О внесении изменения в административно-территориальную единицу Кызылкогинского района Қолданыста
Басқа 0
Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
3,
11-баптарына
сәйкес, Қызылқоға аудандық әкімиятының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 339 қаулысы мен Қызылқоға аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N ІІІ-4 шешімі негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округінің Жырақұдық ауылы Жангелдин ауылдық округінің Жангелдин селосының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.