Вопросы Комитета по государственному энергетическому надзору Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің мәселелері
📌 ЕСКЕРТУ. Тақырыбы және мәтінінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 133 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті (Мемэнерқадағалауком) туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің (Мемэнерқадағалауком) құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 4) тармақшасы "энергетикалық" деген сөздің алдынан "Мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті (Мемэнерқадағалауком) туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Yкiметінің
1999 жылғы 3 тамыздағы
N 1221 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті (Мемэнерқадағалауком) туралы Ереже
📌 ЕСКЕРТУ. Тақырыбы және мәтінінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 133 қаулысымен .
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Энергетикажәне минералдық ресурстар министрлiгi құзыретiнiң шегінде арнайы атқару бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметінің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер ол осыған заңдарға сәйкес уәкiлеттi болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында күші бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітеді.
Тармақ 6
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 37.
Тармақ 7
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі (мемэнергқадағалауком).
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек қана мемлекеттiк бюджеттің есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің "функциялары болып табылатын міндеттердi орындау нысанасына шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсіне жiберiледi.
Тармақ 2. 2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негiзгi міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) "өндiрiстiң сенiмдiлiгiн, қауiпсiздігі мен үнемдiлігін, энергияның берiлуiн, бөлiнуi мен пайдаланылуын қадағалау;
Тармақша 2
2) электр станцияларының электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтарының, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін қадағалау;
Тармақша 3
3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемі пайдаланылуы мен өндiру режимін оңтайландыру және берiлуін бақылау;
Тармақша 4
4) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі мемлекеттiк стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың сақталуына бақылау жасау;
Тармақша 5
5) электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптардың орындалуын қадағалау;
Тармақша 6
6) ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң техникалық талаптарын орындауын қадағалау;
Тармақша 7
7) энергетикалық жабдықтардың жұмыс тиiмдiлігін арттыру, оны қайта жаңарту және жетiлдiру бөлiгiнде стратегиялық инвесторлардың жұмысы бойынша ұсыныстар дайындау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну;
Тармақша 8
8) Қазақстанның бiртұтас энергия жүйесінің бiрнеше бөлiкке бөлінуiне, электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтардың бұзылуына әкеп соқтыратын электр станцияларының, жылу және электр жүйелерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзылуларды тексерудi ұйымдастыру және есебiн жүргiзу;
Тармақша 9
9) заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмділігін зерделеуді ұйымдастыру.
Тармақ 11
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) электрэнергетикалық кешенде мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу:
Тармақша 2
2) электр энергиясы көтерме және сауда рыноктарының жұмыс істеуінің мониторингі:
Тармақша 3
3) электр және жылу энергияларының көтерме және бөлшек сауда рыноктарының жұмыс істеуімен байланысты техникалық мәселелер бойынша қорытындылар беру;
Тармақша 4
4) электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жағдайын кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің қысқы жағдайларда жұмыс істеуі үшін жөндеу науқанының барысына және отын дайындауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) энергетикалық объектілерді техникалық пайдалану, апаттық және жарақаттанудың жай-күйі бойынша есеп беру жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) электр және жылу жүйелеріндегі аса маңызды техникалық-экономикалық көрсеткіштердің, отынның үлестік шығынының жай-күйіне, электр және жылу жүйелеріндегі электр және жылу шығындарының және энергетикалық объектілердің иелерінің оларды төмендету жөнінде қабылдаған міндеттемелерінің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі мемлекеттік стандарттар мен техникалық ережелердің талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 9
9) электр энергетикасы саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне талаптардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) электр энергетикасы саласында ұйымдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарын орындауына қадағалау жүргізу;
Тармақша 11
11) стратегиялық инвесторлардың электр энергетикасындағы негізгі қорлардың жай-күйін жақсарту, жабдықтарды қайта жаңартуды және жетілдіруді жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізуіне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) электр энергетикасы кешенінде қолданылып жүрген заңдар мен техникалық және технологиялық нормалардан тұратын нормативтік актілерді, ережелер мен стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныс дайындау;
Тармақша 13
13) электр және жылу энергиясын ұтымды пайдалану жөнінде техникалық сараптама жүргізуді, энергия үнемдеу саясатын орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтары жұмысындағы технологиялық бұзылуларды сарапшыларды тарта отырып тексеруді ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) техникалық жағдайы мен электр және энергия қондырғыларын пайдаланудың қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында электрлік жылу энергиясын өндіру, беру және таратуды жүзеге асырушы ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдаланудың қауіпсіздік ережелері мен қауіпсіздік жөніндегі білімдеріне сыныптық тексеру ұйымдастыру;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы қолданылып жүрген заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Комитет негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларының және оларға қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысына тексерулер жүргізуге;
Тармақша 2
2) тексеру актілерін жасауға және Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті ұйымдардың басшылары орындауға міндетті ұйғарымдар енгізуге;
Тармақша 3
3) энергетика кәсіпорындарының қыс жағдайларындағы жұмысқа әзірлігін бағалауға және дайындық актілерін беруге;
Тармақша 4
4) қадағалаудағы энергетикалық жабдықтарды зерттеу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру жүргізу кезінде тиісті сарапшыларды тартуға;
Тармақша 5
5) электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің жұмысындағы технологиялық бұзылуларды тексеру жөнінде комиссиялар тағайындауға;
Тармақша 6
6) электр энергетикасы кешенінің субъектілерінен және қадағалаудағы жабдықтардың меншік иелерінен өз функцияларын жүзеге асыру үшін техникалық-экономикалық ақпарат алуға;
Тармақша 7
7) олардың кінәсінен аварияларға, қайғылы оқиғаларға және нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарын өзге де өрескел бұзуға жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұйымдардың меншік иелеріне ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 8
8) аварияларға, қайғылы оқиғаларға және нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарын өзге де өрескел бұзуға жол берген тұлғаларды
заңдарға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті мемлекеттік ұйымдарға жіберуге;
Тармақша 9
9) заңдарға сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Комитеттің мүлкі республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Заңдармен белгіленген жағдайларда және шектерде Комитетке мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тармақ 4. 4. Комитеттің жұмысын ұйымдастыру
4. Комитеттің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бір орынбасары болады.
Тармақ 18
18. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
Тармақ 19
19. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Комитеттің қызметкерлеріне заңдарда белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 4
4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Басқа 72. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 23 тамыздағы
N 1221 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің құрылымы
Басшылық
Мониторинг және талдау басқармасы
Техникалық инспекция басқармасы