«О введении национальной валюты Республики Казахстан» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.1993. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы Қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
І. Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналысқа енгізілсін.
Тармақ 2
2. 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ теңге Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасында қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
Тармақ 3
3. Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банкттер қабылдауға міндетті.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.