О согласовании коэффициента зонирования по городу Экибастузу для оценки недвижимого имущества физических лиц, не используемых в предпринимательской деятельности для целей налогообложения Қолданыста
Басқа 0
Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінде пайданылмайтын, жылжымайтын мүліктерін салық салу мақсаты үшін бағалауға Екібастұз қаласы бойынша аймақтандыру коэффицентін келісу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы негізінде, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 364-бабына, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылгы 17 сәуірдегі № 447 қаулысымен бекітілген, жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау Ережелерінің 14-тармағына және «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Екібастұз филиалының 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 7-26/23 хатына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке түлғалардың кәсіпкерлік қызметінде пайданылмайтын, жылжымайтын мүліктерін салық салу мақсаты үшін бағалауға Екібастұз қаласы бойынша аймақтандыру коэффиценті қосымшаға сәйкес келісілсін.
Тармақ 2
2. Аталмыш қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің кеңесшісі Ж.А.Түсіпбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.