Аудандық мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсету Типтік стандартын бекіту туралы» № 558 қаулысы, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет реестрін бекіту туралы» № 561 қаулыларына сәйкес сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2008жылғы 30 қантардағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 11/1 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27, 29, 31, 33, 35, 37, 39, 41, 43, 45, 47, 49, 51, 53, 55, 57, 59 қосымшаларға сәйкес аудандық мемлекеттік органдардың көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Байғалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Ресми жарияланған күннен кейін 10 күннің ішінде Заң күшіне енеді.