Об утверждении «Правил оказания социальной помощи нуждающимся категориям граждан» Қолданыста
Басқа 0
«Мұқтаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік корғалуы туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының “Ұлы Отан соғысына қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы мен жеңілдіктеру туралы” Заңыңа және Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. “Мұктаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері” бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Ақкөл аудандық мәслихатының келесі шешімдері күші жойылған деп тапылсын:
2005 жылғы 3 маусымда № С 20-2 шешіміне енгізілген толықтырулары есепке алынған, 2005 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихат сессиясында бекітілген № С 17-2 “Жұмыссыз азаматтардың жерленуіне әлеуметтік көмек көрсету Ережелері”;
2005 жылғы 3 маусымда № С 20-4 шешіміне енгізілген толықтырулары есепке алынған, 2005 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихат сессиясында бекітілген № С 17-4 “Жекеленген санаттағы азаматтарға мемлекеттік мерекелерге материалдық көмек көрсету Ережелері”;
2005 жылғы 25 ақпанда аудандық мәслихат сессиясында бекітілген № С 17-5 “Қалалық көліктерде жүріп-тұруға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері”.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылгы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі А.С.Үйсімбаев
2008 жылғы 25 ақпан
Экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы Т.И.Ли
2008 жылғы 25 ақпан
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Н.Қ.Мананбаева
2008 жылғы 25 ақпан
Басқа 4
Ақкөл аудандық мәслихатының
2008 жылғы 25 ақпан № С 5-5
«Мұқтаждық көруші санатындағы
азаматтарға әлеуметтік көмек
көрсету Ережелерін» бекіту
туралы шешіміне 1-Қосымша
Мұқтаждық көруші санатындағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Ережелер, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ҚР «Қазақстан Республикасындағы мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, ҚР «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленіп жасалды.
Тармақ 2
2. Азаматтардың мұқтаждық көруші жеке санаттағыларына әлеуметтік көмек көрсету (әрі қарай - әлеуметтік көмек) - аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік-қорғалатын азаматтарға, анықталған жағдайға байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге мұқтаж адамдарға ақшалай төлемдер төлеу. Әлеуметтік көмек:
жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылда ерен еңбек еткен және қалтықсыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдарға қалалық көліктерде жеңілдіктермен жүруге;
мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызы бар күндерде;
амбулаторлық емделу мерзімі кезеңінде туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қауіпі бар» балаларды қосымша тамақтандыруға;
аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздеріне бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі;
өмірдің қыйын жағдайларға түскен азаматтарға.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек, аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссия шешімінің негізінде, бюджет белгілеген қаржы шегінде «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік Мекемесімен (әрі қарай - уәкілетті орган) тағайындалады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті алуға Қазақстан Республикасының азаматтары және Ақкөл ауданында тұрақты тұратын оралмандар құқылы.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдер, тиісті операциялар түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары арқылы төленеді.
Тарау 2. 2. Көмек көрсету тәртібі.
2. Көмек көрсету тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекке үміткер адам өкілеттік органға өтініш береді. Өтінішпен қоса келесі құжаттар беріледі:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) тұрған жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) мұқтаждық көруін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) жеке көмек түрлерінің төлемдеріне құқығын растаушы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) оралмандық куәліктің көшірмесі (оралмандар үшін)
Тармақ 7
7. Өтініш иесі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен растығына жауап береді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган, өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 10 күннен асырмай әлеуметтік көмек көрсету комиссиясына жібереді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек жөніндегі комиссия, уәкілетті органнан құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 күн ішінде әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы шешім шығарады.
Тарау 3. 3. Жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
3. Жұмыссыз болған азаматтарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
Тармақ 10
10. Жұмыссыз болған азаматтар мен кәмелетке толмаған балаларды жерлеуді жүзеге асырушы адам әлеуметтік көмек алуға кұқылы.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек жерлеуді жүзеге асырушы адамның табысына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 12
12. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек жұмыссыз болған азаматтың немесе кәмелетке толмаған баланың өлген күнінен бастап үш айдан кешіктірілмей өтініш берілген болса төленеді.
Тармақ 13
13. Жұмыссыз болған азаматтарды жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек, егер, өлген адам қайтыс болар алдында жұмыссыз болған болса тағайындалады.
Тармақ 14
14. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, тиісті жылға бекітілген бойынша, қайтыс болған сәттен бастап анықталған он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
Тарау 4. 4. Қалалық көлікте жүрудің жол ақысына жыл сайын әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
4. Қалалық көлікте жүрудің жол ақысына жыл сайын әлеуметтік көмек көрсету тәртібі.
Тармақ 15
15. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ, бұрынғы Кеңестер Одағының ордендерімен және медальдерімен соғыс жылдарында тылдағы ерен еңбегі және қалтықсыз әскери қызмет көрсеткендері үшін марапатталған адамдардың қалалық көлікте жеңілдіктермен жүрулеріне жыл сайын әлеуметтік көмек алуға құқылы;
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін тағайындалады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек өтініш берген адамның табысына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек мөлшері тиісті жылға қалалық көлікте бір айда 4 рет жол жүру акысы есебімен анықталады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызды күндерде әлеуметтік төлем төлеудің тәртібі.
5. Мемлекеттік мерекелерде және әлеуметтік-маңызды күндерде әлеуметтік төлем төлеудің тәртібі.
Тармақ 19
19. Зейнетақы төлемдері жөніндегі Мемлекеттік төлем орталығының берген тізімдеріне сәйкес, мемлекеттік мерекелер мен әлеуметтік-маңызды күндерде өтінішсіз-ақ, комиссия шешімімен әлеуметтік көмек алушылар санаттары және оның көлемі белгіленеді.
Тармақ 20
20. Бір мезгілде бірнеше негіздер (санаттар) бойынша әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар адамдарға әлеуметтік төлем, бір ғана негіз бойынша беріледі.
Тарау 6. 6. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қауіпі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға берілетін әлеуметтік көмектің тәртібі.
6. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қауіпі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға берілетін әлеуметтік көмектің тәртібі.
Тармақ 21
21. Туберкулезбен ауырғандарға және туберкулез ауруының «қауіпі бар» балаларға қосымша тамақтандыруға амбулаторлық емделу мерзімі кезеңінде берілетін әлеуметтік көмек, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға және мемлекеттік жәрдемақы алатын балалары бар отбасыларға, қосымша құжаттар берілместен, аудан ауырхананың тізіміне сәйкес беріледі.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмек, ай сайын бір адамға, 1 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмек тоқсанға тағайындалады, төлем ай сайын жүргізіледі.
Тарау 7. 7. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі.
7. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі.
Тармақ 24
24. Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген азаматтарға негізгі тамақ өнімдері мен қуат көздеріне бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Әлеуметтік көмек мөлшері тиісті жылға белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішпен белгіленеді.
Тармақ 26
26. Әлеуметтік көмек төлемдері өтініш бермей-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімдеріне сай өтеледі.
Тарау 8. 8. Өмірдің қыйын жағдайларға түскен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі.
8. Өмірдің қыйын жағдайларға түскен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі.
Тармақ 27
27. Өмірдің қыйын жағдайларға түскен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек берілген өтінішке және жанұяның тұрмыстық тексеріс актіне келісті көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Біржолғы көмек өлшемі әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссия шешімімен орнатылады.