О наименовании улиц Қолданыста
Басқа 0
Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес және Өскемен қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШЕДІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Подгорное ауылының атаусыз көшелеріне келесі атау берілсін:
N 1 - Бастау;
N 2 - Подгорная;
N 3 - Цветущая долина атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылғы 31 мамырға дейін көшелерге атау беру бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.