Вопросы Комитета культуры Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы ереже;
Тармақша 2
2) 📌 Ескерту. 2)-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1366 қаулысымен.
Тармақша 3
3) 📌 Ескерту. 3)-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 872 қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 маусымдағы N 525 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 17, 155-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті туралы Ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ мәдениет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 5
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 2. 📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.04. N 654 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тармақ 2. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мәдениет саласында, оның ішінде тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, саланы реформалауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту және тарату туралы қамқорлық;
Тармақша 3
3) өз қызметінің саласында заңдардың қолданылу практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мәдениет саласында заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу;
Тармақша 4
4) мәдениет саласындағы өнім мен қызмет көрсетулердің отандық рыногын зерделеу, талдау және болжамдау;
Тармақша 5
5) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде кино, -бейнефильмдер шығаруы үшін ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, бұл туындылардың жоғары кәсіби және көркемдік деңгейін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде таратуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде мәдени құндылықтарды еркін пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) мәдениет саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер туралы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 8
8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, кино және бейне туындылардың тізілімін жасау;
Тармақша 9
9) фестивальдар, байқаулар, конкурстар, айтыстар және мәдениетті өркендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды өткізу болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өнер туындыларын жасауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады, көркемдігі жоғары кино, драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу өнері, бедерлік-қолданбалы өнер, эстрадалық және цирк өнері туындыларының жасалуын қамтамасыз ететін конкурстар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде жасаған кино, бейнефильмдеріне тіркеу куәліктерін береді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдаланудың тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және өз құзыретінің шегінде бекітеді;
Тармақша 4
4) мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлеріне құрметті атақтар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 5
5)
Тармақша 6
6) өз құзыретінің шегінде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 7
7) 📌 Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 872 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Комитеттің заңдарда белгіленген тәртіппен негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, азаматтардан өзінің функцияларын орындауы үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) көп жақты халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға қатысуға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тапсырыстардың шеңберінде жасалатын кино, бейне туындыларды қарау және олар бойынша қорытындылар беру жөніндегі сарапшылар комиссиясын құруға;
Тармақша 5
5) республикада фестивальдар өткізуге және шетелде өткізілетін фестивальдарға қатысуға, кәсіби және көркемөнерпаздар шығармашылығы күдерін, көркемдік ұжымдар мен орындаушылардың конкурстарын, байқауларды және Қазақстан Республикасы мәдениетінің жетістіктерін көрсетуге байланысты басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын лицензиялауды жүргізуге, сондай-ақ мәдени құндылықтарды әкелуге және әкетуге рұқсат беруге;
Тармақша 7
7) кәсіби шығармашылық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдардың мәдениет мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге;
Тармақша 8
8) мәдениет саласындағы мемлекеттік ұйымдар жанындағы мәдениет туындыларының қорларын іріктеу, жинақтау және сақтау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) мәдениетті экономикалық және әлеуметтік дамытудың бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға, мақсатты бағдарламалар мен жобаларға бөлінетін республикалық бюджеттің қаражатын бөлу туралы ұсыныстар енгізуге, оның ұтымды пайдаланылуын бақылауға қатысуға;
Тармақша 10
10) клубтар, кітапханалар, кинотеатрлар және басқа да мәдениет объектілерін жобалау және құрылысын салу жөнінде ұсыныстар енгізуге және өз құзыретінің шегінде қарауға;
Тармақша 11
11)
Тармақша 12
12) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 📌 Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.27. N 872 қаулысымен.
Тармақ 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолмен билік етуге құқы жоқ . Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін .
Тармақ 4. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бір орынбасары болады. 📌 ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 17
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Төраға осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыретінің шегінде Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді. <*>
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік органды білдіреді;
Тармақша 7
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.04. N 654 қаулысымен.
Тармақ 19
19. Комитетте сандық құрамын Министр, ал жеке құрамын Комитеттің Төрағасы белгілейтін консультативтік-кеңесші орган - Алқа құрылады.
Тармақ 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 68. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың Тізбесі Театрлар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың Тізбесі Театрлар
Тармақ 1
1. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
Тармақ 2
2. М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Тармақ 3
3. М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
Тармақ 4
4. Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Тармақ 5
5. Н.Сан атындағы академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры
Тармақ 6
6. Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры
Тармақ 7
7. Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры
Тармақ 8
8. Республикалық неміс драма театры
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қуыршақ театры
Тармақ 9-1. Концерттік ұйымдар
9-1. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры. Концерттік ұйымдар
Тармақ 10
10. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы
Тармақ 11
11. "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдік-концерттік бірлестігі
Тармақ 12
12. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі
Тармақ 14
14. "Қазақстан камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблі
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры.
Тармақ 16
16. "Гүлдер" ансамблі
Тармақ 16-1. Мұражайлар
16-1. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі Мұражайлар
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы
Тармақ 18
18. Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы
Тармақ 19
19. Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы
Тармақ 20
20. Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы
Тармақ 21
21. Бірегей музыкалық шекті аспаптар мемлекеттік коллекциясы
Тармақ 22
22. Республикалық кітап мұражайы
Тармақ 23
23. Көркемсурет көрмелерi дирекциясы
Тармақ 24
24. Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдебиет-мемориалдық мұражай кешені
Тармақ 24-1
24-1. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
Тармақ 24-2. Кино
24-2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы Кино
Тармақ 25
25.
Тармақ 26
26. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы
Тармақ 27
27.
Тармақ 28. Тарихи-мәдени қорықтар
28. Тарихи-мәдени қорықтар
Тармақ 29
29. Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы
Тармақ 30
30. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы
Тармақ 31
31.
Тармақ 32
32. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығы
Тармақ 33
33. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы
Тармақ 34
34. Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығы
Тармақ 35. Кітапханалар
35.№"Көне Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы Кітапханалар
Тармақ 36
36. Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы
Тармақ 37
37. Жамбыл атындағы республикалық мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы
Тармақ 38
38. С.Бегалин атындағы республикалық мемлекеттік балалар кітапханасы
Тармақ 39. Өзге де ұйымдар
39. Республикалық зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасы Өзге де ұйымдар
Тармақ 40
40. Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді мемлекеттік қолдау қоры
Тармақ 41
41. Қазақ мәдениеті мен өнертану ғылыми-зерттеу институты
Тармақ 42
42. Республика Сарайы
Тармақ 43
43. Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламаларының дирекциясы
Тармақ 44
44. Материалды мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-зерттеу және жобалау институты
Тармақ 45
45. Республикалық мемлекеттік жөндеу-құрылыс және қайта қалпына келтіру басқармасы
Тармақ 46
46. Алып тасталды - 2002.04.11. N 417 қаулысымен. 📌 ЕСКЕРТУ. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.22. N 275 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.09.29. N 1477 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.27. N 1620 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.28. N 1626 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Тізбе 24-2 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.18. N 67 қаулысымен. Ескерту. Тізбеден 31-жол алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.19. N 1479 қаулысымен. Ескерту. 15-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.01.23. N 84 қаулысымен. Ескерту. 23-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.07.03. N 651 қаулысымен. Ескерту. 16-1-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 836 қаулысымен .
Басқа 119. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің Құрылымы Басшылық Музыка өнері және шетелдермен байланыс бөлімі Театр өнері және кинематография бөлімі Тарихи-мәдени мұралар, мұражай және кітапхана жұмысы бөлімі Экономика және қаржы бөлімі Ақпараттық талдау және ұйымдастыру, кадр жұмысы бөлімі.