О повышении на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам социального обеспечения, образования, культуры, работающим в аульной (сельской) местности Қолданыста
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарына лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды жиырма бес процентке жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 238-бабы 2-тармағын, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағын орындау мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарына, 2008 жылға арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкалармен салыстарғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аталған шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.