Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек-балаларға материалдық көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бап 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексінің 53-бап 1-тармағының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бап 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек-балаларға материалдық көрсету мақсатында Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданындағы үйде оқытылып, тәрбиеленелтін мүгедек балаларды материалдық жағынан қамтамасыз етуге көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Белгіленсін:
Тармақша 1
1) материалдық қамтамасыз ету үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек болып туылған балаларға (бұдан әрі-материалдық қамтамасыз ету), асырап алынған, сонда-ақ қамқоршылыққа алынған (толық мемлекеттік қамтамасыз етілген мүгедек балалардан басқа) балалардын ата-анасының біреуіне немесе олардың орындарын ауыстырышу адамдарға отбасының табысына қарамастан беріледі;
Тармақша 2
2) материалдық қамтамасыз ету «Ақмола облыстық білім департаменті» мемлекеттік мекемесінің ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде, өтініш берілген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін беріледі;
Тармақша 3
3) материалдық қамтамасыз ету тоқсанға 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады;
Тармақша 4
4) мүгедек балаларға берілетін материалдық қамтамасыз ету төлемі қаржыландыру шараларына қарай тоқсан сайын жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз ету төлемін тоқтату, тиісті жағдай туындаған (мүгедек-бала 18 жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынған жағдайда) айдан кейінгі айда тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Материалдық қамтамасыз ету туралы шешімді «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күн ішінде келесі құжаттар тізбесі негізінде қабылдайды:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басы куәлігінің көшірмесі (ата-анасының немесе қамқоршының)
Тармақша 2
2) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) мүгедектікті белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы;
Тармақша 4
4) мүгедек баланы үйде оқыту (тәрбиелеу) қажеттігі туралы «Ақмола облыстық білім департаменті» мемлекеттік мекемесінің ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік комиссияның қортындысы;
Тармақша 5
5) мүгедек баланың үйде оқытылып, тәрбиеленетіндігін растайтын оқу орнынан анықтама;
Тармақша 6
6) баланың және өтініш берушінің мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі; Оқу орнының анықтамасынан басқа ұсынылған құжаттардың мерзімі бір жыл.
Тармақ 4
4. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін аудан бюджеттінен бөлінген қаржыны уақытында игеру шараларын қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № А-11/364 «Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға берілетіи материалдық қамтамасыз ету төлемінің мөлшерін бекіту туралы» (Ақкөл аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қаңтарда № 1-3-80 тіркелген, «Знамя Родины КZ» газетінде 2008 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) қаулысы күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 7
7. Қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап құкықтық қатынастарға енеді.
Тармақ 8
8. Осы қаулы Ақкөл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс. КЕЛІСІЛДІ Т.И. Ли «Ақкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі 26.02.2008 ж Н.К. Мананбаева «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі меңгерушісі 26.02.2008 ж