Қолданыстағы ред. 26.11.2007

Нарын селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы от 26.11.2007 г. № 224 (Нарын селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы)

0

Нарын селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы №107-II «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» қулысын және Атырау облыстықәкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы №224 «Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Нарын селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2

2. Қаулы аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

3

3. Қаулы мүдделі жақтарға жолдансын.

4

4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Хисметуллинге жүктелсін.

5. Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы, мал басы туралы, азаматтардың мекен-жайы туралы, жанұя құрамы туралы анықтамалар беру (мемлекеттік қызметтің атауы)

Исатай аудандық әкімиятының
2007 жылғы 26 қарашадағы
№224 қаулысына 1 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы, мал басы туралы, азаматтардың мекен-жайы туралы, жанұя құрамы туралы анықтамалар беру
(мемлекеттік қызметтің атауы)

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызметінің анықтамасы: Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы, мал басы туралы, азаматтардың мекен-жайы туралы, жанұя құрамы туралы анықтамалар беру.

2

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы): Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңы 9-бап 1-тармақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35-бабы.

4

4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: Нарын селолық округі әкімінің аппараты, Исатай ауданы, Нарын селосы, Болат жол көшесі №3 үй.

5

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқтау нысаны: (нәтижесі): анықтама

6

6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Жеке тұрғындар, шаруа қожалықтары.

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1

1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алынғаннан бастап және т.с.с.) электрондық сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 30 минут

2

2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және т.с.с.) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 15 минут

3

3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды кезек күтуге, рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файылдың рұқсат берілген жоғары мөлшері: 15 минут

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігі немесе тегіндігін көрсету:
Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

9

9. Мемлекттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналасу орны: Нарын селолық округі әкімінің аппараты, Исатай ауданы, Нарын селосы, Болат жол көшесі №3 үй.

10

10. Барлық жұмыс күндері жұмыс кестесі: сағ: 8.00-18.00 дейін
үзіліс 12.30-14.00 дейін.

11

11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттарын көрсету үй-жәй режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүгедектері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту зал, үлгілер қойылған таған): Үлгілер тағаны қойылған, қабылдау бөлмесінде орындықтар орналастырылған.

2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі талап етілмейді.

13

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланк берілетін орын: Исатай селолық округі әкімінің аппараты.

14

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жайы: Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Болат жол көшесі №3 үй, Нарын селолық округі әкімі аппаратының бас маманы.

15

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттардың атауы және нысаны: Анықтамаларды тіркеу журналына тіркеледі, анықтама беріледі.

16

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері: Жеке бару
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты адамның мекен-жайы: Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Болат жол көшесі №3 үй, Нарын селолық округі әкімі аппаратының бас маманы

17

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері жоқ.

3. 3. Жұмыс қағидаттары

3. Жұмыс қағидаттары

18

18. Мемлекеттік органның тұтынушыға қатысты қызмет көрсетуде басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарттар, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпарттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы қамтамасыз етіледі, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіледі.

4. 4. Жұмыс нәтижелері

4. Жұмыс нәтижелері

19

19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерініңнысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. 5. Шағымдану тәртібі

5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, мекен-жайы, телефон нөмірі, лауазымды адам: Нарын селолық округі әкімінің аппараты, Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Болат жол көшесі №3 үй, тел: 27-3-01, селолық округ әкімі.

22

22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды адам: Нарын селолық округі әкімінің аппараты, Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, Болат жол көшесі №3 үй, тел: 27-3-01, селолық округ әкімі Р.Ғұбашев.

23

23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауы, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері: Шағым арыз-шағым тіркеу журналына тіркеледі және 15 күн ішінде қаралып жауабы беріледі, тел: 27-3-02, селолық округ әкімі аппаратының бас маманы.

6. 6. Байланыс ақпараты

6. Байланыс ақпараты

24

24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме басшысының байланыс деректері: Нарын селолық округі әкімінің аппараты, селолық округ әкімі Р.Ғұбашев, тел: 27-3-01. Жұмыс орны: Нарын селосы, Болат жол көшесі №3 үй, қабылдау кестесі-барлық жұмыс күндері.

25. Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы, мал басы туралы, азаматтардың мекен-жайы туралы, жанұя құрамы туралы анықтама беру стандартына қосымша

25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.) қажет етілмейді.
Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы, мал басы туралы, азаматтардың мекен-жайы туралы, жанұя құрамы туралы анықтама беру стандартына қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1
2
3
4
1.Уақыттылығы
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % үлесі
100
80
75
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % үлесі
80
60
40
2.Сапасы
2.1. қызметті ұсыну үрдесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90
70
60
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б % үлесі
100
85
80
3.Қол жетімділік
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90
60
50
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % үлесі
80
45
30
3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % үлесі
-
-
-
4.Шағымдану үдерісі
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % үлесі
0,5
0,7
0,9
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % үлесі
100
70
60
4.3. шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанылған тұтынушылардың % үлесі
90
70
60
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
90
70
60
5.Сыпайылық
5.1. қызметкерлердің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі
100
90
80