Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін бекіту туралы
ҚАЗҚапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50-9
- Қабылданған күні
- 21.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2011 · қолданыстағы AI38384_2.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08DB000061
- ЭКБ идентификаторы
- 38384
- Редакция идентификаторы
- AI38384_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:57
0 Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша табысы
аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-ші бабы, 2-ші тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемақысына, Қапшағай қаласы және Қапшағай қаласы, Заречный және Шеңгелді селолық округтері бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 116-20 «Қапшағай қаласы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін бекіту туралы», Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 25 сәуірде № 2-2-2 тіркелген («Қапшағай» газетінің 2005 жылғы 7 мамырдағы 1-ші нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
4 Қалалық мәслихаттың
2008 жылғы «21» ақпан
«Қапшағай қаласы және
Заречный, Шеңгелді селолық
округтері бойынша табысы аз
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері және тәртібін бекіту
туралы» № 50-9 шешіміне қосымша
Табысы аз
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
1 1. Негізгі ережелер
1 1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
2 2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын табысы аз отбасыларға жергілікті бюджетттің есебінен ақшалай төлем түрінде беріледі.
3 3. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлем шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетінде оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
4 4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар табысы аз отбасылар (азаматтар) немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегі құқығынан айырылады.
5 5. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдармен жасалған агенттік келісім негізінде жүзеге асырылады.
6
6. Телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын, табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін абоненттік төлем ақы - 2004 жылдың қыркүйек айына дейін қолданылып жүрген тариф пен көтерілген тариф арасындағы анықталған айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы - тарифтің көтерілу шығын орнын толтыру үшін көзделген коммуналдық қызмет көрсетуді тұтыну және тұрғын үйді ұстау төлемі жөнінде тұрғын үй көмегі құрамына кіретін ақшалай өтем болып табылады.
2 2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
7
7. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді қолданғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шығындарының айырмасы ретінде есептеледі.
8 8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төленген сомадан аспауы тиіс.
9 9. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет, байланыс шығымдарын өтеу ретінде беріледі.
3 3. Абаттандырылған және өздері от жағатын жеке үйлерде тұратын табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі
10 10. Тұрғын үй көмегі абаттандырылған және өздері от жағатын жеке үйлерде тұратын табысы аз отбасыларға (азаматтарға), сенім хаты бар жалдаушыға беріледі.
11 11. Жеке үйде тұратын өздері от жағатын табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептегенде әлеуметтік норма бойынша көмір 3000 килограмнан аспауы керек.
12 12. Көмірдің бағасын есептеу үшін, аумақтың тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ететін қала әкімдігі белгілейді.
13 13. Тұрғын үйге барлық әлеуметтік нормадағы көмір шығыны көмір алу маусымдық болғандығына байланысты от жағу маусымында үш айға бір жолғы тұрғын үй көмегін есептеу ескерілсін.
14 14. Жеке және абаттандырылған үйлерде тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындағанда, құжат тапсырған отбасының өткен тоқсандағы орташа кірісі есептелінеді.
15 15. Электр энергиясына, газбен, сумен қамтамасыз етуге, күл-қоқысты шығаруға, алынған көмірдің мөлшері және бағасы көрсетілген түбіршектер бойынша құжаттарды тапсырған тоқсанның өткен айындағы шығындары көрсетіледі.
16 16. Жеке қосалқы шаруашылықтың кірісі тоқсанына ауылдық жерлерде алты айлық, қалада бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелінеді.
17 17. Отбасы құрамына тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдар кіреді. Жиынтық табыс отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жайда тіркелген басқа адамдардың өткен тоқсандағы кірісін қосу арқылы есептелінеді.
18
18. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты ай санына бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.
19 19. Тұрғын үй көмегін есептегенде абаттандырылған үйлерге Қапшағай қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 670 қаулысымен бекітілген келесі нормалар қолданылады:
Жалғыз тұратын азаматтар үшін-30 шаршы метр;
Отбасында 2 адамы барлар үшін-42 шаршы метр;
Отбасы 3 және одан көп адамнан тұратындар үшін- әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек.
Газ плита және орталық ыстық су бар кездегі сұйық газдың берілу нормасы әр отбасы мүшесіне 4,8 кг, бірақ 20 кг - нан аспау керек.
электр энергиясын қолдану
1 адамға - 45 квт;
2 адамға - 90 квт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына -150 квт.
Суық су және ыстық су әр отбасы мүшесіне, есептегіштің көрсеткіші болған жағдайда.
Күл–қоқысты шығару әр отбасы мүшесіне.
20 20. Өздері от жағатын үйлерге тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қолданылады:
Жалғыз тұратын азаматтар үшін-30 шаршы метр;
Отбасында 2 адамы барлар үшін-42 шаршы метр;
Отбасы 3 және одан көп адамнан тұратындар үшін- әрқайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
Сұйық газдың нормасы 1 кішкентай баллон.
электр энергиясын қолдану:
1 адамға - 45 квт;
2 адамға - 90 квт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына -150 квт.
Суық су және ыстық су әр отбасы мүшесіне;
Күл–қоқысты шығару әр отбасы мүшесіне;
Көмірдің нормасы от жағу мерзіміне әр отбасына 3000 килограмм.
4 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
21 21. Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініш иесі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
22 22. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға), қарыздарына қарамастан, есепке тіркелген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.
23
23. Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтім жасайтын және жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе жұмыс істемейтін үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, 55 жастан асқандарды, дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытынды анықтамасы бойынша жұмыстан босатылған, бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген, айналасындарға зиянды ауруы бар адамдарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.