Об утверждении Правил целевого использования средств, выделяемых из республиканского бюджета для оралманов Күшін жойған
Басқа 0
Республикалық бюджеттен оралмандар үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану ережесін бекіту туралы
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Республикалық бюджеттен оралмандар үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану ережесі бекітілсін.
📌 Ескерту. Тақырып және 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 48 қаулысымен , 2004.02.25. N 225 қаулысымен .
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Көшіп келу квотасы және отандастарды Иран Ислам Республикасы мен басқа мемлекеттерден қоныс аударуын ұйымдастыру шаралары туралы" 1993 жылғы 15 сәуірдегі N 1184 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 27 мамырдағы N 437 қаулысының 10-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану Ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
1999 жылғы 18 тамыздағы
N 1194 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану Ережесі
📌 Ескерту. Тақырып және мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 48 қаулысымен , Тақырыбына өзгеріс енгізілді - 2004.02.25. N 225 қаулысымен .
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесi "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттен бөлiнетін және қоныс аудару іс-шараларын қаржыландыру мен оралмандарды әлеуметтік қорғауға бағытталған қаражатты мақсатты пайдаланудың тәртiбiн айқындайды. <*>
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.02.25. N 225 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражат:
Тармақша 1
1) оралмандарға және олардың отбасы мүшелерiне бiржолғы жәрдемақылар төлеуге;
Тармақша 2
2) оралмандардың отбасыларын көшiрудi және олардың мүлкiн тасымалдауды ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген квотадағы ұйымдасқан көшiруден тыс Қазақстан Республикасына қоныс аударған оралмандардың отбасыларына көлiк шығындарын (жолақысын және мүлiк тасымалы ақысын) өтеуге;
Тармақша 4
4) оралмандарды жүрген жолдары бойында және тұрақтайтын орнына жеткенше тамақ және дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшiн қаражат бөлуге; <*>
Тармақша 6
6) оралмандардың құжаттамалары үшiн ақы төлеуге жұмсалады.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.25. N 225 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қон мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң белгіленген мерзiмде және нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
Тармақша 1
1) шығыстардың жұмсалған бағытын көрсете отырып мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын; <*>
Тармақша 2
2) республикалық бюджеттен оралмандарға қатысты көшi-қон iс-шараларына бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептi тапсырады.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.02.25. N 225 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Оралмандарға бiржолғы жәрдемақы тағайындауды оралмандардың тұрған орындары бойынша халықтың көшi-қон мәселелерi жөнiндегi аумақтық органдары жүргiзедi.
Бiржолғы жәрдемақыны тағайындау туралы өтiнiшке оралманның жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тапсырылады.
Тармақ 6
6. Оралмандарға бiржолғы жәрдемақы:
отағасына - он бес есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
отбасының әрбiр мүшесiне - он есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады.
Айлық есептiк көрсеткiш Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындау сәтiнде есептеледi.
Отағасы оралман жанұясының басшысы болып саналады.
Тармақ 7
7. Оралмандарға бiржолғы жәрдемақыларды төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қолма-қол ақша түрiнде жүзеге асырылады.
Оралманның қалауы бойынша бiржолғы жәрдемақы қолма-қол емес нысанда да берiлуi мүмкiн.
Тармақ 8
8. Оралмандардың қоныс аударуын және олардың мүлкiн тасымалдауды жыл сайын белгiленетiн көшi-қон квотасына сәйкес Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы органы ұйымдасқан түрде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Оралмандар ұйымдасқан түрде қоныс аударған кезде республикалық бюджетке бөлiнетiн қаражат:
Тармақша 1
1) көлiк ұйымдарының қызметтерiне оралманның отбасы мүлкiн тасымалдаудың нормасы 1000 килограмнан аспайтын салмақта белгiленедi);
Тармақша 2
2) тұрақты шекаралық бақылау пункттерi жоқ аймақтарда, оралмандар шекараны кесiп өтетiн жерлерде уақытша бақылау-өткiзу пункттерiн ұйымдастыру қызметiне;
Тармақша 3
3) көшi-қон ұйымдары қызметкерлерiнiң iссапарларына ақы төлеуге пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасына квота есебiмен келген оралмандардың өз бетiмен қоныс аударуы және мүлкiн тасымалдауы жағдайында шығындарды өтеу мынадай мөлшерлерде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) әрбiр оралманның өткені үшiн ақы жол жүру құжаттарын тапсырған жағдайда (авиакөлiктен басқа) iс жүзiндегi шығындар бойынша, бiрақ он есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде жүргiзiледi;
Тармақша 2
2) оралманның отбасының жеке мүлкiн өткiзу үшiн шығынды төлеу көлiктiк қызмет көрсету туралы құжаттар тапсырылған жағдайда, бiрақ оралманның отбасы үшiн он бес есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада жүргізiледi.
Көлiктiк шығындар оралманның отбасына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен өтеледi.
Тармақ 11
11. Тамақ өнiмдерiмен және дәрi-дәрмек заттарымен қамтамасыз ету бiр оралманға арналған есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң елу процентiнен аспайтын есеппен жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларының тұрғын үй сатып алуы үшін қаражат бөлудi отбасының бір мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiмен келген жерi бойынша халықтың көші-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық органдар жүргізедi.
Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi аумақтық орган оралман отбасы отағасының оралман куәлiгiнiң және тұрғын үй сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты мақсатты пайдалану жөнiндегi мiндеттеменiң нотариалды түрде расталған көшiрмелерiн ұсынуы бойынша оралмандар отбасы отағасының екiншi деңгейдегi банкте алдын ала ашқан жеке шотына қаражатты аударады. <*>
Бұл ретте оралмандардың жеке шотына аударылған бөлiнген қаражат сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы терiс айырма оралмандардың өз қаражаты есебiнен қосымша төленедi, ал оң айырма оралмандардың өздерiнде қалады. <*>
📌 Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.02.25. N 225 қаулысымен , 2004.07.08. N 747 қаулысымен .
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы iшкi iстер және әдiлет органдарының оралмандарды құжаттамалау (мекендеу рұқсаты немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) жөнiндегі қызметiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн осы құжаттардың белгiленген құны мөлшерiнде жүргiзiледi.
📌 Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.17. N 48 қаулысымен , 2004.02.25. N 225 қаулысымен , 2005.02.14. N 140 қаулысымен.