О переименовании сел Железинского района Павлодарской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысының Железин ауданының ауылдарын қайта атау туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына, Железин аудандық мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 12 маусымдағы № 184-3/25 және 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 219-3/30 бiрлескен шешiмдерiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы "Железин ауданының ауылдарын қайта атау туралы" № 270/9 қаулысына сәйкес, Железин ауданының Комаровка және Новокузьминка ауылдары тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Железин ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Железин селолық округiнiң Комаровка селосы Аққайың ауылы және Қазақстан селолық округiнiң Новокузьминка селосы Жаңа жұлдыз ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.