Қарақай елді мекеніндегі М.Горький көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарақай елді мекеніндегі М.Горький көшесінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, жалпы жиналыс хаттамасына, аудандық ономастика комиссиясының ұйғарымына және Қарақай елді мекені тұрғындарының өтініштеріне негізделіп Қарақай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарақай ауылдық Қарақай елді мекеніндегі М.Горький көшесіне осы ауылдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан, ІІІ-дәрежелі "Еңбек ардагері" Алтыбай Әбдрахмановтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы жоғарыдағы есімі берілген көшені қазіргі заман талабына сәйкестендіріп, архитектуралық талапқа сай безендіру, көшенің атауымен әр үйге сандық белгілер орнату, көшені таза ұстау әрі үлгілі көше деген атаққа лайықты болуын Алтыбай Әбдрахмановтың ұл-қыздарынан сұралсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.