О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгілеген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын."; көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26 N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 6
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 7
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы
Басқа 2. Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативі Құрылымдық бөлімшелердің басшылары орынбасарларының лауазымдары енгізіледі: бөлім бастығының орынбасары      бөлімде (бастықты қоса                                        алғанда) кемінде 7 бірлік                                        болғанда; Басқарма бастығының орынбасары   басқармада (бастықты қоса                                        алғанда) кемінде 15 бірлік                                        болғанда. Басқарма бастығы                                        орынбасарының шекті саны 3                                        бірліктен аспауы тиіс.