Об утверждении Положения об Администрации Президента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 20), 22) тармақшаларына, 47-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 235-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; 2007 ж., N 34, 372-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1094 Жарлығының 1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 805 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 1351 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 235-құжат);
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 1528 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы;
Тармақша 5
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 131 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 229-құжат);
Тармақша 6
6) "Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 413 Жарлығының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 372-құжат).
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ЕРЕЖЕ
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
N 552 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мәртебесін, миссиясын, негізгі міндеттері мен функцияларын, өкілеттігін, жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
Тармақ 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі – Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Әкімшілік және оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Әкімшілік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары, соның ішінде валюталық шоттары болады.
Тармақ 4
4. Әкімшіліктің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Тармақ 5
5. Әкімшіліктің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі".
Тармақ 6
6. Әкімшіліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, «Ақорда» Резиденциясы.
Тармақ 7
7. Әкімшіліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-тарау. Әкімшіліктің миссиясы мен негізгі міндеттері
2-тарау. Әкімшіліктің миссиясы мен негізгі міндеттері
Тармақ 8
8. Әкімшіліктің миссиясы Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 9
9. Әкімшіліктің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Президенттің мына салалардағы:
сыртқы саясаты;
әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
кадр саясаты;
Қазақстан Республикасы Құрылтайдың қатысты (бұдан әрі - Құрылтай);
Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі - Үкімет) қатысты;
Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты;
Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына қатысты;
соттар мен судьяларға қатысты;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты
жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің (бұдан әрі – Вице-Президент) және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де міндеттер болып табылады.
Тармақ 3. 3-тарау. Әкімшіліктің негізгі функциялары
3-тарау. Әкімшіліктің негізгі функциялары
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) әлемдік даму процестеріне, сондай-ақ халықаралық қатынастардың өзекті проблемаларына мониторинг, талдау мен болжам жасауды,
Қазақстан Республикасының Президентіне оның сыртқы саясаттағы өкілеттіктерін іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Президент қатысатын халықаралық іс-шаралардың мазмұндық бөлігін үйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің шет елдердің мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен, шетелдің саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4)
Қазақстан Республикасының Президентіне:
сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, шетел мемлекеттерімен саяси және экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру және шетелдерде Қазақстан Республикасының беделін нығайту жөнінде;
халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, олардың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату мәселелері жөніндегі ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 11
11.
Қазақстан Республикасы Президентінің
әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттары саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1)
Қазақстан Республикасының Президентіне:
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және өзге де ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік жастар және ақпарат саясатын, білім, ғылым, денсаулық сақтау, көші-қон, демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты, қазақстандық отансүйгіштік тұжырымдамасын қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, оның ішінде ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерінде қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) елдегі экономикалық және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуы процестеріне мониторинг, талдау және болжам жасау процестерін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігі саласындағы өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентіне елдің әскери саясатының, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігі, жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығы саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы шешім қабылдауы кезіндегі қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне мониторингті, оны үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 13
13.
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі саласындағы өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1)
Қазақстан Республикасының Президентіне:
құқықтық саясаттың негізгі бағыттары мен оны жетілдіру жөнінде;
құқықтық реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде;
заңдылықты нығайту және құқық тәртібін қамтамасыз ету жөнінде;
Құрылтайдың заңнамалық құзыретіне кірмейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне жатпайтын мәселелерді оның жарлықтарымен құқықтық реттеу туралы;
Тармақша 2
2) тиісті кезеңге арналған Қазақстан Республикасының заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтық саясаты саласындағы мемлекеттің бағдарламалық құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Тармақ 14
14.
Қазақстан Республикасы Президентiнің кадр саясаты саласындағы өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасындағы кадр саясаты жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2)
Қазақстан Республикасы Президентiнің кадр саясатын іске асыруы жөнінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді және қызметіне бақылау жасайды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік саяси қызметшілердің кадр резервін қалыптастыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
Тармақша 4
4) Президент тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешуді ұйымдастырады, олардың жеке істерін жүргізеді.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтайға қатысты өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығарушылық бастамашылығы құқығын іске асыру мақсатында заң жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады, оларға құқықтық және өзге де сараптама жасайды, олардың Құрылтайға енгізілуін қамтамасыз етеді және олар бойынша Құрылтайда өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентіне:
Құрылтайда заң жобаларын қараудың басымдығын айқындау жөнінде;
Құрылтайдың отырыстарына қатысуы бойынша;
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтай, партиялық фракциялар басшылығымен және депутаттық топтармен, Құрылтайдың жекелеген депутаттарымен кездесуін өткізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарына құқықтық және өзге де сараптаманы жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қайталап талқылау, дауыс беру үшін заңдарды немесе олардың жекелеген баптарын Құрылтайға қайтаруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Құрылтайда Қазақстан Республикасы Президентінің мүддесін, соның ішінде қол қоюға ұсынылған заңдарға қарсылықтар бойынша Құрылтайда Қазақстан Республикасы Президентінің ұстанымын білдіреді;
Тармақша 6
6) Құрылтайдағы заңнамалық үдерістің жай-күйі және олар қарайтын мәселелер туралы Қазақстан Республикасының Президентін тұрақты хабардар етіп отырады, Қазақстан Республикасы Президентінің заң жобалары бойынша ұстанымын түсіндіреді.
Тармақ 16
16. Үкіметке қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіппен министрліктер қызметінің тиімділігіне бағалау өткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентіне:
Үкіметтің құрылымдық жүйесін жетілдіру туралы;
Үкіметке тапсырмалар беру туралы;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында белгіленгеннен басқа, соған сәйкес Үкіметке атқарушылық функциялар жүктелетін актілер шығару туралы;
Айрықша маңызды мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің Үкімет отырыстарына төрағалық ету қажеттігі туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің отырыстарында тұжырымдалған Үкімет шешімдерінің жобаларын келіседі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, Үкімет пен мемлекеттік органдар актілерінің жобасын келісуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Үкіметте әзірленген заң жобаларын Құрылтайға енгізілгенге дейін белгіленген тәртіппен құқықтық және өзге де сараптамадан өткізіп, келіседі;
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Сотқа қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 11) тармақшасында және 73-бабында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Президентінің өтініштерін дайындау жөніндегі функцияны жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Соттар мен судьяларға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) мынадай:
Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына тағайындау кезінде;
Жоғары Соттың Төрағасын лауазымынан босату кезінде;
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы тағайындау және лауазымынан босату кезінде;
Жоғары Сот судьяларын сайлау және лауазымынан босату үшін Құрылтайға Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген ұсыну бойынша;
Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен судьяларын, тиісті сот алқаларының төрағаларын тағайындау және лауазымынан босату кезінде;
Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген судьяны қамауда ұстауға, оны алып келуге, оған сот тәртібімен салынатын әкімшілік жаза шараларын қолдануға, оны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентіне сот жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы Президентінің Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу жөніндегі функциясын орындайды.
Тармақ 20
20. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіппен астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, оны жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг пен талдау жүргізіп, өңірлердегі істердің жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар етіп отырады;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен есеп беру кездесуін өткізуіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президентіне:
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мен жергілікті атқарушы органдарының қызметін жетілдіру туралы;
өңірлік даму стратегиялары мен бағдарламалары, жергілікті өкілді органдар мен атқарушы органдардың сындарлы бірлескен жұмысы, олардың елдің орталық органдарымен өзара іс-қимылы бойынша;
қажет болған жағдайда мәслихаттың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (бекітілген тізбеге сәйкес) қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) осы мемлекеттік органдарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру, қызметін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) осы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентіне:
барлық мемлекеттік билік тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша;
мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, жоғары әскери және өзге де атақтар, жоғары сыныптық шендер, жоғары дипломатиялық дәрежелер, біліктілік сыныптарын беру; мемлекеттік наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айыру бойынша;
Қазақстан Республикасының азаматтығы, оны сақтау мен одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтіру, саяси баспана беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кешірім жасауын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жобасын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін ақпараттық-талдамалық және хаттамалық-ұйымдық тұрғыдан, соның ішінде оның қатысуымен іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындауды ұйымдастырады және қатысады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік жоспарлау жүйесін келісуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы Президентінің, Вице-Президенттің актілері мен тапсырмаларын іске асыруына, соның ішінде тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) белгіленген тәртіппен жекелеген мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметін үйлестіріп, басшылық жасайды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді, Қазақстан Республикасының Президенті қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін, Қазақстан Республикасы Президентінің олармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған заңдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті шығарған актілерді тіркеуді жүргізеді, олардың жариялануын, таратылуы мен сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Президентінің атына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, оларға талдау жүргізеді, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырып, жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, лауазымды адамдарының қызметі нәтижелерінің Қазақстан Республикасының Президентінде қаралуына дайындықты қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Президентін құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде тиісінше құжат айналымын ұйымдастыруды, ақпараттық технологияларды ендіріп, дамытуды, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы қызметінің, іс жүргізу қағидаларының сақталуын және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді бақылау арқылы жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Вице-Президенттің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық және құжаттамалық қамтамасыз етуді, олардың шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4-тарау. Әкімшіліктің қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің өкілеттіктері
4-тарау. Әкімшіліктің қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің өкілеттіктері
Тармақ 23
23. Әкімшіліктің құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары және орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.
Тармақ 24
24. Әкімшілікті Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және лауазымнан босататын, оның тікелей басшылық етуімен жұмыс істейтін, оған есеп беріп, бақылауында болатын Әкімшілік Басшысы басқарады.
Әкімшілік Басшысы:
Тармақша 1
1) Мемлекет басшысына Әкімшілік туралы ережені бекітуге ұсынады, Әкімшіліктің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар енгізеді, Әкімшіліктің штат кестесін бекітеді, бекітілген штат саны шегінде оған өзгерістер енгізеді;
Тармақша 2
2) өзінің бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілерінің жұмысын үйлестіреді, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша өзінің бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Кеңсе бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін (бұдан әрі – Бөлініс) бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына өзінің бірінші орынбасарын және орынбасарларын, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілерін және кеңесшілерін тағайындау және лауазымынан босату, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары орынбасараларын, мемлекеттік инспекторларды, сектор меңгерушілері мен Әкімшіліктің өзге де мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 6
6) Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;»;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орындалуын, осы мақсаттарда Әкімшілікте құжаттардың өтуін бақылау жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының басшыларын шақыра отырып, Әкімшіліктің басшы қызметкерлерімен кеңестер өткізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына Құрылтай қабылдаған заңдарды, жарлықтардың, өкімдердің жобаларын және қарауына Қазақстан Республикасының Президентіне жолданатын басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
Тармақша 9
9) Әкімшіліктің бұйрықтарын шығарады;
Тармақша 10
10) Әкімшіліктегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
Тармақша 11
11) Әкімшіліктің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын жұмсауға басшылық жасайды;
Тармақша 12
12) қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 13
13) Әкімшіліктің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 14
14) Әкімшіліктің қызметкерлерін іссапарларға жібереді;
Тармақша 15
15) ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін жұмысқа мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тартуға құқылы;
Тармақша 16
16) Әкімшілікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
Тармақша 17
17) Әкімшіліктің Құрылтаймен, Құрылтайдың жұмыс органдарымен және Аппаратымен; Үкіметпен және Үкімет Аппаратымен; министрліктермен; Конституциялық Сотпен; Жоғарғы Сотпен; Жоғары Сот Кеңесімен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен; астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен, мәслихаттарымен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) Құрылтайдың ашық және жабық отырыстарына қатысуға құқылы;
Тармақша 19
19) Үкіметтің, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Жоғары Сот Кеңесінің отырыстары мен алқа жиналыстарына қатысуға құқылы;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Президентінің кадр саясатын іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) басшы лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның ұсынысымен тағайындалатын кандидатуралар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар және мемлекеттің лауазымды адамдары басшы лауазымдарға ұсынған кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентімен келісуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) өзінің жекелеген өкілеттіктерін орындауды Әкімшіліктің өзге де басшы лауазымды адамдарына беруге құқылы;
Тармақша 23
23) осы Ережеде көзделген, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының Президенті жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Әкімшілік Басшысы орнында болмаған жағдайда оның міндеттерін Әкімшілік Басшысы айқындайтын бірінші орынбасары немесе орынбасарларының бірі атқарады.
Тармақ 26
26. Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларын, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілерін, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Әкімшілік Басшысының ұсынуы бойынша Президент лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 27
27. Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері мен кеңесшілері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Әкімшілік Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президентін елдегі істің жағдайы туралы хабардар етеді, оны ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Бөлініске сәйкес өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 4
4) Бөлініске сәйкес Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, олардың мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілік Басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері:
Тармақша 1
1) жетекшілік ететін саладағы істің жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар етеді, оны ақпараттық-талдамалық материалдармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілік Басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасының Президенті міндеттердің бірінші кезектілігі мен маңыздылығына қарай Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, өзінің көмекшілері мен кеңесшілеріне осы Ережеде көзделгеннен ерекшеленетін өзге де міндеттер мен өкілеттіктерді жүктеуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің көмекшілері мен кеңесшілерінің санын және олардың қызметінің бағыттарын айқындайды.
Тармақ 30
30. Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
Тармақша 1
1) құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауды, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, Әкімшілік Басшысының тапсырмаларын уақтылы және егжей-тегжейлі орындауды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, құрылымдық бөлімше мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 3
3) еңбекті ұйымдастыруды және тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Әкімшілікте белгіленген ережелерге сәйкес іс қағаздарын жүргізуге жауап береді;
Тармақша 4
4) Әкімшіліктің өзі басқаратын құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, оны көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар құзырындағы ақпараттық мәліметтер банкін белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы;
Тармақша 6
6) Үкіметтің отырыстарына, мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдардың алқа отырыстарына қатысуға құқылы;
Тармақша 7
7) Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуға құқылы;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Президенті мен Әкімшілік басшылығы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Әкімшілік қызметкерлері Әкімшіліктің алдында тұрған міндеттерді шешу жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Тармақ 32
32. Осы Ережеде көзделген функцияларды іске асыру үшін Әкімшілік:
Тармақша 1
1) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;
министрліктерге және өзге де орталық атқарушы органдарға;
Қазақстан Республикасы астанасының, облыстарының және республикалық маңызы бар қалаларының әкімдеріне;
сот төрелігін жүзеге асыруға, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметі функцияларын жүзеге асыруға байланысты емес мәселелер бойынша тиісінше – Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне; Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігіне;
судья лауазымына кандидаттарды іріктеуге байланысты емес мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Жоғары аудиторлық палатасына, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарға тапсырма беруге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Әкімшіліктің қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды беру жөніндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып табылатын тапсырмалары мен сауалдарына, егер Әкімшілік өзгеше мерзім белгілемесе, оларды алған күннен бастап екі апта мерзімде жауап қайтарылады;
Тармақша 3
3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметін үйлестіру мен бақылауға, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына, оның ішінде Үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің және мемлекеттің өзге де лауазымды адамдары актілерінің Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкестігі нысанасына тиісті тексерулер ұйымдастыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті актілері мен тапсырмаларының орындалуы барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етуге;
Тармақша 5
5) анықталған кемшіліктерді, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің сақталмауы және оның тапсырмаларының орындалмауы фактілерін болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;
Тармақша 6
6) тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктерін тыңдау және жазбаша түсінік берулерін талап етуге;
Тармақша 7
7) Әкімшілік жүргізген тексерулердің нәтижелерін Қазақстан Республикасының Президентіне жүйелі түрде баяндауға құқылы.
Әкімшіліктің Басшысы және оның бірінші орынбасары осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге ие болады.
Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшілері, Президенттің кеңесшілері ие болады. Бұл ретте аталған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Үкіметі Аппараты Басшысының функцияларын қоса атқаратын лауазымды адамға тапсырмалар беруге құқылы.
Осы тармақтың 2) - 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Әкімшіліктің мемлекеттік инспекторлары ие болады.
Басқа 148. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ТІЗБЕСІ
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
N 552 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі