Лесной кодекс Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Орман Кодексi
Бөлім 1. Бірінші бөлім
Жалпы ережелер
Бірінші бөлім
Жалпы ережелер
Тарау i. I тарау. Негiзгi ережелер
I тарау. Негiзгi ережелер
Бап 1. 1-бап. Орман заңдарының мiндеттерi
1-бап. Орман заңдарының мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы орман заңдарының мiндеттерi ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етiп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсiру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөнiндегi қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Тармақ 2
2. Орман қатынастарын реттеу орман биосфераның, ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды бөлiктерiнiң бiрi екенi, оның жай-күйi Жер бетiндегi тiршiлiк жағдайын айқындайтыны негiзге алына отырып, жүзеге асырылады.
Бап 2. 2-бап. Орман заңдары
2-бап. Орман заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында орман қатынастары осы Кодекспен, соған сәйкес шығарылатын Қазақстан Республикасының заңдарымен және басқа да нормативтi актiлерiмен реттеледi.
Тармақ 2
2. Жер және су қатынастары, сондай-ақ өсiмдiктер (ормандардан басқа) және жануарлар дүниесiн, жер қойнауын, атмосфералық ауаны сақтау және пайдалану жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
Бап 3. 3-бап. Орман қоры
3-бап. Орман қоры
Тармақ 1
1. Барлық ормандар, сондай-ақ орман ағаштары өспейтiн, бiрақ орман шаруашылығының мұқтажы үшiн берiлген жерлер Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының орман қорына мыналар кiрмейдi:
Тармақша 1
1) ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерде өскен жеке түп ағаштар мен шоқ ағаштар, аграрлық-орман мелиоративтiк екпелер, тал-шiлiк өсiмдiктер;
Тармақша 2
2) темiр жолға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырлар мен басқа да арналы құрылыстарға бөлiнген белдеулердегi қорғаныш екпелерi;
Тармақша 3
3) қалалық ормандардан басқа, қалалар мен басқа да елдi мекендердегi жеке түп ағаштар мен көгалдандыру екпелерi;
Тармақша 4
4) үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелерiндегi жеке түп ағаштар мен шоқ ағаштар;
Тармақша 5
5) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер.
Аталған екпелердi пайдалану, оларды сақтау мен күту басқа заң актiлерiмен реттеледi.
Бап 4. 4-бап. Орман қорының жерлерi
4-бап. Орман қорының жерлерi
Тармақ 1
1. Орман қоры жерлерi құрамында мынадай жерлерге бөлiнедi:
орманды жерлер (ағаш өскен, сондай-ақ ағаш өспеген - ағашы кесiлген жерлер, өртең жерлер, ағашы селдiр жерлер, алаңқай жерлер, бос жерлер, тұтаспаған орман дақылдары және басқалары);
ормансыз жерлер (ауыл шаруашылығының пайдаланатын жерлерi, жолдар, кварталдық орман жолдары, өртке қарсы жарма жерлер және басқалары).
Тармақ 2
2. Орман қоры жерлерiнiң шекарасы орман орналастыру материалдары негiзiнде жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзген кезде белгiленедi және анықталады.
Бап 5. 5-бап. Ормандарға меншiк
5-бап. Ормандарға меншiк
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында ормандар тек қана республика меншiгiнде болады.
Тармақ 2
2. Ормандарды иеленудi, жұмсауды және пайдалануды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi тiкелей немесе халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi арқылы, Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары және орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар осы Кодекс белгiлеген құзыреттер шегiнде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Орман қоры учаскелерiн пайдалануға беру және орманға меншiк құқығын iске асыру жөнiндегi басқа да әрекеттер жасау орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдардың мiндеттi түрде қатысуы жағдайында жүзеге асырылады.
Бап 6. 6-бап. Орман қоры учаскелерiне иелiк ету
6-бап. Орман қоры учаскелерiне иелiк ету
Тармақ 1
1. Орман қоры учаскелерi тұрақты иелiк етуге мемлекеттiк орман шаруашылығы кәсiпорындарына, мекемелерi мен ұйымдарына, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорықтарға, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерге және мемлекеттiк табиғи парктерге орман шаруашылығын жүргiзу үшiн берiледi.
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман қорының учаскелерi басқа да заңды ұйымдар мен нақты адамдар иелiгiне берілуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Орман қоры учаскелерiн иелiк етуге берудi Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органының ұсынысы бойынша жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Орман қорының учаскелерiне иелiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес берiлетiн мемлекеттiк актiмен куәландырылады.
Бап 7. 7-бап. Орман қоры учаскелерi иелерiнiң құқықтары
7-бап. Орман қоры учаскелерi иелерiнiң құқықтары
Орман қоры учаскелерiнiң иелерi:
Тармақша 1
1) орман пайдалануды және өзге де шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) өздерiнiң иелiгiндегi орман қорының жерлерiндегi жердi, суды, жалпыға мәлiм пайдалы қазбаларды, жануарлар дүниесiн және табиғаттың өзге де объектiлерiн белгiленген тәртiппен пайдалануға;
Тармақша 3
3) жобалық және техникалық құжаттамаларға сәйкес орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажет үйлер мен құрылыстар салуға;
Тармақша 4
4) өздерi әзiрлеген өнiмдi және оны өткiзуден алынған табысты меншiктеуге;
Тармақша 5
5) ағаш кесу билеттерiн, ордерлерiн немесе орман билеттерiн бере отырып, бұл үшiн бөлiнген учаскелерде заңды ұйымдар мен нақты адамдардың орман пайдалануына және басқа шаруашылық қызметiн жүзеге асыруына құқық беруге;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн орман қоры жерлерiн алып қою, сондай-ақ орман өсiмдiктерi үшiн залалды заттар бөлетiн объектiлердi салу мен пайдаланудан туатын ормандар сапасының нашарлауы салдарынан шеккен зияндар көлемiн толық өтеуге құқылы.
Бап 8. 8-бап. Орман қоры учаскелерi иелерiнiң мiндеттерi
8-бап. Орман қоры учаскелерi иелерiнiң мiндеттерi
Орман қоры учаскелерiнiң иелерi:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығын қолданылып жүрген орман заңдарына және орман шаруашылығы қызметiн реттейтiн басқа нормативтiк құжаттарға, сондай-ақ орман орналастыру құжаттамаларына сәйкес жүргiзуге;
Тармақша 2
2) ормандарды ұдайы ұлғайта өсiрудi, сақтауды, қорғауды, санитарлық жай-күйiн жақсартуды, оларды күтiп-баптауды, ормандардың өнiмдiлiгi мен орман топырағының құнарлылығын арттыруды, орман пайдалану iсiн ұйымдастыруды, орман орналастыруды жүргiзудi, ормандар мен аңшылық жануарлар дүниесiн есепке алуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) орман қорының ресурстық қуатын ғылыми негiзделген нормалар шегiнде пайдалануға;
Тармақша 4
4) жұмысты орманның табиғи ортаны туғызатын және табиғи ортаны қорғайтын қызметтерiн сақтауды, сондай-ақ екпе ағаштарды, емдiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы әдiс-тәсiлдермен жүргiзуге, ормандарды, жануарлар дүниесiн ұтымды пайдалану, ұлғайта өсiру, сақтау және қорғау жөнiндегi осы Кодексте, Қазақстан Республикасының басқа да заңдық және нормативтiк актiлерiнде көзделген өзге де талаптарды орындауға;
Тармақша 5
5) орман қоры аумағын өртке қарсы және санитарлық жағынан оңтайлы орналастыруды қамтамасыз етуге, ормандарда өрт қауiпсiздiгi, орман пайдалануды жүзеге асыру ережелерiн бұзудың, сондай-ақ орман заңдарын басқа да бұзушылықтардың алдын алуға, оларды дер мезгiлiнде айғақтап, тыйып отыруға, орман өрттерiн сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресу жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
Бап 9. 9-бап. Орман қорының учаскелерiн иелену құқығын доғару
9-бап. Орман қорының учаскелерiн иелену құқығын доғару
Тармақ 1
1. Орман қорының учаскелерiн иелену құқығы мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) иелiктен өз еркiмен бас тартқанда;
Тармақша 2
2) орман қорының учаскелерi иелiгiнде болған кәсiпорын немесе өзге шаруашылық қызмет субъектiсi қызметiн тоқтатқанда;
Тармақша 3
3) орман қорының жерлерiн мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн белгiленген тәртiп бойынша алып қойғанда;
Тармақша 4
4) орман қорының учаскелерiн мақсатына қарай пайдаланбағанда;
Тармақша 5
5) орман шаруашылығын тиімсіз жүргізу салдарынан ормандардың жай-күйiнiң нашарлауына, олардың суды сақтау, қорғау, климатты реттеу, сауықтыру және өзге де пайдалы қасиеттерiн төмендетуге, орманды нашар сақтауға әкеліп соқтырғанда доғарылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорының учаскелерiн иелену құқығын доғарудың басқа да жағдайлары көзделуi мүмкiн.
Тарау ii. II тарау. Халық депутаттары кеңестерiнiң орман қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
II тарау. Халық депутаттары кеңестерiнiң орман қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң құзыретi
10-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң құзыретi
Орман қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына:
Тармақша 1
1) орманға меншiк құқығын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының орман заңдарын әзiрлеу мен жетiлдiру;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк орман саясатын айқындау;
Тармақша 4
4) орман ресурстары үшiн ақы төлеу принциптерiн белгiлеу;
Тармақша 5
5) республика облыстарының арасында орман қатынастарын реттеу;
Тармақша 6
6) орман заңдарын сақтауды бақылау жатады.
Бап 11. 11-бап. Халық депутаттары облыстық Кеңесiнiң құзыретi
11-бап. Халық депутаттары облыстық Кеңесiнiң құзыретi
Облыстың әкiмшiлiк шекарасында халық депутаттары облыстық Кеңесiнiң қарауына:
Тармақша 1
1) облыс халық шаруашылығы салаларының жалпы кешенiнде орман шаруашылығын дамыту бағдарламалары мен жоспарларын бекiту;
Тармақша 2
2) қосалқы орман материалдары мен орманды жанама пайдаланғаны үшiн ақы мөлшерлерiн белгiлеу;
Тармақша 3
3) орман шаруашылығын жүргiзудi бақылау жатады.
Бап 12. 12-бап. Халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңесiнiң құзыретi
12-бап. Халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңесiнiң құзыретi
Ауданның, қаланың әкiмшiлiк шекарасында халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңесiнiң қарауына:
Тармақша 1
1) аудан халық шаруашылығы салаларының жалпы кешенiнде орман шаруашылығын дамытудың бағдарламалары мен жоспарларын бекiту;
Тармақша 2
2) орман шаруашылығын жүргiзудi бақылау жатады.
Тарау iii. III тарау. Ормандарды мемлекеттiк басқару және олардың жай-күйiн, ұлғайта өсiрiлуiн, сақталуын, қорғалуы мен пайдаланылуын бақылау
III тарау. Ормандарды мемлекеттiк басқару және олардың жай-күйiн, ұлғайта өсiрiлуiн, сақталуын, қорғалуы мен пайдаланылуын бақылау
Бап 13. 13-бап. Орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару
13-бап. Орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару
Қазақстан Республикасы аумағында орман шаруашылығын жүргiзу және орман ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары, орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттiк органдары жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
14-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк орман саясатын iске асыру;
Тармақша 2
2) ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызу және оларды бiр топтан немесе категориядан басқасына көшiру;
Тармақша 3
3) орман пайдаланудың, өсiп тұрған ағашты босатудың, ағаш кесудiң, ормандарды ұлғайта өсiрудiң, сақтау мен қорғаудың нормаларын, нормативтерi мен ережелерiн бекiту;
Тармақша 4
4) басқа да табиғат сақтау шараларының кешенiнде ормандарды ұтымды пайдалану, ұлғайта өсiру, сақтау мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды бекiту және олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 5
5) орман мониторингiн, орман қорының мемлекеттiк орман кадастры мен мемлекеттiк есебiн жүргiзудi ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) орман шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң құзыретiне жатпайтын басқа мәселелер бойынша орман қатынастарын реттеу жатады.
Бап 15. 15-бап. Жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының құзыретi
15-бап. Жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының құзыретi
Тармақ 1
1. Облыстық әкiмшiлiк шекарасында облыстық атқарушы өкiмет органының қарауына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарының келiсiмiмен орман қорынан жер учаскелерiн алу;
Тармақша 2
2) орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша орман шаруашылығын ұйымдастыру мен дамыту жобаларын келiсу;
Тармақша 3
3) орман кадастрын, мониторингiн және орман қоры есебiн жүргiзудi ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) ормандарды қорғаныш болудың топтары мен категорияларына жатқызу жөнiнде өтiнiш салу;
Тармақша 5
5) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес облыс аудандары арасында орман қоры жерлерiнен шабындық және жайылымдық шүйгiн жерлердi бөлу;
Тармақша 6
6) ормандарды сақтау мен қорғау шараларын орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) ормандардың жай-күйiн, ұлғайта өсiрiлуiн, сақталуын, қорғалуын және пайдаланылуын бақылау жатады.
Тармақ 2
2. Ауданның, қаланың әкiмшiлiк шекарасында аудандық, қалалық атқарушы өкiмет органының қарауына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органның келiсiмiмен орман қорынан жер учаскелерiн алу және орман шаруашылығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн иеленуге және пайдалануға беру;
Тармақша 2
2) орман қоры учаскелерiн иелену құқығына мемлекеттiк актiлердi беру;
Тармақша 3
3) ормандарды сақтау және оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес орман қоры жерлерiнен шабындық және жайылымдық шүйгiн жерлер бөлу;
Тармақша 5
5) ормандардың жай-күйiн, ұлғайта өсiрiлуiн, сақталуын, қорғалуын және пайдаланылуын бақылау жатады.
Бап 16. 16-бап. Орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдардың құзыретi
16-бап. Орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдардың құзыретi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органның қарауына:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық саясатты жүргiзу;
Тармақша 2
2) орман ұлғайта өсiру, сақтау, қорғау және пайдалану саласындағы нормативтiк құжаттарды әзiрлеу;
Тармақша 3
3) орман шаруашылығын дамытудың республикалық бағдарламаларын әзiрлеу мен оны орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) табиғатты үздiксiз әрi сарқылмастай пайдалану принциптерi негiзiнде орман шаруашылығын жүргiзудi, орман ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырып, жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) есепке алынған ағаш кесетiн жердi бекiту;
Тармақша 7
7) орман шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер мен жобалық-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) орман мониторингiн, мемлекеттiк орман кадастрын, ормандар мен орман орналастырудың мемлекеттiк есебiн жүргiзу;
Тармақша 9
9) егер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатпайтын болса, орман шаруашылығын басқару жөнiндегi басқа да мәселелердi шешу жатады.
Тармақ 2
2. Облыс аумағында облыстық орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органның қарауына:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) орман шаруашылығын жүргiзу жөнiндегi ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) орман шаруашылығын дамытудың бағдарламаларын әзiрлеу мен орындау;
Тармақша 5
5) орман мониторингiн, мемлекеттiк орман кадастрын, орман қорының, орман орналастыру мен орман шаруашылығын жобалаудың мемлекеттiк есебiн жүргiзу;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк орман шаруашылығы кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының орман шаруашылығы қызметi нәтижесiнде аяқталған объектiлердi және өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк орган анықтайтын орман шаруашылығын басқару жөнiндегi басқа мәселелердi шешу жатады.
Тармақ 3
3. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар шешiмдерi барлық орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың орындауы үшiн мiндеттi болады.
Тармақ 4
4. Орман шаруашылығын басқару саласындағы мемлекеттiк орман шаруашылығы кәсiпорнының, мекеме мен ұйымының құзыретi белгiленген тәртiпте бекiтiлетiн олардың қызметi туралы Ережемен анықталады.
Бап 17. 17-бап. Ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау
17-бап. Ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау
Тармақ 1
1. Ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде арнайы өкiлеттiгi бар Қазақстан Республикасының өзге де органдары жүзеге асырады және орман заңдарының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген өзге де нормалар мен ережелердi сақтауын қамтамасыз етудi өзiнiң мiндетi деп бiледi.
Тармақ 2
2. Ормандардың жай-күйiне, ұлғайта өсiрiлуiне, сақталуына, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бөлім 2. Екiншi бөлiм Орман шаруашылығын ұйымдастыру
Екiншi бөлiм Орман шаруашылығын ұйымдастыру
Тарау iv. IV тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негiздерi
IV тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негiздерi
Бап 18. 18-бап. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негiздерi
18-бап. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негiздерi
Орман шаруашылығын ұйымдастыруға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу;
Тармақша 2
2) ормандарда ағаштың толысу мерзiмiн және кесу айналымын белгiлеу;
Тармақша 3
3) ормандарда ағаш кесу және орман ресурстарын ұлғайта өсiру жүйелерiн белгiлеу;
Тармақша 4
4) ормандарды пайдалану нормаларын белгiлеу;
Тармақша 5
5) ормандарды сақтау мен қорғау жөнiндегi шараларды белгiлеу;
Тармақша 6
6) өзге де ұйымдық-техникалық және құқылық шаралар.
Бап 19. 19-бап. Ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу
19-бап. Ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу
Қазақстан Республикасындағы барлық орман қорғаныштық орман болып табылады. Олардың атқаратын экологиялық, генетикалық, әлеуметтiк-экономикалық қызметтерi мен орналасқан жерлерiне қарай ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу белгiленедi. Қазақстан Республикасында ормандар бiрiншi және екiншi топтарға бөлiнедi.
Бап 20. 20-бап. Бiрiншi топтағы ормандар
20-бап. Бiрiншi топтағы ормандар
Бiрiншi топқа төмендегiдей қорғаныш категорияларындағы көбiнесе мынадай қызмет атқаратын ормандар жатқызылады:
Тармақша 1
1) су қорғайтын ормандар (өзен, көл, бөген және басқа да су тоғандары жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi);
Тармақша 2
2) қорғаныш ормандар (эрозияға қарсы қорғаныш ормандары, темiр жолдардың, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы қорғаныш орман белдеулерi, мемлекеттiк қорғаныш орман белдеулерi, айналадағы ортаны қорғау үшiн айрықша маңызы бар орманды жалдар, далалық тоғайлар мен сай-саладағы ормандар, шөл, шөлейт, далалық, орманды-далалық және ағашы сирек таулы аудандардағы ормандар);
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық және сауықтыру ормандары (қала ормандары мен орманды парктер, қалалардың, басқа да елдi мекендер мен өнеркәсiп орындарының төңiрегiндегi жасыл аймақты ормандар, сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарының бiрiншi және екiншi белдеулерiндегi ормандар мен курорттарды санитарлық қорғау өңiрлерiндегi ормандар);
Тармақша 4
4) мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк биосфералық қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiнiң ормандары, ерекше құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарының ормандары, жемiс-ағаш екпелерi, биiк таудағы ормандар.
Бап 21. 21-бап. Екiншi топтағы ормандар
21-бап. Екiншi топтағы ормандар
Екiншi топқа таулы аудандағы пайдалану маңызы шектеулi ормандар жатқызылады, олардың табиғат қорғау қызметiн сақтау үшiн орман пайдаланудың шектеулi тәртiбi талап етiледi.
Бап 22. 22-бап. Ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызу, ормандарды қорғаныштық бiр топтан немесе категориядан басқа топқа немесе категорияға көшiру, сондай-ақ ерекше қорғаныш учаскелерiн бөлу
22-бап. Ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызу, ормандарды қорғаныштық бiр топтан немесе категориядан басқа топқа немесе категорияға көшiру, сондай-ақ ерекше қорғаныш учаскелерiн бөлу
Тармақ 1
1. Ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызу, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе шектелетiн ерекше қорғаныш учаскелерiн бөлу ормандардың экологиялық, генетикалық және әлеуметтiк-экономикалық маңызына сүйене отырып жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызуды, сондай-ақ оларды бiр топтан немесе категориядан басқа топқа немесе категорияға көшiрудi Қазақстан Республикасының Үкiметi жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Барлық қорғаныш топтары мен категориялары бар ормандарда орман пайдаланудың шектеулi тәртiбi бар ерекше қорғаныш учаскелерi бөлiнуi мүмкiн.
Орманның ерекше қорғаныш учаскелерi басты мақсатта пайдалану ретiндегi ағаш кесу ережелерiне сәйкес орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер кезiнде бөлiнедi.
Бап 23. 23-бап. Ормандарда ағаштың толысу мерзiмiн және басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу айналымын белгiлеу
23-бап. Ормандарда ағаштың толысу мерзiмiн және басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу айналымын белгiлеу
Ормандарда ағаштың толысу мерзiмi және басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу айналымы оның пайдалану мақсатына, ағаш тұқымдары өсiп-жетiлуiнiң биологиялық ерекшелiктерiне, сондай-ақ ағашы кесiлген орманның қалпына келу мерзiмiне сүйене отырып айқындалады және оны арнайы ғылыми зерттеулердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы белгiлейдi.
Бап 24. 24-бап. Есептi кеспеағаш
24-бап. Есептi кеспеағаш
Тармақ 1
1. Есептi кеспеағашты - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiндегi жыл сайынғы ағаш дайындау нормасын - орман орналастыру кезiнде орманды үздiксiз және сарқылмастай пайдалану принциптерiне сүйене отырып, орман иелiгiнiң әрқайсысы бойынша ұзақ мерзiмге арнап белгiлейдi. Аудан, облыс пен республика бойынша ол орман иелiктерiнiң есептi кеспеағаштарының жиынтығы ретiнде белгiленедi.
Тармақ 2
2. Есептi кеспеағашты Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы облыстық атқарушы өкiмет органымен, табиғатты сақтаудың мемлекеттiк органдарымен келiсе отырып бекiтедi және орман орналастыру жұмыстары аяқталатын жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарында күшiне енедi.
Тармақ 3
3. Орман қорының шекарасы мен жай-күйi, басты мақсатта пайдалану үшiн кесiлетiн ағаштың толысу мерзiмi, ормандардың топтары мен қорғаныш категориялары өзгерген кезде есептi кеспеағашқа түзету енгiзiледi. Түзету енгiзiлген есептi кеспеағашты белгiлеу мен бекiту осы баптың бiрiншi және екiншi тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Бап 25. 25-бап. Орманды жер учаскелерiн мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн алу кезiнде орманды пайдалану тәртiбi
25-бап. Орманды жер учаскелерiн мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн алу кезiнде орманды пайдалану тәртiбi
Тармақ 1
1. Орманды жер учаскелерiн мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн алу кезiнде оларды алу жөнiнде шешiм қабылдаған мемлекеттiк органдар сонымен бiр мезгiлде орманды сақтау немесе кесу туралы және орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар ұсыныстары негiзiнде осы орайда алынған сүректi пайдалану тәртiбi туралы мәселенi шешедi.
Тармақ 2
2. Ағашты кесу құқығы жоқ жер учаскелерi берiлетiн заңды ұйымдар мен нақты адамдар орманның сақталуын және оны күтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Бап 26. 26-бап. Орманды жерлердi ормансыз жерлерге айналдыру
26-бап. Орманды жерлердi ормансыз жерлерге айналдыру
Тармақ 1
1. Орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдалануды жүзеге асырумен байланысты мақсатта пайдалану үшiн орманды жерлердi ормансыз жерлерге айналдыруды орман орналастыру жобаларына сәйкес облыстық орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк орган жүргiзедi.
Ағаш өспеген жерлер (алаңқайлар мен бос жатқан жерлер) топырақ құрамын зерттеу материалдары бойынша олар ағаш өсiруге жарамсыз деп табылған жағдайларда ормансыз жерлерге айналдырылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдалануды жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн орманды жерлердi ормансыз жерлерге айналдыруды ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен жүргiзедi.
Бап 27. 27-бап. Ормандардың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, ғимараттар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру
27-бап. Ормандардың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, ғимараттар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру
Тармақ 1
1. Ормандардың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, ғимараттар мен басқа объектiлердi орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ жаңа технологиялық процестердi енгiзу кезiнде ормандарға терiс әсер ететiн сарқынды судан, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық шайындылардан, қалдықтардан және қоқыстардан ормандарды сақтауды қамтамасыз ететiн шараларды көздеуге, жүзеге асыруға тиiс.
Тармақ 2
2. Ормандардың жай-күйiне зиянды әсердiң алдын алатын құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, цехтарды, көлiк жолдарын және басқа объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.
Бап 28. 28-бап. Орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес объектiлер салу мен ормандарда жұмыс жүргiзу орындарын келiсу
28-бап. Орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес объектiлер салу мен ормандарда жұмыс жүргiзу орындарын келiсу
Тармақ 1
1. Ормандардың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа объектiлердi салу орнын анықтау мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындылары негiзiнде жүргiзiлiп, атқарушы өкiмет органдарымен, орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiледi.
Тармақ 2
2. Орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдалануды жүзеге асырумен байланысты емес орман қорында пайдалы қазбаларды өндiру, кабельдер, труба құбырларын және басқа да қатынас жолдарын төсеу, жару, бұрғылау және басқа жұмыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атқарушы өкiмет органдарымен, орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдармен және басқа мүдделi органдармен келiсiм бойынша жүргiзiледi.
Бөлім 3. Үшiншi бөлiм Орман пайдалану
Үшiншi бөлiм Орман пайдалану
Тарау v. V тарау. Орман пайдаланудың түрлерi, мерзiмдерi және орман қоры учаскелерiн пайдалануға беру
V тарау. Орман пайдаланудың түрлерi, мерзiмдерi және орман қоры учаскелерiн пайдалануға беру
Бап 29. 29-бап. Орман пайдалану түрлерi
29-бап. Орман пайдалану түрлерi
Орман қорында орман пайдаланудың мынадай түрлерi жүзеге асырылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) сүрек дайындау;
Тармақша 2
2) шайыр дайындау;
Тармақша 3
3) қосымша ағаш материалдарын (қабықтар, ағаш көктерiн және басқаларын) дайындау;
Тармақша 4
4) ағаш шырындарын дайындау;
Тармақша 5
5) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, дәрулiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да орман тағам өнiмдерiн дайындау мен жинау, ара ұялары мен омарта орналастыру);
Тармақша 6
6) орманды мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану;
Тармақша 7
7) аңшылық шаруашылықтарының мұқтаждары үшiн орман қоры учаскелерiн пайдалану.
Бап 30. 30-бап. Орман пайдалану мерзiмдерi
30-бап. Орман пайдалану мерзiмдерi
Орман қорының пiшен шабу мен мал жаюға арналғаннан басқа учаскелерi бiр жылға дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмдi және 50 жылға дейiн ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Белгiленген мерзiм өткен соң ұзақ мерзiмдi пайдалану орман пайдаланушының ынтасы бойынша ұзартылуы мүмкiн.
Бап 31. 31-бап. Орман қоры учаскелерiн пайдалануға беру
31-бап. Орман қоры учаскелерiн пайдалануға беру
Тармақ 1
1. Орман қорының учаскелерi арнайы рұқсат құжаттарының: лицензияның ағаш кесу билетiнiң, ордердiң, орман билетiнiң негiзiнде пайдалануға берiледi.
Лицензия оны иеленушiнiң орман қоры учаскесiн ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Ағаш кесу билетi, ордер, орман билетi бұларды иеленушiнiң орман ресурстарын немесе орман қоры учаскелерiн қысқа мерзiмдi пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар болып табылады.
Тармақ 2
2. Лицензия, ағаш кесу билетi, ордер, орман билетi осы Кодекстiң 39-бабында көзделген жағдайларда күшiн жоюы мүмкiн.
Бап 32. 32-бап. Орман пайдалануға берiлетiн лицензия
32-бап. Орман пайдалануға берiлетiн лицензия
Тармақ 1
1. Өзiне қоса берiлетiн келiсiмдермен бiрге лицензияда мыналар көрсетiлуге тиiс:
ағаш қоры учаске шекараларының сипаттамасы;
орман пайдаланулардың түрлерi, көлемдерi мен тәртiбi;
пайдаланудың мерзiмдерi;
орман пайдаланушының орман ресурстарын сақтау, қорғау, ұлғайта өсiру жөнiндегi мiндеттерi, орман шаруашылығы шараларын қаржыландырудың шарттары мен тәртiбi;
ақы мөлшерi және оны төлеу мерзiмдерi;
орман қорының сипаттамасы және лицензия мерзiмi өткеннен кейiнгi оның жай-күйiне қойылатын талаптар;
мемлекеттiк мұқтаждарға берiлетiн жеткiзiлiмдер көлемi.
Лицензия осы кодекске қайшы келмейтiн орман қорын пайдаланудың басқа да шарттарымен толықтырылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Лицензия Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiпте берiледi.
Бап 33. 33-бап. Ағаш кесу билетi, ордер және орман билетi
33-бап. Ағаш кесу билетi, ордер және орман билетi
Тармақ 1
1. Ағаш кесу билетi оны иеленушiге, сүректi, шайыр және қосалқы орман материалдарын дайындау мен тасып әкетудi жүргiзуге құқық беретiн құжат болып табылады. Ағаш кесу билетiнде босатылатын сүректiң, шайыр мен қосалқы орман материалдарының сандық әрi сапалық сипаттамасы, олардың құны, жұмысты атқару мерзiмдерi, орманды қалпына келтiру шарттары, дайындау орындарын тазарту, дайындама технологиясына қойылатын орман өсiрушiлiк талаптары туралы мәлiметтер болады.
Ағаш кесу билетiн орман қоры учаскесiнiң иесi бередi.
Тармақ 2
2. Дiңгек сүректi ұсақ мөлшерде босатуға берiлетiн ордер оны иеленушiге сүректi және қосалқы орман материалдарын дайындау мен тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.
Ордердi өзiне жазылып берiлген ағаш кесу билетi негiзiнде орманшылық бередi.
Тармақ 3
3. Орман билетi оны иеленушiге жанама пайдалануды жүргiзуге құқық беретiн құжат болып табылады. Онда учаскенiң шекарасы, жанама пайдалануды жүзеге асыру түрлерi, мөлшерi, мерзiмдерi, оны жүргiзудiң құны мен шарттары туралы мағлұматтар мазмұндалады.
Орман билетiн орман қоры учаскесiн иеленушi немесе орманшылық бiр маусымға бередi.
Бап 34. 34-бап. Орман қоры учаскелерiн жалға беру
34-бап. Орман қоры учаскелерiн жалға беру
Тармақ 1
1. Орман қорының мал жаю мен пiшен шабуға арналғаннан басқа учаскелерiн ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жалдау түрiнде жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Орман қоры учаскелерiн жалға берудi лицензия негiзiнде орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар жүргiзедi.
Орман қоры учаскелерiн қосалқы жалға беруге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Орман қоры учаскелерiн жалға беру туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Бап 35. 35-бап. Орман қорындағы шабындықтар мен жайылымдарды пайдалануға беру
35-бап. Орман қорындағы шабындықтар мен жайылымдарды пайдалануға беру
Тармақ 1
1. Орман қоры жерлерiнiң құрамына кiретiн және орман шаруашылығының мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын шабындықтар мен жайылымдарды жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, - егер мұндай пайдалану орман шаруашылығы мүдделерiне сай келсе, - үш жылға дейiнгi қысқа мерзiмдi және он жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi, ал алыстағы мал шаруашылығы үшiн 25 жылға дейiн пайдалануға бередi.
Тармақ 2
2. Пайдаланушы Орман қорында пiшен шабу мен мал жаю ережелерiн бұзған жағдайда, сондай-ақ орманды қалпына келтiру және ағаш өсiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қажет болған ретте орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарының ұсынысы бойынша жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының шешiмiмен бұл жерлер пайдаланудан алынуы мүмкiн.
Бап 36. 36-бап. Орман пайдаланушылар
36-бап. Орман пайдаланушылар
Қазақстан Республикасында заңды ұйымдар мен нақты адамдар, соның iшiнде шетелдiк адамдар орман пайдаланушылар бола алады.
Бап 37. 37-бап. Орман пайдаланушылардың құқықтары
37-бап. Орман пайдаланушылардың құқықтары
Тармақ 1
1. Орман пайдаланушылардың:
Тармақша 1
1) рұқсат етiлген құжаттарда көрсетiлген көлемде орман пайдалануларын жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) жол салуға, орман өнiмдерiн жинау үшiн алаң жабдықтауға, өндiрiстiк, шаруашылық және әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы құрылыстар салуға, сүрек және басқа орман өнiмiн ұқсату үшiн жабдықтар мен құрылғылар орнатуға, олардың орналасу орнын орман иеленушiлермен келiсе отырып, көлiк тұрақтарын жасауға;
Тармақша 3
3) орман топтарының немесе қорғаныш категорияларының өзгеруi, сондай-ақ орман қоры жерiнiң мемлекеттiк және қоғамдық мұқтаждар үшiн алынуы салдарынан шеккен зиянның орнын толтыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Бап 38. 38-бап. Орман пайдаланушылардың мiндеттерi
38-бап. Орман пайдаланушылардың мiндеттерi
Орман пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) жұмыстарды ормандардың, басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйi мен ұлғайта өсiрiлуiне орман пайдаланудың терiс әсерiн болдырмайтын әдiстермен жүргiзуге;
Тармақша 2
2) топырақ эрозиясының туындауына жол бермеуге;
Тармақша 3
3) санитарлық ережелердi, өрт қауiпсiздiгiн сақтауға, жұмыс орындарында өртке қарсы шараларды жүргiзуге, ал орман өрттерi шыға қалған жағдайларда оларды сөндiрудi жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) орман пайдалануды жануарлар әлемi мен олардың өмiр сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ететiн әдiстермен жүргiзуге;
Тармақша 5
5) ағаш кесетiн жерлердi кесiндi қалдықтарынан тазартуды жүргiзуге, орман пайдалану салдарынан өзi бұзған орман қоры учаскелерiн оларды тиiстi мақсат бойынша пайдалануға жарамды және рұқсат құжаттарында көрсетiлген күйге өз есебiнен қалпына келтiруге, ағаш кескен жерде, сондай-ақ өздерiнiң қызметi салдарынан орман жойылған немесе оталған жерлерде орманды қалпына келтiрудiң шартта көзделген шараларын жүргiзуге;
Тармақша 6
6) орман пайдаланғаны үшiн белгiленген мерзiмдерде ақы төлеуге;
Тармақша 7
7) орман заңдарында және орман пайдалану ережелерiнде көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.
Бап 39. 39-бап. Орман пайдалану құқығын өзгерту және тоқтату негiздерi
39-бап. Орман пайдалану құқығын өзгерту және тоқтату негiздерi
Тармақ 1
1. Орман пайдалану шарттарын өзгертуге мынадай жағдайларда жол берiледi:
Тармақша 1
1) өрттiң, дауылдың, зиянкестер мен аурулардан ағаштардың зақымдануының және орман пайдаланушыға байланысты емес басқа да факторлар салдарынан орман қоры жай-күйiнiң өзгеруi;
Тармақша 2
2) ормандарды бiр топтан екiншiсiне көшiру немесе қорғаныш категориясының өзгеруi;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн орман қоры жерлерiнiң бiр бөлiгiн алып қою;
Тармақша 4
4) рұқсат құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде орман қорының көзделген көлемде пайдаланылмауы.
Тармақ 2
2. Орманды пайдалану мынадай жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) орман пайдаланудан ерiктi түрде бас тарту;
Тармақша 2
2) орман пайдалану мерзiмiнiң аяқталуы;
Тармақша 3
3) орман қоры учаскесi пайдалануға берiлген кәсiпорын немесе шаруашылық қызметiнiң өзге субъектiсi таратылуы;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн орман қоры жерлерiнiң алып қойылуы;
Тармақша 5
5) орман пайдалануды орман пайдаланудың белгiленген тәртiбi мен ережелерiн бұза отырып жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) орман пайдалануды ормандардың жай-күйi мен ұлғайта өсiрiлуiне терiс әсер ететiн, олардың экологиялық қызметiн нашарлататын, сондай-ақ топырақ эрозиясын және басқа орны толмас процестердiң пайда болуына соқтыратын әдiстермен жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) орман пайдаланушының рұқсат құжаттарында көзделген мiндеттерiн орындамауы;
Тармақша 8
8) ормандарды рұқсат құжаттарында көзделген орман пайдалануды одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн қорғаныш топтары мен категорияларына жатқызу;
Тармақша 9
9) орман пайдаланғаны үшiн ақыны белгiленген мерзiмдерде төлемеу.
Тармақ 3
3. Орман қорын пайдалану құқығын доғаруды лицензияның, ағаш кесу билетiнiң, ордердiң, орман билетiнiң күшiн жою арқылы осы рұқсат құжаттарын берген органдар ресiмдейдi.
Орман пайдаланушы орман қорын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешiммен келiспеген жағдайда, ол сот тәртiбiнде оған шағымдана алады.
Бап 40. 40-бап. Орман қоры учаскелерiн пайдалануға беруден бас тарту
40-бап. Орман қоры учаскелерiн пайдалануға беруден бас тарту
Тармақ 1
1. Орман пайдалануларды жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы дәлелдердi өздерiне қойылатын талаптарға сәйкес бермеген жағдайларда орман қоры учаскелерiн пайдалануға беруден бас тартылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Бас тарту туралы шешiмге сот тәртiбiнде шағымдануға болады.
Бап 41. 41-бап. Орман қорғанышының жекелеген категорияларында орман пайдалануды шектеу
41-бап. Орман қорғанышының жекелеген категорияларында орман пайдалануды шектеу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорық және заказдық режимдегi ормандарында, орманды парктерде, қала ормандарында, жасыл аймақтардың орманды парк бөлiктерiнде, сумен жабдықтау көздерiн санитарлық сақтау аймақтары бiрiншi және екiншi белдеулерiнiң ормандары мен курорттарында, санитарлық сақтау округтерi бiрiншi және екiншi аймақтарының ормандарында, мемлекеттiк орман белдеулерiнде, эрозияға, қарсы ормандарда, ерекше құнды орман алаптарында, өзендер, көлдер мен су қоймалары және басқа да су объектiлерi бойындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде (су жайылатын жерлердегi жапырақты ағаштардан басқалар), сондай-ақ ерекше қорғалатын учаскелерде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және ағаш кесудiң басқа түрлерiне, осы Кодекстiң 45-бабында айтылған жағдайлардан басқасында, сондай-ақ шайыр, қосалқы орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (шаруашылық қызмет режимi реттелетiн, шектелген және дәстүрлер шаруашылық қызметi аймақтарында)аймақтарында) мен жаңғақ кәсiпшiлiгi аймағының ормандарынан басқа, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ормандарда мал жаюға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк табиғи парктер (шаруашылық қызмет режимi реттелетiн, шектелген және дәстүрлер шаруашылық қызметi аймақтарында), жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары ормандарынан, жемiс ағаш екпелерiнен, өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа су объектiлерi жағалаулары бойындағы тыйым салынған орман белдеулерiнен басқа, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ормандарда орманның сүректiк емес өнiмдерiн кәсiпшiлiк дайындауға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Облыстық атқарушы өкiмет органы орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ормандарда орман пайдаланудың бұл ормандарды пайдалану мақсатымен сыйыспайтын басқа да түрлерiне тыйым салуы мүмкiн.
Бап 42. 42-бап. Азаматтардың ормандарда болуы
42-бап. Азаматтардың ормандарда болуы
Тармақ 1
1. Азаматтардың ормандарда болу тәртiбi мен шарты ормандардың қандай мақсатқа арналғанымен, көрiктендiру деңгейiмен және орман пайдалану түрiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Азаматтардың ормандарда тынығу, жабайы жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтар мен жидектердi жинау үшiн тегiн болуына құқығы бар.
Емдiк шикiзаттарды, өзге де орман өнiмдерiн жеке пайдалану үшiн тегiн жинауға жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары белгiлеген норма шегiнде рұқсат етiледi.
Тармақ 3
3. Өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, жемiс ағаш, ағаш тұқымы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерiне орай азаматтардың ормандарда болуына, жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер жинауына шек қойылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Азаматтар ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындыруға және шабуға, орман ағаштарының зақымдануына, орманның ластануына, құмырсқа илеуiнiң, құстар ұясының бұзылуына жол бермеуге, орманның тағамдық жабайы ресурстарын олардың ұлғайта өсiрiлуiне залалын тигiзбейтiн мерзiмде және әдiстермен жинауға мiндеттi.
Тарау vi. VI тарау. Сүрек дайындау
VI тарау. Сүрек дайындау
Бап 43. 43-бап. Ормандарда ағаш кесу
43-бап. Ормандарда ағаш кесу
Ормандарда сүрек дайындау ағаш кесудiң мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) толысқан және қураған сүрекдiңiнде жүргiзiлетiн басты мақсаттағы пайдалану;
Тармақша 2
2) аралық мақсатқа пайдалану (орманды күтiп-баптауға байланысты кесу, санитарлық мақсатта кесу және құндылығы шамалы орман ағаш екпелерiн жаңғыртуға байланысты кесу);
Тармақша 3
3) ағаштарды басқа мақсаттарда кесу (су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тартқан кезде, өртке қарсы алаңқайлар жасаған кезде орман алаңдарын тазарту).
Бап 44. 44-бап. Бiрiншi топтағы ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу
44-бап. Бiрiншi топтағы ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу
Бiрiншi топтағы ормандарда сүрекдiңнiң жай-күйiн, ормандардың экологиялық, су қорғаушылық, қорғаныштық, генетикалық, сауықтыру және басқа пайдалы табиғи қасиеттерiн жақсартуға бағытталған, сондай-ақ бұл орайда толысқан сүрек қорын ұтымды пайдалануға мүмкiндiк беретiн басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жүргiзiледi.
Бап 45. 45-бап. Екiншi топтағы ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу
45-бап. Екiншi топтағы ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу
Екiншi топтағы ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ормандарды шаруашылық жағынан құнды ағаш тұқымдарымен қалпына келтiруге, ормандардың қорғаныштық, су қорғаушылық, санитарлық-гигиеналық және басқа пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтауға бағытталған, сондай-ақ бұл орайда оларды пайдалануды жалғастыра беруге мүмкiндiк беретiн әдiстермен жүргiзiледi.
Бап 46. 46-бап. Жекелеген қорғаныш категорияларындағы ормандарда және таудағы ормандарда ағаш кесудiң ерекшелiктерi
46-бап. Жекелеген қорғаныш категорияларындағы ормандарда және таудағы ормандарда ағаш кесудiң ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң 41-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған қорғаныш категорияларындағы ормандарда орманды күтiп-баптау мақсатындағы ағаш кесуге және санитарлық мақсаттағы ағаш кесуге, ал өзендердiң, көлдердiң, су қоймалары мен өзге де су объектiлерiнiң жағалауындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде (су жайылған жерлердегi жапырақты ормандарда) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге жол берiледi.
Тармақ 2
2. Басқа да ағаш кесулер, сондай-ақ осы кодекстiң 41-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған қорғаныш категорияларындағы ормандарда шаруашылық құндылығы шамалы және қорғаныштық, су қорғаушылық және басқа да экологиялық қызметтерiн жоғалта бастаған ағаштарды жаңғыртуға байланысты ағаш кесулер орман шаруашылығын басқарушы облыстық мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
Бап 47. 47-бап. Сүрек дайындау тәртiбi
47-бап. Сүрек дайындау тәртiбi
Тармақ 1
1. Сүрек дайындау, орман пайдаланушыларға кеспеағаш қорын бөлу және беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ормандарда өсiп тұрған ағашты босатудың ережелерiмен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiнде сүрек дайындау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiне сәйкес, ал аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кескен кезде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы бекiткен Ормандарда күтiп-баптау мақсатындағы ағаш кесу жөнiндегi нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 48. 48-бап. Сүрек дайындау мөлшерi. Кеспеағаш қоры
48-бап. Сүрек дайындау мөлшерi. Кеспеағаш қоры
Тармақ 1
1. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiнде сүрек дайындау есептi кеспеағаш шегiнде жүзеге асырылады. Есептi кеспеағаш шегiнен артық мөлшердегi сүрек дайындауға, сондай-ақ өскелең екпелердi кесуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау мөлшерi орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң белгiленген нормасына, санитарлық ағаш кесу мен құны шамалы орман ағаштарын жаңғыртумен байланысты ағаш кесудiң қажеттi көлемiнде сүйене отырып, орман орналастыру материалдары бойынша, ал ағаштарды басқа мақсаттарда кесу кезiнде құрылыс объектiлерi үшiн орман алаңдарын тазарту, соқпақтар салу және басқа орман шаруашылық шараларын орындау жөнiндегi жұмыстардың көлемi бойынша айқындалады.
Тармақ 3
3. Кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан сүрекдiңдер қорынан құралады.
Жыл сайын бөлiнетiн кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректердi саралай отырып, орман топтары бойынша бөлек-бөлек белгiленедi.
Тарау vii. VII тарау. Шайыр дайындау
VII тарау. Шайыр дайындау
Бап 49. 49-бап. Шайыр дайындау
49-бап. Шайыр дайындау
Тармақ 1
1. Мiндеттi түрде шырын алу аймағындағы шайыр дайындау басты мақсатта пайдалану үшiн кесуге арналған барлық толысқан ағаштарда жүргiзiледi. Егер толысқан сүрекдiңде шырын алудың шикiзат базасы бiтсе, онда пiсiп-жетiлген ағаштардан шырын алуға жол берiледi, олар шырын алу мерзiмi аяқталуына қарай кесу жасына жетедi.
Тармақ 2
2. Ағаштарды шырын алудан мерзiмiнен бұрын алып қоюға олардың санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайларда ғана жол берiледi.
Тармақ 3
3. Шайыр дайындау Ережесiн, сондай-ақ қылқан жапырақты ағаштардан мiндеттi түрде шырын алудың аймағын Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы бекiтедi.
Тарау viii. VIII тарау. Қосымша орман материалдарын дайындау
VIII тарау. Қосымша орман материалдарын дайындау
Бап 50. 50-бап. Қосымша орман материалдарын дайындауға қойылатын жалпы талаптар
50-бап. Қосымша орман материалдарын дайындауға қойылатын жалпы талаптар
Өнеркәсiптiк ұқсату, орман кәсiпшiлiктерiн дамыту және халық мұқтажын қанағаттандыру үшiн қосымша орман материалдарын дайындау орманға залал келтiрмей жүзеге асырылуға тиiс.
Бап 51. 51-бап. Қабық және ағаш көгерiшiн дайындау
51-бап. Қабық және ағаш көгерiшiн дайындау
Тармақ 1
1. Қабық және ағаш көгерiшiн (қылқан жапырақтылар қылқаны мен жапырақты ағаш тұқымдарының бұтақтары) ағаш кесу тәртiбiмен шабылған ағаштардан ғана дайындауға жол берiледi.
Тармақ 2
2. Қабық және ағаш көгерiшiн дайындау мақсатымен өсiп тұрған ағаштардан кесуге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Қурап қалған және құлап жатқан ағаштардан қабық дайындау орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiле алады.
Тармақ 4. IХ тарау. Жанама мақсатта орман пайдалану
4. Өсiп тұрған ағаштардан бусоғар, сыпыртқы, тоқу материалдарын және сол сияқтыларды дайындауға Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы бекiткен Ормандарда басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiмен, сондай-ақ Қосымша орман материалдарын дайындау жөнiндегi ережелермен белгiленген тәртiпте жол берiледi.
IХ тарау. Жанама мақсатта орман пайдалану
Бап 52. 52-бап. Жанама мақсатта орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары
52-бап. Жанама мақсатта орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары
Жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, емдiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, ағаш шырынын дайындап, жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру орманды ортаға залал келтiрмей, Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы бекiтетiн Қазақстан Республикасындағы Жанама мақсатта орман пайдалану ережелерi белгiлеген тәртiпте және шарттармен жүзеге асырылуға тиiс.
Бап 53. 53-бап. Орман қорында пiшен шабу мен мал жаю
53-бап. Орман қорында пiшен шабу мен мал жаю
Тармақ 1
1. Шөп шабуға және мал жаюға мүмкiн болатын алаңды орман қоры учаскелерiнiң иелерi белгiлейдi. Шөлейттегi ормандарда мал жаюға осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес орман өсiмдiктерi өскен жерлерде жол берiледi.
Тармақ 2. Х тарау. Орманды мәдени-сауықтыру мен ғылыми-зерттеу мақсаттарында және аңшылық шаруашылығының мұқтаждарына пайдалану
2. Орман қорында шөп шабу және мал жаю ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Х тарау. Орманды мәдени-сауықтыру мен ғылыми-зерттеу мақсаттарында және аңшылық шаруашылығының мұқтаждарына пайдалану
Бап 54. 54-бап. Орманды мәдени-сауықтыру мақсаттарында пайдалану
54-бап. Орманды мәдени-сауықтыру мақсаттарында пайдалану
Тармақ 1
1. Халықтың тынығуын ұйымдастыру мақсатында жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары, орман қоры учаскелерiнiң иелерi, сондай-ақ олармен келiсе отырып, орман пайдаланушылар қала маңындағы аймақтардың сәулеттiк жоспарлары мен санитарлық талаптарын орындап, орманды орта мен табиғи ландшафты сақтауды ескере отырып қала ормандарында, жасыл аймақтарда және тынығу мақсатындағы басқа да ормандарда орман учаскелерiн көрiктендiру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөнiнде шаралар өткiзедi.
Тармақ 2
2. Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру мақсаттарында пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бап 55. 55-бап. Орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану
55-бап. Орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану
Тармақ 1
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн орман қорының иелерi учаскелер бередi, оларда орман пайдалануға шек қойылуы немесе толық тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бап 56. 56-бап. Орманды аңшылық шаруашылығының мұқтаждарына пайдалану
56-бап. Орманды аңшылық шаруашылығының мұқтаждарына пайдалану
Тармақ 1
1. Орман қорының учаскелерi аңшылық шаруашылығы мұқтаждары үшiн заңды ұйымдарға және нақты адамдарға берiледi.
Тармақ 2
2. Жануарлардың бағалы түрлерi мекендейтiн ормандарда сүрек дайындауға табиғат қорғау органдарымен келiсiм бойынша жол берiледi. Жануарлардың сирек ұшырасатын және жойыла бастаған түрлерiн құртуға немесе мекендеу ортасын бұзуға әкелiп соқтыратын сүрек дайындауға жол берiлмейдi.
Тармақ 3. ХI тарау. Қала ормандарына және шекаралық аймақта орман пайдалану ерекшелiктерi
3. Аңшылық шаруашылығы мұқтаждары үшiн орман қорын пайдаланудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi Заңдарымен белгiленедi.
ХI тарау. Қала ормандарына және шекаралық аймақта орман пайдалану ерекшелiктерi
Бап 57. 57-бап. Қала ормандарында орман пайдалану ерекшелiктерi
57-бап. Қала ормандарында орман пайдалану ерекшелiктерi
Қала ормандары ең алдымен мәдени-сауықтыру мақсаттарында және осы Кодекстiң 41-бабында белгiленген шарттар негiзiнде халықтың тынығуы үшiн пайдаланылады.
Бап 58. 58-бап. Шекаралық аймақта орман пайдалану ерекшелiктерi
58-бап. Шекаралық аймақта орман пайдалану ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Шекаралық аймақта орман пайдалану осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Тармақ 2. ХII тарау. Орман биоценоздарының гендiк қорын пайдалану. Өсiмдiктер мен жануарлар әлемiн интродукциялау
2. Шекаралық аймақта орман пайдалану ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы шекара әскерлерi командованиесiмен бiрлесе отырып белгiлейдi.
ХII тарау. Орман биоценоздарының гендiк қорын пайдалану. Өсiмдiктер мен жануарлар әлемiн интродукциялау
Бап 59. 59-бап. Орман биоценоздарының гендiк қорын пайдалану
59-бап. Орман биоценоздарының гендiк қорын пайдалану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы аумағында орман биоценоздарының гендiк қоры тек қана республиканың меншiгi болып табылады және өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң генетикалық резерваттарынан, жылылықты қажет ететiн екпелер мен ағаштардан және басқа селекциялық-генетикалық объектiлерден тұратын шектеулi пайдалану тәртiбiндегi жекелеген аймақтар түрiнде бөлiнедi.
Аталған аймақтарды ғылыми ұйымдар мен Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Орманның өсiмдiктер мен жануарлар әлемi гендiк қорының репродукциялық материалдарын басқа мемлекеттермен алмасу Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Бап 60. 60-бап. Орман өсiмдiктерi мен жануарлар әлемiн интродукциялау
60-бап. Орман өсiмдiктерi мен жануарлар әлемiн интродукциялау
Тармақ 1
1. Орман биоценоздарында өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерi мен формаларын қалпына келтiру және ұлғайта өсiру жергiлiктi өсiмдiктер мен жануарлар әлемiнiң таңдаулы өкiлдерiн реинтродукциялау жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Орман биоценоздарына интродукциялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясымен және Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясымен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
Бөлім 4. Төртiншi бөлiм Ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру
Төртiншi бөлiм Ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру
ХIII тарау. Ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру
Бап 61. 61-бап. Ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру жөнiндегi жұмысты жүргiзу
61-бап. Ормандарды қалпына келтiру және орман өсiру жөнiндегi жұмысты жүргiзу
Тармақ 1
1. Ағаш кесiлген жерлерде, өртеңдерде және басқа бұрынғы орман өскен алаңқайларда орманды қалпына келтiру жүзеге асырылады.
Орман қорының ағаш өсiруге жарамды деп табылған ормансыз алқаптарында аумақтың ағаш өсiруiн арттыру, эрозия процестерiн болдырмау және экологиялық жағдайды жақсарту мақсаттарында орман өсiру жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Орманды қалпына келтiру жұмыстары ағаш өсiру жағдайлары мен экономикалық тиiмдiлiгiн ескере отырып, шаруашылық тұрғысында бағалы ағаш тұқымдарынан неғұрлым қысқа мерзiмде жоғары өнiмдi әрi төзiмдi ормандар жасауды қамтамасыз ететiн экологиялық қолайлы әдiстермен жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Орманды қалпына келтiру және орман өсiру жөнiндегi жұмыстардың ауқымы орман орналастыру және басқа жобалау ұйымдарының экологиялық сараптамадан өткен материалдары бойынша белгiленедi.
Тармақ 4
4. Орманды қалпына келтiру және орман өсiру, ағаш тұқымдарын дайындау және екпе көшеттердi өсiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы және басқа кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жерлерiнде орман өсiру жөнiндегi жұмыстар арнаулы жобалау ұйымдары әзiрлеген жобалар бойынша жүзеге асырылады.
Бап 62. 62-бап. Ағаш дайындаушылардың ағаш кесiлген жерлерде орманды қалпына келтiру үшiн қолайлы жағдайларды сақтауға бағытталған талаптарды орындау жөнiндегi мiндеттерi
62-бап. Ағаш дайындаушылардың ағаш кесiлген жерлерде орманды қалпына келтiру үшiн қолайлы жағдайларды сақтауға бағытталған талаптарды орындау жөнiндегi мiндеттерi
Кеспеағаш орындарын әзiрлеу кезiнде ағаш дайындаушылар ағаш кесiлген жерлерде ормандарды қалпына келтiру үшiн қолайлы жағдайларды сақтауға бағытталған талаптарды орындауға, сондай-ақ ағаш тұқымы шикiзатын жинаудың жүргiзiп, оны орман қоры учаскелерiнiң иелерiне өткiзуге мiндеттi.
Бап 63. 63-бап. Жерлердi мемлекеттiк орман шаруашылық кәсiпорындарына, мекемелерi мен ұйымдарына беру
63-бап. Жерлердi мемлекеттiк орман шаруашылық кәсiпорындарына, мекемелерi мен ұйымдарына беру
Оңтайлы орман өсуiн, суаттардың жағалауларына ағаштың желектенуiн қамтамасыз ету үшiн және басқа қажеттi жағдайларда орман қоры жерiнiң құрамына өзге категориялардағы жерлер, ең алдымен ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз (сай-жыралар, құмдауыттар, азып-тозған жерлер және т.б.) жерлер, сондай-ақ мемлекеттiк жер қорының ағаш-бұталар басып кеткен жерлерi берiлуi мүмкiн. Аталған жерлердi беру Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бөлім 5. Бесiншi бөлiм Ормандарды сақтау және қорғау
Бесiншi бөлiм Ормандарды сақтау және қорғау
ХIV тарау. Ормандарды сақтау және қорғау
Бап 64. 64-бап. Ормандарды сақтау мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi
64-бап. Ормандарды сақтау мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында барлық ормандар сақталуға және қорғалуға жатады.
Тармақ 2
2. Ормандарды сақтау мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) орман өрттерiнiң алдын алу, оларды дер мезгiлiнде анықтау және сөндiру жөнiндегi шараларды жүргiзу;
Тармақша 2
2) орманда жұмыс iстейтiн барлық адамдардың және осында орналасқан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ орманда жүрген азаматтардың Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындауын бақылау;
Тармақша 3
3) ормандарды заңсыз кесуден, зақымдаудан, талан-таражға салудан және басқа орман талаптарын бұзудан сақтау, сондай-ақ орман қорының жерлерiн сақтау;
Тармақша 4
4) ағаш дайындаушылардың өсiп тұрған ағашты босату ережелерiн орындауын және орман пайдаланудың басқа түрлерiнiң ережелерiн сақтауын бақылау;
Тармақша 5
5) орманның зиянкес жәндiктерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау және оларға қарсы күрес;
Тармақша 6
6) орман қорының аумағында аңшылық ережелерiн сақтауға бақылау, браконьерлiкке қарсы күрес;
Тармақша 7
7) ормандардың сақталуын, қорғалуын, ұлғайта өсiрiлуi, мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер.
Тармақ 3
3. Ормандарды сақтау және қорғау республикалық, сондай-ақ жергiлiктi бағдарламалар негiзiнде жүргiзiледi.
Бап 65. 65-бап. Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдарының ормандардағы өртке, орманның зиянкес жәндiктерi мен ауруларына қарсы күресi жөнiндегi ерекше өкiлеттiктерi
65-бап. Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдарының ормандардағы өртке, орманның зиянкес жәндiктерi мен ауруларына қарсы күресi жөнiндегi ерекше өкiлеттiктерi
Жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары ормандарда өрт шығуының алдын алу, өртке, сондай-ақ орманның зиянкес жәндiктерi мен ауруларына қарсы күрес жүргiзу мақсатында:
Тармақша 1
1) орман қоры учаскелерiнiң иелерi мен орман пайдаланушылардың өртке қарсы алдын алу жөнiндегi шараларды орындауын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) кәсiпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды орман өрттерiн сөндiруге қатыстыру тәртiбiн белгiлейдi, осыған тартылған адамдарды жүрiп-тұру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) ормандарда өрт қаупi ерекше жоғары кезеңдерде өрт сөндiрушiлер бөлiмшелерiн құрады және олардың ұдайы әзiр тұруын қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) ормандарда авиациялық сақтауға және қорғауға пайдаланылатын ұшақтар мен тiкұшақтар үшiн аэродромдар мен қону алаңдарын салуға, ормандарды авиациялық сақтау бөлiмшелерi әрекет етiп жатқан аудандарға жанар-жағар май материалдарын жеткiзуге жәрдем жасайды;
Тармақша 5
5) өрт қаупi жоғары кезеңде азаматтардың ормандарда болуына тыйым салады;
Тармақша 6
6) облыс, аудан аумағында орман өрттерiне, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жөнiндегi шаралардың үйлестiрiлуiн қамтамасыз етедi.
Бап 66. 66-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн сақтау мен қорғау
66-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн сақтау мен қорғау
Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн сақтау мен қорғауды олар өсiп тұрған жерлердiң иелерi мен жер пайдаланушылар, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары қамтамасыз етедi.
Бап 67. 67-бап. Мемлекеттiк орман күзетi
67-бап. Мемлекеттiк орман күзетi
Тармақ 1
1. Орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар жүйесiнде ормандарды сақтау мен қорғау жөнiндегi ұйымдастыру, шолу-күзету, насихаттық және өзге шараларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман күзетi құрылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман күзетi қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ормандарды сақтау және қорғау ережелерiн, орман пайдалануды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, орман қоры жерлерiн өз мақсаттарына сәйкес пайдалану тәртiбiн бұзуға жол бермеу және алдын алу жөнiндегi, сондай-ақ орманға залал келтiретiн басқа да әрекеттерге жол бермеу және алдын алу жөнiндегi құқықтар берiледi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген ережелерге сәйкес берiлетiн табельдi қару алып жүруiне, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiпте оны қолдануға құқық берiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман күзетi қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Мемлекеттiк орман күзетi туралы ережемен және Орманшы туралы ережемен реттеледi.
Бөлім 6. Алтыншы бөлiм Орман пайдалануға ақы төленетiндiгi. Орман шаруашылығын қаржыландыру
Алтыншы бөлiм Орман пайдалануға ақы төленетiндiгi. Орман шаруашылығын қаржыландыру
ХV тарау. Орман пайдалануға ақы төленетiндiгi
Бап 68. 68-бап. Орман пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
68-бап. Орман пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң 42-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда орман пайдалануды жүзеге асыруға ақы төленедi.
Тармақ 2
2. Орман қоры учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы орман ресурстарының сапасы мен арзанға түсуiн, орман өнiмiне қолданылып жүрген бағаларды, бiрақ олардың қолданылып жүрген кесiмдi бағадан кем болмауын ескере отырып белгiленедi.
Тармақ 3
3. Орман қорының жерлерi үшiн ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Орманды пайдаланғаны үшiн бюджетке ақы төлеу ставкалары, есептеу мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
Бап 69. 69-бап. Орман шаруашылығын ұтымды жүргiзудi экономикалық ынталандыру
69-бап. Орман шаруашылығын ұтымды жүргiзудi экономикалық ынталандыру
Орман шаруашылығын ұтымды жүргiзудi экономикалық ынталандыру осы Кодексте, орман шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтiк актiлерде ормандарды ұлғайта өсiруге, сақтауға, қорғауға және орман пайдалануға қойылатын талаптарды орындауға орман қоры учаскелерi иелерiнiң, орман пайдаланушылардың мүдделiлiгiн арттыруға бағытталған және ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдар арқылы орман шаруашылығын дамытудың бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң немесе басқа да көздердiң есебiнен қаржыны мақсатты бөлу;
Тармақша 2
2) алынған нәтижелердiң сапасы бойынша сараланған, өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуға, сондай-ақ орман қоры учаскелерiнiң иелерiн материалдық ынталандыруға арналған қаржыларды қамтитын нормативтер (бағалар) бойынша орман шаруашылық шараларына ақы төлеу;
Тармақша 3. ХVI тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
3) орман қоры учаскелерiнiң иелерiне толық пайдаланылмаған кеспеағаш қорын және есептi кеспеағашын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ағаш саудасы мен конкурстарын өткiзу туралы ережеге сәйкес ағаш саудасы мен конкурстарды өткiзу құқығын беру.
ХVI тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
Бап 70. 70-бап. Орман шаруашылығын қаржыландыру
70-бап. Орман шаруашылығын қаржыландыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман шаруашылық кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының орман шаруашылық қызметi, сондай-ақ орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдарын ұстау республикалық бюджет және өзге де қаржылар есебiнен қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Орман шаруашылығын қаржыландыру Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы әзiрлеген және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген экономикалық жағынан негiзделген нормативтер бойынша жүзеге асырылады.
Бөлім 7. Жетiншi бөлiм Орман орналастыру. Мемлекеттiк орман кадастры және орман қорын мемлекеттiк есепке алу. Орман мониторингi
Жетiншi бөлiм Орман орналастыру. Мемлекеттiк орман кадастры және орман қорын мемлекеттiк есепке алу. Орман мониторингi
ХVII тарау. Орман орналастыру
Бап 71. 71-бап. Орман орналастыру
71-бап. Орман орналастыру
Тармақ 1
1. Орман орналастыру орман шаруашылығы мен орман пайдалануды ұтымды жүргiзудi, ормандарды, ұлғайта өсiрудi, сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге, орман шаруашылығында ғылыми-техникалық саясат жүргiзуге бағытталған шаралар жүйесiн қамтиды.
Тармақ 2
2. Орман орналастыру кезiнде мыналар жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) орман қоры аумағының шекарасын белгiлеу және iшкi шаруашылық ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау және ормандарды арнайы картографиялау;
Тармақша 3
3) екпе ағаштардың тұқымдық құрамы мен жас мөлшерiн, олардың жай-күйiн, орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын айқындай отырып, ормандарды түгендеу;
Тармақша 4
4) күтiп-баптау мақсатындағы кесудi, санитарлық мақсаттағы кесудi, орман екпе ағаштарын қайта жаңғыртуға байланысты кесудi, орманды қалпына келтiру және орман өсiру, ормандарды сақтау және қорғау жөнiндегi шараларды және басқа орман шаруашылық жұмыстарын жүргiзудi қажет ететiн орман қорының учаскелерiн анықтау, сондай-ақ оларды жүргiзудiң көлемiн, тәртiбi мен әдiстерiн белгiлеу;
Тармақша 5
5) ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлудi негiздеу және ормандарды қорғаныштың бiр тобынан немесе категориясынан екiншiсiне көшiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
Тармақша 6
6) басты мақсатта пайдалану жөнiндегi есептi кеспеағашты күтiп-баптау мақсатындағы кесудiң орман екпе ағаштарын қайта жаңғыртуға байланысты кесудiң, санитарлық мақсаттағы кесудiң және орман пайдаланудың басқа да түрлерiнiң мөлшерiн есептеп шығару;
Тармақша 7
7) осы Кодекстiң 23-бабына сәйкес басты мақсатта пайдалану үшiн кесiлетiн ағаштардың жасын негiздеу;
Тармақша 8
8) орман-биологиялық және басқа зерттеулер мен iздестiрулер;
Тармақша 9
9) орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға кешендi баға беру;
Тармақша 10
10) облыстардың және республиканың орман шаруашылығын ұйымдастыру және дамыту жөнiндегi негiзгi ережелердi әзiрлеу;
Тармақша 11
11) орман шаруашылығын ұйымдастыру мен дамытудың жобаларын әзiрлеу;
Тармақша 12
12) орман орналастыру кезiнде әзiрленген жобалардың жүзеге асырылуын авторлық қадағалау.
Тармақ 3
3. Экологиялық сараптамадан өткен орман орналастыру материалдары белгiленген тәртiпте бекiтiледi және ол орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру, ағымдағы және перспективалық жоспарлау мен болжамдау үшiн негiзгi ұйымдық-шаруашылық құжаттар болып табылады.
Тармақ 4. ХVIII тарау. Мемлекеттiк орман кадастры және орман қорын мемлекеттiк есепке алу. Орман мониторингi
4. Қазақстан Республикасы орман қорының бүкiл аумағында орман орналастыруды бiрыңғай жүйе бойынша мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
Орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органы белгiлейдi.
ХVIII тарау. Мемлекеттiк орман кадастры және орман қорын мемлекеттiк есепке алу. Орман мониторингi
Бап 72. 72-бап. Мемлекеттiк орман кадастры және орман қорын мемлекеттiк есепке алу
72-бап. Мемлекеттiк орман кадастры және орман қорын мемлекеттiк есепке алу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк орман кадастры және орман қорын мемлекеттік есепке алу орман қорын ұтымды пайдалануды, ормандарды ұлғайта өсiрудi, олардың сақталуы мен қорғалуын ұйымдастыру үшiн, сапалық және сандық өзгерiстердi жүйелi бақылау үшiн, заңды ұйымдар мен нақты адамдарды орман қоры туралы мәлiметтермен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман кадастрына орман қорының құқықтық тәртiбi, оны иеленушiлер бойынша бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, ормандарды қорғаныш топтары мен категорияларына бөлу туралы мағлұматтар жүйесi, орман шаруашылығын жүргiзу, шаруашылық қызметi нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа мәлiметтер жинақталған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк орман кадастры мен орман қорын мемлекеттiк есепке алуды орман орналастыру, түгендеу мен зерттеу материалдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттiк органдары жүргiзедi. Мемлекеттiк орман кадастры мен орман қорын мемлекеттiк есепке алудың құжаттамаларын орман қоры учаскелерiнiң барлық иелерi жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк орман кадастры мен орман қорын мемлекеттiк есепке алу республика үшiн бiрыңғай жүйе бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
Бап 73. 73-бап Орман мониторингi
73-бап Орман мониторингi
Тармақ 1
1. Орман мониторингi ормандарды пайдалану, ұлғайта өсiру, сақтау және қорғау саласында тиiмдi басшылық жасау мақсатында орман қоры жай-күйiн байқаулардың жүйесi болып табылады.
Тармақ 2
2. Орман мониторингi құрылымын, мазмұны мен жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бөлім 8. Сегiзiншi бөлiм Орман дауларын шешу және орман заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Сегiзiншi бөлiм Орман дауларын шешу және орман заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Бап 74. 74-бап. Орман дауларын шешу тәртiбi
74-бап. Орман дауларын шешу тәртiбi
Тармақ 1
1. Заңды ұйымдар, азаматтар арасындағы орман даулары сот тәртiбiнде шешiледi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы орман даулары екi жақтың келiсiмiмен белгiленетiн тәртiпте шешiледi.
Бап 75. 75-бап. Орман заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
75-бап. Орман заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Тармақ 1
1. Орман қорының учаскелерiн сатып алу-сатуға, сыйға тартуға, кепiлге беруге, өз бетiнше иеленуге және айырбастауға, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асырудың құқығын өз бетiнше өзгеге беруге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заңсыз мәмiлелердi жасағаны үшiн кiнәлi адамдар, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен және зақымдаған;
Тармақша 2
2) өрт салудың, отқа салақ қараудың салдарынан орманды құртқан немесе зақымдаған;
Тармақша 3
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi мен санитарлық ережелер талаптарын бұзған;
Тармақша 4
4) орман қорын химиялық және радиоактивтi заттармен, өндiрiстiк қалдықтармен және сарқынды сулармен, өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық төгiндiлермен, қалдықтармен және қоқыстармен зақымдаған немесе ластаған;
Тармақша 5
5) орман қорының уақытша берiлген учаскелерiн қайтару мерзiмiн бұзған немесе оларды мақсатына сәйкес пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған;
Тармақша 6
6) орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы екпе көшеттердi немесе тiкпе көшеттердi, сондай-ақ табиғи жас өскiндердi, өрiм шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдарда өздiгiнен түскен тұқымды құртқан және зақымдаған;
Тармақша 7
7) ағашы кесiлген жерлерде және орманды қалыпқа келтiру мен орман өсiруге арналған орман қоры жерлерiнiң басқа категорияларында ағаш өсiру тәртiбi мен мерзiмiн бұзған;
Тармақша 8
8) орман қорының учаскелерiн ағаш түбiрiнен тазарту, құрылыс салу, сүректi ұқсату, қоймалар салу, ара ұялары мен омарталарды орналастыру және басқа мақсаттар үшiн тиiстi рұқсаты болмай пайдаланған;
Тармақша 9
9) өз бетiнше пiшен шапқан және мал жайған;
Тармақша 10
10) жабайы жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi және т.б. тыйым салынған немесе тек орман билетi бойынша ғана жол берiлетiн учаскелерде өз бетiнше жинаған;
Тармақша 11
11) есептi ағаш кесуден артық мөлшерде сүрек дайындаған;
Тармақша 12
12) кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен тасудың, шайыр және ағаш шырынын, қосымша ағаш материалдарын өндiрудiң белгiленген тәртiбiн бұзған;
Тармақша 13
13) орман үшiн пайдалы жануарлар әлемiн құртқан;
Тармақша 14
14) шектеу, орман орналастыру және орман шаруашылық белгiлерiн жойған және зақымдаған;
Тармақша 15
15) рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн орман пайдалануларды жүзеге асырған;
Тармақша 16
16) ағаш кесетiн жерлердi бөлу мен баға қоюдың белгiленген тәртiбiн бұзған;
Тармақша 17
17) ормандардың жай-күйiне және ұлғайта өсiрiлуiне зиянды әсер ететiн объектiлердi салған және пайдаланған адамдар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк, азаматтық немесе қылмыстық жауапты болады.
Тармақ 3
3. Орман заңдарын басқа да бұзулар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Заңды ұйымдар мен нақты адамдар орман заңдарын бұзу салдарынан өздерi келтiрген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мөлшерде және тәртiпте өтеуге мiндеттi.
Бап 76. 76-бап. Өз бетiмен иеленген орман қорының учаскелерiн қайтару
76-бап. Өз бетiмен иеленген орман қорының учаскелерiн қайтару
Тармақ 1
1. Өз бетiмен иеленiлген орман қорының учаскелерi олардың иелерiне заңсыз пайдалану кезiндегi шыққан шығындар өтелместен қайтарылады. Бұл орайды өз бетiнше алып қоюдың салдарынан орман қорының иесi шеккен залал өтеледi.
Тармақ 2
2. Өз бетiнше тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлердi ағаш өсiруге жарамды күйге келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру кiнәлi адамдардың есебiнен жүргiзiледi.
Бап 77. 77-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш-бұта өсiмдiктерiн құртқаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
77-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш-бұта өсiмдiктерiн құртқаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық
Орман қорына кiрмейтiн, осы Кодекстiң 3-бабы екiншi бөлiгiнiң 4-тармағында көрсетiлгеннен басқа, ағаш-бұта өсiмдiктерiн заңсыз жойғаны немесе зақымдағаны үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тартылады.
Бөлім 9. Тоғызыншы бөлiм Халықаралық шарттар
Тоғызыншы бөлiм Халықаралық шарттар
Бап 78. 78-бап. Халықаралық шарттар
78-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының Орман кодексiнде бар ережелерден өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
Орман Кодексiне қосымша
Қазақстан Республикасының Орман Кодексiнде
пайдаланылған негiзгi орман терминдерi мен
анықтамалары
Ағаш сирек өскен жерлер - толымдылығы 0,1-0,2 мөлшерiнен кем бiрiншi және екiншi класты жас ағашты қоспағандағы табиғи түрде қалыптасқан сүрекдiң.
Ағаштың жинақталмаған дақылдары - тұқымнан немесе көшеттен өсiрiлген, бiрақ орманды жерге отырғызылмаған дақылдар.
Ағаш кесiлген жер - сүрекдiңi кесiлген, ал жаңасы әлi кеспеағаш болып жетiлмеген орман алабы.
Алаңқай жерлер - орман алқабының ағашы жоқ, орман өсiмдiктерi сақталмаған учаскесi.
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау және орманды қалпына келтiру үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдi кесу.
Биоценоз - құлықтың немесе су айдынының белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiркелкi учаскесiн мекендейтiн және өзара белгiлi бiр қатынастармен әрi айналадағы ортаның абиотикалық (биологиялық емес) факторлармен сипатталатын өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң жиынтығы.
Бос жатқан жерлер - орман жерiнiң (өртең, ағаш кесiлген жерлер) 10 жылдан астам уақыт бойы ағаш өсiмдiктерi өспеген учаскесi.
Гендiк қор - бiр топ өнiмдерiнiң (таралымының, таралымдар топтарының немесе түрдiң) өздерi шегiнде белгiлi бiр жиi кездесуiмен сипатталатын гендерiнiң жиынтығы.
Кеспеағаш - басты пайдалану мақсатындағы кесуге, орманды күтiп-баптау мақсатындағы кесуге және санитарлық кесуге бөлiнген орман учаскесi.
Кесу айналымы - толысқан сүректiң кесiлген қоры толық қалпына келу циклы өтетiн уақыт.
Кесу уақыты - ағашты нысаналы мақсатқа сәйкес кесу үшiн белгiленетiн толысқан сүрекдiңнiң жасы.
Қала ормандары - қала шегi iшiнде өсiп, орман қорының құрамына кiретiн ормандар.
Қорғаныш категориясы - орман қорының ерекше қорғаныштық, су қорғаушылық, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы маңызына байланысты бөлiнген бөлiгi. Бiрыңғай мақсаттарға пайдалану үшiн бөлiнген барлық ормандар бiр қорғаныш категориясына жатады, онда орман шаруашылығы мен орман пайдалануды жүргiзудiң белгiленген тәртiбi сақталады.
Орман - бiр-бiрiне жақын өсетiн бiр түрлi немесе көп түрлi ағаш өсiмдiктерiнен және биологиялық жағынан өзара байланысты, бiр-бiрiне және сыртқы ортаға ықпал жасайтын басқа да көптеген организмдерден тұратын табиғи кешен.
Ормандағы өрт қауiптi мол маусым - күнтiзбелiк жылдың орман өртi пайда болуы мүмкiн бөлiгi.
Ормандарды мемлекеттiк есепке алу - нақты ормандарды, олардың сапасы мен жай-күйiн және оларда болып жатқан өзгерiстердi есепке алу жөнiндегi мемлекеттiк шаралар жүйесi.
Орманды сақтау - орман өрттерiнiң, орманды өз бетiмен кесудiң және орман заңдарын басқада бұзудың алдын алу және оларға қарсы күресу жөнiндегi шаралар жиынтығы.
Орманды күтiп-баптау мақсатындағы кесу - жоғары өнiмдi сапалы екпелердi қалыптастыру және сүректi дәл мерзiмiнде пайдалану мақсатында екпелер арасынан қажетсiз ағаштарды кесу және басты тұқымдардың жақсы ағаштары өсуi үшiн қолайлы жағдай жасау жолымен жүзеге асырылатын орманды күтiп-баптау.
Орманды қолдан қалпына келтiру - бұрын орман болған алқаптарға ағаш егу.
Орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан және қолайсыз жәйттердiң әсерiнен қорғау жөнiндегi шаралар жиынтығы.
Орманды өңiр - белгiлi бiр аумақтың ормандану дәрежесi, ол орман өскен жер мен оның жалпы көлемiнiң қатынасымен анықталады; процентпен белгiленедi.
Орман жерi - орман қорының ағаш өсiруге арналған орманды және ормансыз жерi.
Орманның генетикалық резерваты - түрдi, қосалқы түрдi таратудың генетикалық-селекциялық тұрғыдағы құнды бөлiгi бар орман учаскелерi.
Орманның санитарлық жай-күйi - орманның қоқыстануы, сола бастаған және қураған ағаштар туралы мәлiметтер келтiрiлген сипаттамасы.
Орман орналастыру - ормандарды ұтымды пайдалануға, ұлғайта өсiруге, қорғау мен сақтауға, орман шаруашылығын жүргiзу мәдениетiн арттыруға бағытталған шаралар жүйесiн талдап жасауды қамтамасыз ететiн орман шаруашылығы қызметiнiң мамандандырылған түрi.
Орман питомнигi - ағаштың көшет материалын өсiруге арналған питомник.
Орман ресурстары - орманның сүректiк және сүректiк емес өнiмдегi қорының, сондай-ақ оның табиғи пайдалы қасиеттерiнiң жиынтығы.
Орман соқпағы - ормандағы орман шаршыларының шекараларын белгiлеу үшiн ағаштардан тазартылып жасалған өңiрлер.
Орман табысы - орманды шаруашылық мақсатқа пайдаланудан алынатын ақшалай түсiм.
Өскiн - орман етегiнде өсiп, сүрек қалыптастыруға қабiлеттi табиғи түрде өсетiн талшыбық, олардың биiктiгi негiзгi ағаштардың 1/4 бөлiгiнен аспайды.
Өртең - өртенiп кеткен немесе өрттен едәуiр зақым келген өсiмдiктер (орманды қоса) учаскесi.
Санитарлық мақсаттағы кесу - орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту мақсатымен жүргiзiлетiн кесу, оның барысында жекелеген ауру, зақымданған және құрай бастаған ағаштар немесе бүкiл сүрекдiң кесiледi.
Сүрекдiң - екпе ағаштардың негiзгi құрамы болатын ағаштар жиынтығы.
Шайыр - қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат.
Шырын алу - ағаштардың өсiп-өнуi кезiнде тiршiлiкке қажет өнiмдерін (шайыр, шырын және басқаларын) алу үшiн ағаш дiңiне жүйелi түрде арнайы зақым келтiру.