Абат ауылындағы үшінші көшеге Қосалы Жұмановтың есімін беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абат ауылындағы үшінші көшеге Қосалы Жұмановтың есімін беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, жалпы жиналыс хаттамасына, аудандық ономастика комиссиясының ұйғарымына және Абат ауылы үшінші көше тұрғындарының өтініштеріне негізделіп А.Қалыбеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. А.Қалыбеков ауылдық округі Абат ауылындағы үшінші көшеге осы ауылдың азаматы, Мырзашөл өңірінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан, Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан қорғау үшін қаржылық үлесін қосқан еңбек ардагері, қайраткер Қосалы Жұмановтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы жоғарыдағы есімі берілген көшені қазіргі заман талабына сәйкестендіріп, архитектуралық талапқа сай безендіру, көшенің атауымен әр үйге сандық белгілер орнату, көшені таза ұстау әрі үлгілі көше деген атаққа лайықты болуын Қосалы Жұмановтың ұл-қыздарынан сұралсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.