О признании утратившими силу некоторых законодательных актов Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 1992 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 266-құжат; 1993 ж., N 10, 266-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот iсiн жүргiзу туралы" 1992 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 267-құжат; 1993 ж., N 10, 266-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" және "Қазақстан Республикасында Конституциялық Сот iсiн жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 10, 268-құжат);
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметiн қамтамасыз ету туралы" 1992 жылғы 24 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Төралқасының қаулысы;
Тармақша 5
5) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң өкiлiн жiберу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 22 қыркүйектегi қаулысы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) осы Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдық және өзге де шараларды қолдансын;
Тармақша 2
2) Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы Жарлықпен сәйкестендiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.