Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку Қолданыста
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және кайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 53-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 31-бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулығы
Қарасу ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 27 акпандағы
№ 39 қаулысымен бекітілді
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулығы
Осы нұсқаулық кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратың жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган - «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші - әлеуметтік көмекті алуға үміттенетін адам.
Тармақ 2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек уәкілетті органымен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейін бір айдан кешіктірмей өтініш жасаса әлеуметтік көмек төленеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініштерін карайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 5
5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың басымды тәртібінде кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауды өтуге құқығы бар.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасау
Тармақ 6
6. Өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша өтінішті береді және әлеуметтік көмекті алу құқығын растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті тартады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттардың тізбесі
3. Қажетті құжаттардың тізбесі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мына құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) тұрғылықты жері бойынша банкідегі жеке есепшоттың нөмірін көрсетуімен әлеуметтік көмекті көрсету туралы жазбаша өтініші;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтініш беруші жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын уәкілетті органның құжат көшірмесі;
Тармақша 4
4) кәсіби оқуға уәкілетті органымен жұмыссызға берілген жолдаманың көшірмесі;
Тармақша 5
5) кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберген уәкілетті органның жұмыссызбен жасасқан шарттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) теміржол, жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша жолақы құжаттарының түпнұсқасы, немесе көрсетілген тасымалдау түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органмен кол қойылған және мөрмен растаған (оқу басталар алдындағы күндердегі) жолақының бағасы туралы анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесі берген медициналық куәландырудан өткені туралы санитарлық кітапшасының көшірмесі және оны өтуге төлеу жөніндегі төлем құжаты.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар уәкілетті органға салыстыру үшін түпнұсқаларда және олардың көшірмелерде тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге кайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш берушінен барлық құжаттарымен өтінішін тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді. Бас тартқан жағдайда өтініш беруші бас тартудың себептерін көрсетуімен жазбаша хабарландырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың жоқ болуы оны тағайындауда бас тартуды әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек мына шығындарды өтеуге көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тамақ - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айына жеті айлық есептік көрсеткіші;
Тармақша 2
2) осы нұсқаулықтың 8-тармағының 7-тармақшасында көрсетілген құжатпен расталған медициналық куәландыру;
Тармақша 3
3) тұру - тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айына бес айлық есептік көрсеткіші;
Тармақша 4
4) аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға осы нұсқаулықтың 8-тармағының 6-тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жолақының бағасы.
Тармақ 14
14. Қостанай облысы бойынша Қарасу ауданы аумағының тыс жерлерге кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздарға тұруға және оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық бюджеттің қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Барлық оқу мерзіміне әлеуметтік көмекті төлеу оқу аяқталған соң жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган есептеуді жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады және қаржы органға қаржыландыруға жиынтық өтінім тапсырады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер аркылы уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес жұмыссыздардың жеке есепшоттарына акшалай түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады.