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
Тармақша 2
2) бөлімше басшысы;
Тармақша 3
3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
Тармақша 4
4) сектордың, бөлімнің, қор қоймысының меңгерушісі;
Тармақша 5
5) сектор, халық ұжымының басшысы;
Тармақша 6
6) суретші-ресімдеуші, қоюшы суретші;
Тармақша 7
7) бейне-дыбыс ресімдеу жөніндегі маман;
Тармақша 8
8) кітапханашы, аға кітапханашы, библиограф;
Тармақша 9
9) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 10
10) аккомпаниатор;
Тармақша 11
11) көркем басшысы;
Тармақша 12
12) хореограф;
Тармақша 13
13) әдіскер, аға әдіскер, жетекші әдіскер, нұсқаушы-әдіскер.