О государственных закупках Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің желтоқсанындағы №1268 Қаулысымен бекітілген мемлекеттіх сатып аулушы тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес, шешім етемін:
Тармақ 1
1. Ықтимал жеткізіп берушілерге конкурстық сұраныстарды дайындау және тауар сатып алу бойынша ашық конкурсты жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (қоса тіркеліп отыр.
Тармақ 2
2. Конкурстық құжаттама шйсетін , конкурстық өтінімді және келісім шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатудан түскен қаражаттың түсірілімі мен жұмсалуын есепке алу жөніндегі орган - облыс әкімі аппараты “ Шаруашылық басқармасы” Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып белгіленсін. Облыс әкімі аппаратының “ Шаруашылық басқармасы” Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Д.Ж. Қожаев) облыстық конкурстық комиссия төрағасының келісімі бойынша түсірілген қаражатты сметаға сәйкес мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (С. Шаметова) конкурстық комиссия айқындап белгілеген және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу көлемін, сметалық жұмсалатын қаражат шегінде уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін облыстық бюджеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар жеткізіліміне арналған конкурс жеңімпазымен, конкурстық құжаттамада көзделген мерзімде келісім- шарттың уақытылы жасалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е. Рахметовке жуктелсін.