Об изменениях в административно-территориальном устройстве Акмолинской и Северо-Казахстанской областей Қолданыста
Басқа 0
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
ҒҒ"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының шекарасы өзгертілсін, оған Солтүстік
Қазақстан облысының Еңбекшілдер, Зеренді, Щучинск аудандары мен
Көкшетау қаласының аумақтары енгізілсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облысының әкімшілік орталығы Астана қаласынан Көкшетау
қаласына көшірілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру
жөнінде қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.