О судах и статусе судей в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2000.12.25. № 132 Конституциялық заңымен.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 4-тармағы мен 82-бабының 5-тармағына сәйкес және сот-құқық реформасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
Бөлім i. I Бөлiм. Жалпы ережелер
I Бөлiм. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Сот билiгi
1-бап. Сот билiгi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек қана сот жүзеге асырады. Сот билiгi азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды жүзеге асыруды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
Тармақ 2
2. Соттар өздерiне тиесiлi билiктi ешкiмнiң еркiне қарамастан Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Республикадағы сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, Республиканың халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
Тармақ 4
4. Сот билiгi сот iсiн жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, өзге қаулылары, сондай-ақ олардың заңды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтiнiштерi Республиканың бүкiл аумағында барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. Оларды орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеу заң бойынша жауаптылыққа әкелiп соғады.
Бап 2. 2-бап. Сот жүйесi
2-бап. Сот жүйесi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесiн заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергiлiктi соттары (облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Алматы қалалық соты, Қазақстан Республикасы әскерлерiнiң Әскери соты), аудандық (қалалық), әскери соттар) құрайды. Ешбiр өзге органның, лауазымды адамның немесе өзге тұлғаның сот функцияларын өзiне алуға хақы жоқ.
Тармақ 2
2. Қандай да бiр атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға
жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында соттардың мамандандырылуы және осы
мақсатта мамандандырылған: шаруашылық, салық, отбасылық, кәмелетке
толмағандардың iстерi жөнiндегi, әкiмшiлiк және басқа соттарды құру
жүзеге асырылуы мүмкiн. Мамандандырылған соттардың, оларға осы
Жарлықтың ережелерi қолданыла отырып, аудандық (қалалық) сот
мәртебесi болады.
Тармақ 4
4.
📌 Ескерту. 2-баптың 4-тармағы алынып тасталған - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi
3-бап. Сот жүйесiнiң бiрлiгi
Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi:
Тармақша 1
1) сот төрелiгiнiң конституциялық принциптерiмен;
Тармақша 2
2) сот iсiн жүргiзудiң заңмен белгiленген нысандарында сот
билiгiн жүзеге асырумен;
Тармақша 3
3) соттардың бiрыңғай заңдарды қолдануымен;
Тармақша 4
4) соттарды құру тәртiбiмен;
Тармақша 5
5) Республиканың бүкiл аумағында заңды күшiне енген сот
шешiмдерiнiң орындалу жүйесiмен;
Тармақша 6
6) барлық соттарды республикалық бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
📌 Ескерту. 3-бапта 1)-тармақша алынып тасталды, 2)-7) тармақшалар
1)-6) тармақшалар болып саналды - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң негiзгi принциптерi
4-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң негiзгi принциптерi
Республикадағы соттар қызметi заңдылық, судьялардың тәуелсiздiгi, баршаның заң және сот алдындағы теңдiгi, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, iстердi қараудың жариялылығы принциптерiнiң негiзiнде құрылады.
Бап 5. 5-бап. Сот арқылы қорғалу құқығы
5-бап. Сот арқылы қорғалу құқығы
Тармақ 1
1. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге тұлғалардың Республиканың Конституциясы мен заңдарында көзделген құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген жолсыз шешiмдерi мен iс-әрекетiнен сот арқылы қорғалуына кепiлдiк берiледi.
Тармақ 2
2. Ешкiмдi заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiк сақтала отырып құзыреттi, тәуелсiз және әдiл сотта iсiнiң қаралуы құқығынан айыруға болмайды.
Тармақ 3
3. Барлық соттарда және сот iсiн жүргiзудiң кез келген деңгейiнде бiлiктi заң көмегiмен қорғауға кепiлдiк берiледi.
Тармақ 4
4. Сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралуға тиiстi өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды ешбiр басқа органдар, лауазымды немесе өзге тұлғалар қарай алмайды немесе бақылауға ала алмайды.
Бап 6. 6-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi
6-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi
Республикада сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi мемлекеттiк тiлмен бiрдей ресми қолданылады. Сот iсiн жүргiзу, сол сияқты осы жер тұрғындарының көпшiлiгiнiң тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
Бап 7. 7-бап. Сотта iстi қараудың жариялылығы
7-бап. Сотта iстi қараудың жариялылығы
Тармақ 1
1. Барлық соттарда iстер ашық қаралады.
Тармақ 2
2. Егер iстi ашық қарау мемлекеттiк құпияларды, әскери, қызметтiк және коммерциялық құпияның жария болуына әкеп соғуы мүмкiн не азаматтардың және өмiрi мен өз басының, отбасының құпиясы жария болудан, қорғау не сот iсiн жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiгi болса iстердi жабық отырыста тыңдауға рұқсат етiледi.
Тармақ 3
3. Соттардың шешiмдерi, үкiмдерi мен қаулылары көпшiлiк алдында жария етiледi.
📌 Ескерту. 7-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Iстердi қарау кезiндегi соттардың құрамы
8-бап. Iстердi қарау кезiндегi соттардың құрамы
Тармақ 1
1. Бастапқы сатылы сотта iстердi қарауды судья жеке дара жүзеге
асырады. Заңда өлiм жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық
iстер үш судья құрамында қаралады.
Тармақ 2
2. Жоғары тұрған соттардың iс қарауы iс жүргiзу заңдарында
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Iстер алқалы түрде қаралған кезде судьялардың дауыс беруден
қалыс қалуға хақы жоқ.
📌 Ескерту. 8-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 1997.07.02. № 143 Заңымен.
Бап 9. 9-бап. Прокурор мен адвокаттың iстердi қарауға қатысуы
9-бап. Прокурор мен адвокаттың iстердi қарауға қатысуы
Прокурорлар мен адвокаттар соттардың iстердi қарауына
тараптардың теңдiгi және процестiң жарыспалылығы принциптерiнiң
негiзiнде қатысады.
Бөлім ii. II Бөлiм. Соттар жүйесi
II Бөлiм. Соттар жүйесi
Тарау i. I Тарау. Аудандық (қалалық соттар)
I Тарау. Аудандық (қалалық соттар)
Бап 10. 10-бап. Аудандық (қалалық) соттарды құру
10-бап. Аудандық (қалалық) соттарды құру
Тармақ 1
1. Аудандық (қалалық) сотты Әдiлет министрiнiң ұсынуымен ауданда, қалада (аудандық бағыныстағы қалалардан басқа), қаладағы ауданда Республика Президентi құрады және таратады.
Тармақ 2
2. Республика Президентi Республика Әдiлет министрiнiң ұсынуымен аудан мен қалаға, бiрнеше аудандарға (қаладағы аудандарға) және қалаларға бiр сотты құруы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Аудандық (қалалық) соттардың сот учаскелерiн әдiлет басқармасының бастығы мен облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының бiрлескен ұсынысы бойынша Әдiлет министрi құрады және таратады.
📌 Ескерту. 10-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 11. 11-бап. Аудандық (қалалық) соттың құрамы
11-бап. Аудандық (қалалық) соттың құрамы
Тармақ 1
1. Аудандық (қалалық) сот төраға мен тұрақты судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық (қалалық) сотта бiр судья болса, ол сот төрағасының өкiлеттiгiн жүзеге асырады (бiр құрамды сот).
Оның құрамында сот учаскесi құрылған жағдайда аудандық (қалалық)
сот соттың төрағасынан, сот учаскесiнiң аға судьясынан және тұрақты
судьялардан тұрады.
Тармақ 2
2. Аудандық (қалалық) соттар үшiн судьялардың жалпы санын
Әдiлет министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Әрбiр аудандық (қалалық) сот үшiн судьялар санын Әдiлет
министрi белгiлейдi.
📌 Ескерту. 11-баптың 1-тармағы толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 12. 12-бап. Аудандық (қалалық) соттың өкiлеттiктерi және оның жұмысын ұйымдастыру
12-бап. Аудандық (қалалық) соттың өкiлеттiктерi және оның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Аудандық (қалалық) сот:
Тармақша 1
1) заңмен басқа соттардың қарауына жатқызылған iстердi
қоспағанда, бастапқы саты бойынша барлық iстердi қарайды;
Тармақша 2
2) сот статистикасын жүргiзедi және талдайды;
Тармақша 3
3) өзiне заңмен берiлген басқа өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2.
📌 Ескерту. 12-баптың 2-тармағы алынып тасталды - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 13. 13-бап. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы, сот учаскесiнiң аға судьясы
13-бап. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы, сот учаскесiнiң аға судьясы
Тармақ 1
1. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судья болып табылады және
соттың жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы:
Тармақша 1
1) судьялардың арасында iстердi бөледi және судьяларға басқа да
мiндеттердi жүктейдi;
Тармақша 2
2) бастапқы саты бойынша iстердi қарайды;
Тармақша 3
3) жеке қабылдау жүргiзедi, азаматтарды қабылдау және
ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi сот жұмысын
ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) сот практикасын зерделеудi ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
Тармақша 7
7) судьялар мен сот аппараты қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
Тармақша 9
9) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Сот учаскесiнiң аға судьясы судья болып табылады және осы
баптың 2-тармағының 4),5),7) және 8) тармақшаларында, сондай-ақ
6) тармақшасында (сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындау
және қызметтен босату бөлiгiнде) аталған өкiлеттiктi қоспағанда,
аудандық (қалалық) соттардың құқықтарына ие болады.
📌 Ескерту. 13-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 14. 14-бап. Уақытша орнында болмаған аудандық (қалалық) сот төрағасының, сот учаскесiнiң аға судьясының немесе судьясының мiндетiн атқару
14-бап. Уақытша орнында болмаған аудандық (қалалық) сот төрағасының, сот учаскесiнiң аға судьясының немесе судьясының мiндетiн атқару
Тармақ 1
1. Аудандық (қалалық) соттың төрағасы сот учаскесiнiң аға судьясы
уақытша орнында болмаған жағдайда олардың мiндеттерiн атқару төрағаның
бұйрығымен осы соттың судьяларының бiрiне жүктеледi.
Тармақ 2
2. Аудандық (қалалық) соттың судьясы уақытша орнында болмаған
жағдайда әдiлет басқармасы оның мiндеттерiн атқаруды басқа аудандық
(қалалық) сот судьяларының бiрiне жүктеуi мүмкiн.
📌 Ескерту. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Тарау ii. II Тарау. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар
II Тарау. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар
Бап 15. 15-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
15-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру
Тармақ 1
1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды Әдiлет
министрiнiң ұсынуымен әрбiр облыста және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiсте Республика Президентi құрады және таратады.
Тармақ 2
2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының жалпы
санын Әдiлет министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Әрбiр облыстық және оларға теңестiрiлген соттар үшiн
судьялардың санын тиiстi сот төрағасының ұсынуымен Әдiлет министрi
белгiлейдi.
📌 Ескерту. 15-бап сөзбен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың құрамы
16-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың құрамы
Тармақ 1
1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағадан, сот
алқаларының төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
Тармақ 2
2. Облыстық және оған теңестiрiлген сот органдары:
Тармақша 1
1) сот төралқасы;
Тармақша 2
2) азаматтық iстер жөнiнде сот алқасы;
Тармақша 3
3) шаруашылық iстерi жөнiндегi сот алқасы;
Тармақша 4
4) қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы болып табылады.
📌 Ескерту. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың өкiлеттiктерi
17-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың өкiлеттiктерi
Облыстық және оған теңестiрiлген сот:
Тармақша 1
1) бастапқы сатылы сот ретiнде өз өкiлеттiктерi шегiнде шағым
(кассация), қадағалау ретiмен және жаңадан анықталған жағдаяттар
бойынша iстердi қарайды;
Тармақша 2
2) аудандық (қалалық) соттарға сот қадағалауын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) сот статистикасын жүргiзедi және талдайды, сот практикасын
зерделеп, қорытады;
Тармақша 4
4) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 18. 18-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төралқасы
18-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төралқасы
Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төралқасы соттың
төрағасынан және жыл сайын облыстық соттың құрамы сот мүшелерiнiң
жалпы санынан жасырын дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен сайлайтын
төрт тұрақты судьядан тұрады.
📌 Ескерту. 18-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 19. 19-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының өкiлеттiктерi
19-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының өкiлеттiктерi
Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасы:
Тармақша 1
1) iстi өз құзыретiнiң шегiнде қадағалау тәртiбiмен және iс
жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен жаңадан ашылған мән-жайлар
бойынша қарайды;
Тармақша 2
2) алқалардың қызметi туралы сот алқалары төрағаларының есептерiн
тыңдайды, сот аппаратының мәселелерiн қарайды;
Тармақша 3
3) сот практикасын зерделеу мен сот статистикасын талдау
материалдарын, аудандық (қалалық) соттардың олардың сот төрелiгiн
жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
Тармақша 4
4) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 19-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 20. 20-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының жұмыс тәртiбi
20-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының жұмыс тәртiбi
Тармақ 1
1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының отырыстары
оның мүшелерiнiң жартысынан астамы бар болса құқылы.
Тармақ 2
2. Төралқа қаулыларына төрағалық етушi қол қояды.
Тармақ 3
3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төралқасының жұмысын ұйымдастыру және оның тәртiбi оның өзi қабылдаған регламентпен белгiленедi.
Бап 21. 21-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот алқалары
21-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген сот алқалары
Тармақ 1
1. Облыстық және оған теңестiрiлген сот сот алқалары өз өкiлеттiктерi шегiнде бастапқы сатылы соттар ретiнде шағым (кассация) тәртiбiмен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша iстердi қарайды, сондай-ақ оларға заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық,
шаруашылық және қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқаларының құрамын
тиiстi соттың судьялары арасынан сот төрағасы бекiтедi.
Тармақ 3
3. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы қажеттi
жағдайларда бiр сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында
iстердi қарау үшiн тартуға хақылы.
📌 Ескерту. 21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 22. 22-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы
22-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы
Тармақ 1
1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы судья болып
табылады және соттың жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы:
Тармақша 1
1) сот төралқасын шақырады және оның отырыстарында төрағалық
етедi;
Тармақша 2
2) алқалардың сот отырыстарында төрағалық етедi және бастапқы
саты бойынша iстердi қарайды;
Тармақша 3
3) заңда белгiленген шектерде және тәртiппен сот қаулыларына
наразылықтар енгiзедi;
Тармақша 4
4) заңда белгiленген реттерде және тәртiппен азаматтық, шаруашылық және әкiмшiлiк iстерi жөнiндегi шешiмдер мен ұйғарымдардың орындалуын тоқтата тұруға хақылы;
Тармақша 5
5) облыстық және оған теңестiрiлген сот алқалары сот төрағаларының лауазымдарына және судьялыққа кандидаттарды iрiктеп алуға және оларды Әдiлет министрлiгiне ұсынуға қатысады;
Тармақша 6
6) алқалардың құрамын бекiтедi және оның сот қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, алқалар төрағаларының арасында мiндеттердi бөледi;
Тармақша 7
7) сот алқасы төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеттерiн атқаруды сот мүшелерiнiң бiрiне жүктейдi;
Тармақша 8
8) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды, сот практикасын зерделеудi ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) сот кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) Әдiлет министрiне сот аппаратының құрылымы мен штатын ұсынады, аппараттың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырып, бақылайды;
Тармақша 11
11) ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi сот жұмысын ұйымдастырады, азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
Тармақша 12
12) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
Тармақша 13
13) белгiленген тәртiппен өздiгiнен сот алқаларының төрағалары және облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың судьялары жөнiнде немесе әдiлет басқармасының бастығымен бiрлесе отырып, аудандық (қалалық) және оларға теңестірiлген соттардың төрағалары мен судьялары, сот учаскелерiнiң аға судьялары жөнiндегi оларға бiлiктiлiк
сыныптарын беру және олардан айыру туралы ұсыныс енгiзедi;
Тармақша 14
14) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Тармақ 3
3. Облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасы уақытша
орнында болмаған жағдайда оның мiндеттерiн төрағаның бұйрығымен сот
алқасының төрағаларының бiрi атқарады.
📌 Ескерту. 22-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқасының төрағасы
23-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқасының төрағасы
Тармақ 1
1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқасының
төрағасы судья болып табылады және алқаның жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқасының
төрағасы:
Тармақша 1
1) алқаның отырыстарында төрағалық етедi әрi iстер жайында
баяндайды немесе бұл үшiн судьяларды тағайындайды;
Тармақша 2
2) сот отырыстарында iстердi қарау үшiн құрамдарды жасақтайды;
Тармақша 3
3) бастапқы саты бойынша iстердi қарайды;
Тармақша 4
4) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
Тармақша 5
5) төралқаға алқаның сот алқасының қызметi туралы есептi табыс
етедi;
Тармақша 6
6) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Сот алқасының төрағасы орнында болмаған жағдайда сот төрағасы
оның мiндеттерiн атқаруды осы алқаның судьяларының бiрiне жүктейдi.
📌 Ескерту. 23-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Тарау iii. III Тарау. Әскери соттар
III Тарау. Әскери соттар
Бап 24. 24-бап. Әскери соттарды құру
24-бап. Әскери соттарды құру
Тармақ 1
1. Республика аумағында Қазақстан Республикасының Әскери соты,
бiрлестiктердiң (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың) әскери
соттары болады.
Әскери соттарды Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi құрады және таратады.
Тармақ 2
2. Әскери соттардың жалпы санын Әдiлет министрiнiң ұсынуымен
Республика Президентi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Әрбiр әскери сот үшiн судьялар санын Әдiлет министрi
белгiлейдi.
📌 Ескерту. 24-баптың 1-тармағы абзацпен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 25. 25-бап. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты және оның өкiлеттiктерi
25-бап. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты және оның өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты
әскери соттың төрағасы мен тұрақты судьялары құрамында құрылады.
Тармақ 2
2. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери соты:
Тармақша 1
1) заңмен оның қарауына жатқызылған iстердi қарайды;
Тармақша 2
2) сот статистикасын талдайды;
Тармақша 3
3) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) әскери
сотының аудандық (қалалық) сот мәртебесi болады және оған осы
Жарлықтың тиiстi ережелерi қолданылады.
📌 Ескерту. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 26. 26-бап. Бiрлестiктiң (армияның), құраманың гарнизонның әскери сотының төрағасы
26-бап. Бiрлестiктiң (армияның), құраманың гарнизонның әскери сотының төрағасы
Тармақ 1
1. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) төрағасы
судья болып табылады және әскери соттың жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Бiрлестiктiң (армияның, құраманың, гарнизонның) төрағасы:
Тармақша 1
1) судьялардың арасында iстердi бөледi және судьяларға басқа да
мiндеттердi жүктейдi;
Тармақша 2
2) бастапқы саты бойынша iстердi қарайды;
Тармақша 3
3) жеке қабылдау жүргiзедi, азаматтарды қабылдау және
ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi соттың жұмысын
ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) сот статистикасын жүргiзу мен талдауды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) сот практикасын зерделеудi ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) сот аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады, олардың жұмысын ұйымдастырып, бақылайды;
Тармақша 7
7) судьялардың және сот аппараты қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн
арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
Тармақша 9
9) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 27. 27-бап. Республика әскерлерiнiң Әскери соты және оның өкiлеттiктерi
27-бап. Республика әскерлерiнiң Әскери соты және оның өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Республика әскерлерiнiң Әскери соты төрағадан, сот алқаларының
төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы әскерлерiнiң Әскери сотында:
Тармақша 1
1) сот төралқасы;
Тармақша 2
2) азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасы;
Тармақша 3
3) қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы жұмыс iстейдi.
Тармақ 3
3. Республика әскерлерiнiң Әскери соты:
Тармақша 1
1) өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде бастапқы сатылы сот ретiнде
шағым (кассация), қадағалау тәртiбiмен және жаңадан анықталған
жағдаяттар бойынша iстердi қарайды;
Тармақша 2
2) бiрлестiктердiң (армиялардың, құрамалардың, гарнизондардың)
әскери соттарына сот қадағалауын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) сот статистикасын жүргiзедi және талдайды, сот практикасын
зерделеп, қорытады;
Тармақша 4
4) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Республика әскерлерi Әскери сотының облыстық сот мәртебесi
болады әрi оған осы Жарлықтың тиiстi ережелерi қолданылады.
📌 Ескерту. 27-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Тарау iv. IV Тарау. Республиканың Жоғарғы Соты
IV Тарау. Республиканың Жоғарғы Соты
Бап 28. 28-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiктерi
28-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Жоғарғы Сот төменгi соттардың қарауына жататын азаматтық, шаруашылық, қылмыстық және басқа iстер жөнiндегi жоғарғы сот органы болып табылады заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Сот:
Тармақша 1
1) заңда көзделген жағдайларда бастапқы саты бойынша iстердi қарайды; шағым (кассация) ретiмен бастапқы саты бойынша облыстық соттарда қаралған iстердi қарайды;
Тармақша 2
2) қадағалау ретiмен және жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша
төменгi соттар мен Жоғарғы Сотта қаралған iстердi қарайды;
Тармақша 3
3) Республика заңдарының және басқа нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң қолданылу практикасын зерделейдi және қорытады, сот
практикасының мәселелерi жөнiнде түсiнiктер беретiн нормативтiк
қаулылар шығарады;
Тармақша 4
4) заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, сот статистикасын жүргiзедi және
талдайды;
Тармақша 5
5) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 28-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 29. 29-бап. Жоғарғы Соттың құрамы
29-бап. Жоғарғы Соттың құрамы
Тармақ 1
1. Жоғарғы сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының
ұсынуымен Республика Президентi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Сот Төрағадан, сот алқаларының төрағалары мен тұрақты
судьялардан тұрады.
Тармақ 3
3. Жоғарғы соттың органдары:
Тармақша 1
1) пленум;
Тармақша 2
2) төралқа;
Тармақша 3
3) азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасы;
Тармақша 4
4) шаруашылық iстер жөнiндегi сот алқасы;
Тармақша 5
5) қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы;
Тармақша 6
6) әскери сот алқа болып табылады.
Тармақ 4
4. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтiк кеңес құрылады.
📌 Ескерту. 29-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143-1 Заңымен.
Бап 30. 30-бап. Жоғарғы Соттың Пленумы
30-бап. Жоғарғы Соттың Пленумы
Жоғарғы Соттың Пленумы Төрағаның, сот алқалары
төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының құрамында жұмыс iстейдi.
📌 Ескерту. 30-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 31. 31-бап. Жоғарғы Сот пленумының өкiлеттiктерi
31-бап. Жоғарғы Сот пленумының өкiлеттiктерi
Жоғарғы Соттың пленумы:
Тармақша 1
1) соттардың заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану практикасын зерделеу және талдау материалдарын қарайды және сот практикасының мәселелерi жөнiнде түсiнiктер беретiн нормативтiк қаулылар шығарады;
Тармақша 2
2) Республика Конституциясына сәйкес Президентке мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың негiздiлiгi жөнiнде қорытынды бередi;
Тармақша 3
3) сот статистикасын талдау материалдарын қарайды;
Тармақша 4
4) Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Сот пленумы хатшысының ұсыныстарымен ғылыми-консультативтiк кеңестiң құрамын сайлайды;
Тармақша 5
5) Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының мүшелерiн сайлайды;
Тармақша 6
6) Жоғары Сот төралқасының мүшелерiн сайлайды;
Тармақша 7
7) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 31-бап өзгертiлдi және 5-6-тармақшалармен толықтырылды,
5) тармақша 7) тармақша болып есептелдi - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 32. 32-бап. Жоғарғы Сот пленумының жұмыс тәртiбi
32-бап. Жоғарғы Сот пленумының жұмыс тәртiбi
Тармақ 1
1. Жоғарғы Соттың пленумы жылына кемiнде екi рет шақырылады. Жоғарғы Сот пленумының жұмыс тәртiбi оның өзi бекiткен регламентпен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Сот Пленумының отырыстары оның құрамының кемiнде үштен екiсi бар болса құқылы болып саналады. Пленумның қаулысы дауыс беруге қатысқан Пленум мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 3
3. Пленумның жұмысына Республика Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы, Бас Прокуроры мен Әдiлет министрi қатысады.
Тармақ 4
4. Бас Прокурор мен Әдiлет министрi сот практикасының мәселелерi жөнiнде түсiнiктер беру туралы ұсыныстар енгiзуге хақылы.
Тармақ 5
5. Пленумның қаулысына Жоғарғы Соттың Төрағасы мен пленумның хатшысы қол қояды.
Бап 33. 33-бап. Жоғарғы Соттың Төралқасы
33-бап. Жоғарғы Соттың Төралқасы
Тармақ 1
1. Жоғарғы Соттың Төралқасы Жоғарғы Соттың Төрағасынан, жыл сайын пленум мүшелерiнiң жалпы санынан жасырын дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен сайланатын сегiз тұрақты судьядан тұрады.
Тармақ 2
2. Төралқаның отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 3
3. Төралқаның отырыстары оның құрамының жартысынан астамы бар
болса құқылы болып саналады. Төралқаның қаулысы ашық дауыс беру
арқылы дауыс беруге қатысқан Төралқа мүшелерi дауысының көпшiлiгiмен
қабылданады және төрағалық етушiнiң қолы қойылады.
Тармақ 4
4. Төралқаның жұмыс тәртiбi оның өзi қабылдаған регламентпен
белгiленедi.
📌 Ескерту. 33-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 34. 34-бап. Жоғарғы Сот төралқасының өкiлеттiктерi
34-бап. Жоғарғы Сот төралқасының өкiлеттiктерi
Жоғарғы Соттың төралқасы:
Тармақша 1
1) iстердi қадағалау тәртiбiмен және iс жүргiзу заңдарында
белгiленген тәртiппен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды;
Тармақша 2
2) сот практикасын зерделеу мен қорыту және сот статистикасын
талдау материалдарын, төменгi соттар мен Жоғарғы Сот алқалары сот
төрелiгiн жүзеге асырған кезде заңдылықтың сақталу мәселелерiн
қарайды;
Тармақша 3
3) сот алқалары төрағаларының хабарламалары мен есептерiн
тыңдайды, Жоғарғы Сот алқалары мен аппаратын ұйымдастыру мәселелерiн
қарайды;
Тармақша 4
4) Төралқа жұмысының регламентiн қабылдайды;
Тармақша 5
5) Жоғарғы Сот аппараты жұмысының регламентiн бекiтедi;
Тармақша 6
6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 34-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 35. 35-бап. Жоғарғы Сот сот алқалары
35-бап. Жоғарғы Сот сот алқалары
Тармақ 1
1. Жоғарғы Соттың сот алқалары бастапқы саты бойынша, шағым
(кассация), сондай-ақ қадағалау ретiмен және жаңадан анықталған
жағдаяттар бойынша сот iстерiн қарайды.
Тармақ 2
2. Сот алқалары сот практикасының мәселелерi бойынша Жоғарғы Сот
пленумының түсiнiктер беруi үшiн Жоғарғы Соттың Төрағасына ұсыныстар
мен материалдар енгiзедi.
Тармақ 3
3. Азаматтық, шаруашылық және қылмыстық iстер жөнiндегi сот
алқаларының құрамдарын Жоғарғы Сот судьяларының арасынан Жоғарғы
Соттың Төрағасы бекiтедi.
Тармақ 4
4.
📌 Ескерту. 35-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 36. 36-бап. Жоғарғы Соттың төрағасы
36-бап. Жоғарғы Соттың төрағасы
Тармақ 1
1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және Жоғарғы
Соттың жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы:
Тармақша 1
1) iстердi талап етiп алады және сот қаулыларына наразылықтар
енгiзедi;
Тармақша 2
2) заңда белгiленген жағдайларда сот қаулыларының орындалуын
тоқтата тұрады;
Тармақша 3
3) осы Жарлықтың 52-бабының 1-тармағының 2)-тармақшаларына
сәйкес Әдiлет министрiне ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 4
4) сот алқаларының сот практикасын зерделеу, сот статистикасын талдау жөнiндегi жұмысын үйлестiредi және сот практикасының мәселелерi жөнiнде түсiнiктер беру және нормативтiк қаулылар қабылдау үшiн Жоғарғы Соттың төралқасы мен пленумының қарауына материалдар енгiзедi;
Тармақша 5
5) Жоғарғы Соттың пленумын және төралқасын шақырады және олардың отырыстарында төрағалық етедi;
Тармақша 6
6) Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесiне Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидаттар ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) алқалар төрағаларының арасында мiндеттердi бөледi, қажет болған жағдайларда бiр сот алқасының судьяларын басқа алқаның құрамында iс қарау үшiн тартуға құқылы;
Тармақша 8
8) Жоғарғы Соттың сот алқалары мен аппаратының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) төралқа мен пленумға олардың жұмыс регламентiн, пленум хатшысының, ғылыми-консультативтiк кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын бекiтуге ұсынады;
Тармақша 10
10) аппарат қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауды және шығаруды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) жеке қабылдау жүргiзедi және азаматтарды қабылдау және ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды қарау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
Тармақша 13
13) белгiленген тәртiппен Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына жоғары бiлiктiлiк сыныбын беру, одан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi, сондай-ақ заңдарға сәйкес дербес немесе Әдiлет министрiмен бiрлесе отырып, судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру және олардан айыру
мәселелерiн шешедi;
Тармақша 14
14) Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штаттарын оны ұстауға
бөлiнген қаражат шегiнде бекiтедi;
Тармақша 15
15) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Тармақ 3
3. Жоғарғы соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда
Төрағаның бұйрығымен оның мiндетiн сот алқасы төрағаларының бiрi
атқарады.
📌 Ескерту. 36-бап өзгертiлдi, 13-14-тармақшалармен толықтырылды,
13) тармақша 15) тармақша болып саналды - Қазақстан
Республикасының 1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 37. 37-бап. Жоғарғы Сот сот алқасының төрағасы
37-бап. Жоғарғы Сот сот алқасының төрағасы
Тармақ 1
1. Жоғарғы Сот сот алқасының Төрағасы судья болып табылады және
сот алқасының жұмысын ұйымдастырады.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Соттың сот алқасының Төрағасы:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) қадағалау ретiмен тексеру үшiн, сондай-ақ сот практикасын зерделеу және қорыту үшiн iстердi талап етiп алады;
Тармақша 3
3) сот алқасының қарауына жататын iстер бойынша облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төралқаларына сот қаулыларына наразылықтар енгiзедi және заңда белгiленген жағдайларда олардың орындалуын тоқтата тұрады;
Тармақша 4
4) сот алқасының қарауына жататын iстер бойынша Жоғарғы Соттың сот алқасына, төралқасына наразылық беру туралы Жоғарғы Соттың Төрағасына ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 5
5) алқалардың сот отырыстарында төрағалық етедi;
Тармақша 6
6) сот статистикасын жүргiзу, сот практикасын зерделеу, Жоғарғы Соттың пленумында не төралқасында қарау үшiн материалдар даярлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) сот алқасының қызметi туралы төралқаға есеп табыс етедi;
Тармақша 8
8) судьялардың және сот алқасының басқа да қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Жоғарғы Сот аппараты
құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысына басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
Тармақша 11
11) өзiне заңмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Тармақ 3
3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның
мiндеттерiн атқаруды Жоғарғы Соттың Төрағасы басқа сот алқалары
төрағаларының бiреуiне немесе Жоғарғы Соттың судьяларына жүктейдi.
📌 Ескерту. 37-бапқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бөлім ii. II Бөлiм. Судьялардың мәртебесi
II Бөлiм. Судьялардың мәртебесi
Тарау i. I Тарау. Судьялардың құқықтық жағдайы
I Тарау. Судьялардың құқықтық жағдайы
Бап 38. 38-бап. Судья - сот билiгiн атқарушы
38-бап. Судья - сот билiгiн атқарушы
Тармақ 1
1. Судья Республикадағы сот билiгiн атқарушы болып табылады. Оған конституциялық тәртiппен сот төрелiгiн жүзеге асыру және өзiнiң мiндеттерiн кәсiби негiзде атқару құқықтары берiлген.
Тармақ 2
2.
Тармақ 2
2. Судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi
талаптары мен өкiмдерi барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар,
лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
Тармақ 3
3. Судьялардың талаптары мен өкiмдерiн орындамау, оларды
құрметтемеу заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
📌 Ескерту. 38-баптың 2-тармағы алынып тасталды, 3-4-тармақтар
тиiсiнше 2-3-тармақтар болып саналды -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 39. 39-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi және ауыстырылмайтындығы
39-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi және ауыстырылмайтындығы
Тармақ 1
1. Сот төрелiгiн жүзеге асырған кезде судья тәуелсiз және тек
Конституция мен заңға бағынады.
Тармақ 2
2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай болсын ықпал етуге хақы жоқ. Мұндай әрекеттер заң арқылы қудаланады.
Тармақ 3
3. Судья тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған жағдайлардан өзге, қаралған немесе өндiрiстегi iстердiң мән-жайы жөнiнде қандай да бiр түсiнiктемелер беруге мiндеттi емес.
Тармақ 4
4. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттер жүктелуге тиiс емес. Ол заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзiлуге тиiс емес.
Тармақ 5
5. Соттар тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкiлеттiктерi тек қана заңда белгiленген негiздер бойынша доғарылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Бұқаралық ақпарат құралдарының өз хабарларында шешiмдер немесе үкiмдер заңды күшiне енгенге дейiн сотта iс қараудың нәтижесiн күнiлгерi ұйғаруға немесе өзге жолмен сотқа ықпал етуге хақы жоқ.
Бап 40. 40-бап. Судьяның тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi
40-бап. Судьяның тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi
Тармақ 1
1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңдармен қорғалады әрi:
Тармақша 1
1) заңда көзделген сот төрелiгiн жүзеге асыру рәсiмiмен;
Тармақша 2
2) сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметке қандай да болмасын араласуға жауапкершiлiкке тартылу қаупiн ескерте отырып тыйым салу арқылы;
Тармақша 3
3) сотты құрметтемегендiгi үшiн жауапкершiлiкпен;
Тармақша 4
4) судьяны тағайындаудың, өкiлеттiгiн доғару мен тоқтата тұрудың белгiленген сайлау тәртiбiмен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
Тармақша 5
5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес келетiн материалдық жәрдем көрсету және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру арқылы қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Судьялар, олардың отбасыларының мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң ерекше қорғауында болады.
📌 Ескерту. 40-бап сөзбен толықтырылды -Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143-I Заңымен.
Бап 41. 41-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеу құқығы
41-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеу құқығы
Тармақ 1
1. Судьяға ешкiмнiң тиiсуiне жол берiлмейдi. Судьяны, қылмыс үстiнде немесе ауыр қылмыс жасағаны үшiн ұсталған жағдайларды қоспағанда, Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республика Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгiленген жағдайда - Сенаттың келiсiмiнсiз, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленген әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға болмайды.
Тармақ 2
2. Судьяға қатысты тек Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
ғана қылмысты iс қозғай алады.
Тармақ 3
3. Судьяның қызметтiк атыс қаруын сақтауға және өзiмен алып
жүруге құқығы бар.
📌 Ескерту. 41-баптың 3-тармағынан сөздер алынып тасталды -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 42. 42-бап. Судьяға қойылатын талаптар
42-бап. Судьяға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Судья:
Тармақша 1
1) Конституцияны және заңдарды мүлтiксiз сақтауға, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) өз мiндеттерiн атқару үстiнде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынастарда сот төрелiгiнiң беделiне, судьяның қадiр-қасиетiне дақ түсiретiн немесе оның әдiлеттiлiгi мен бейтараптығына күмән туғызуы ықтимал барлық нәрседен аулақ болуға;
Тармақша 3
3) өз қызметiне кез келген заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;
Тармақша 4
4) соттар кеңестерiнiң және жабық сот мәжiлiстерi өткiзiлген кезiнде алынған мәлiметтердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе басқа да шығармашылық қызметтердi қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымдардың басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды. Судьялар партияларға, кәсiби одақтарға кiруге, қандай да бiр саяси партияларды қолдап немесе қарсы сөз сөйлеуге тиiс емес.
Тармақ 3
3. Судьяның лауазым атқаруының шектi мөлшерi - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес белгiленедi, оны ерекше жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төралқалары мен судьяларына қатысты - тиiсiнше Жоғарғы Соттың Төрағасы, басқа барлық судьяларға қатысты - Әдiлет министрi әрi кеткенде бес жылға ұзартуы мүмкiн.
📌 Ескерту. 42-бап өзгертiлдi -Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 43. 43-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
43-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Мiнсiз абыройлы, жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған және Әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiн алған Қазақстан Республикасының азаматы аудандық (қалалық) соттың судьясы бола алады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағындағы талаптарға жауап беретiн, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл стажы бар, соның iшiнде, әдетте, әдiлет, прокуратура, анықтау және тергеу органдарында екi жыл судья болып жұмыс iстеген, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған және Жоғарғы Сот Кеңесiнен кепiлдеме алған азамат жоғары тұрған соттың судьясы бола алады.
Тармақ 3
3. Әскери соттың судьясы, осыған қоса, әскери қызметшi де болуға тиiс.
Бап 44. 44-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi
44-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi
Тармақ 1
1. Жоғарғы Соттың Төрағасын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары мен судьяларын Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң ұсынымына негiзделген Республика Президентiнiң ұсынысымен Сенат сайлайды.
Тармақ 2
2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларын, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң ұсынымы бойынша Республика Президентi қызметке тағайындайды.
Тармақ 3
3. Республиканың өзге соттарының төрағалары, сот учаскелерiнiң аға судьялары мен судьяларын Әдiлет бiлiктiлiк алқасының ұсынымына негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынысымен Республика Президентi қызметке тағайындайды.
Тармақ 4
4. Жоғарғы Соттың Төрағасы, осы соттың сот алқаларының төрағалары сол соттың мүшелерi арасынан қызметке бес жыл мерзiмге сайланады.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, осы соттардың сот алқаларының төрағалары, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары қызметке бес жыл мерзiмге тағайындалады.
📌 Ескерту. 44-бап өзгертiлдi және толықтырылды -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 45. 45-бап. Судьяның ант беруi
45-бап. Судьяның ант беруi
Тармақ 1
1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:
"Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн".
Тармақ 2
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының мәжiлiсiнде ант бередi.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары Жоғарғы Соттың пленумында ант қабылдайды. Қалған судьялар судьялардың тиiстi конференцияларында ант бередi.
Тармақ 3
3. Судья Қазақстан Республикасының Конституциясымен ант бередi.
📌 Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 46. 46-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтату
46-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтату
Тармақ 1
1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:
Тармақша 1
1) судьяны қамауға алуға немесе оны қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм берiлсе не қылмыс жасаған жерiнде ұсталуына байланысты оны қамауға алу немесе ауыр қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауапқа тарту жағдайында;
Тармақша 2
2) судья медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына тартылған
болса немесе соттың заңды күшiне енген ұйғарымына немесе шешiмiне
сәйкес iс-әрекетке қабiлетi шектелген болса;
Тармақша 3
3) судья заңды күшiне енген сот шешiмiне сәйкес хабарсыз жоқ
болып кеткен деп саналған жағдайда;
Тармақша 4
4) судья Парламенттiң, жергiлiктi өкiлеттi органның
депутаттығына кандидат болып тiркелген болса тоқтатыла тұрады.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Республика Президентi,
судьялардың өкiлеттiктерiн Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары
мен судьяларына қатысты - тиiсiнше Жоғарғы Соттың Төрағасы,
республиканың басқа барлық судьяларына қатысты - Әдiлет министрi тоқтата
тұрады.
📌 Ескерту. 46-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 47. 47-бап. Судьяны қызметтен босату
47-бап. Судьяны қызметтен босату
Тармақ 1
1. Судья қызметтен тек қана:
Тармақша 1
1) өз қалауы бойынша;
Тармақша 2
2) сот iсiн жүргiзуге қатысуға кедергi жасайтын денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыға сәйкес;
Тармақша 3
3) атқаратын қызметiне сәйкес келмеген жағдайда немесе лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысса Жоғарғы Сот Кеңесiнiң немесе Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қорытындысы бойынша;
Тармақша 4
4) судья осы Жарлықтың 42-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды орындамаған кезде;
Тармақша 5
5) егер оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген болса;
Тармақша 6
6) судья Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған ретте;
Тармақша 7
7) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша іс-әрекетке қабiлетсiз не қайтыс болған деп танылған ретте босатылады.
Тармақша 8
8) судьяларды басқа қызметке тағайындаған, сайлаған және мемлекеттiк органдардағы басқа қызметке ауыстырған жағдайда;
Тармақша 9
9) судья қызметiнде болудың шектi жасына жетуiне байланысты;
Тармақша 10
10) қайтыс болған жағдайда.
Тармақ 2
2. Судья қызметтен:
Тармақша 1
1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, Жоғарғы Сот сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң ұсынымына негiзделген, Республика Президентiнiң ұсынысы бойынша Сенаттың қаулысымен;
Тармақша 2
2) облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты Республика Жоғарғы Сот Кеңесiнiң ұсынымына негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентiнiң шешiмiмен;
Тармақша 3
3) басқа соттардың судьяларына қатысты Әдiлет бiлiктiлiк алқасының ұсынымына негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентiнiң шешiмiмен босатылады.
📌 Ескерту. 47-бапқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 48. 48-бап. Судьяларды ауыстыру
48-бап. Судьяларды ауыстыру
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары, аудандық (қалалық) және оларға теңестірiлген соттардың төрағалары мен судьялары, сот учаскелерiнiң аға судьялары олардың келiсiмiмен тиiсiнше облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларының, әдiлет басқармалары бастықтарының ұсынуы бойынша Әдiлет министрiнiң шешiмiмен сол деңгейде ауыстырылуы мүмкiн.
📌 Ескерту. 48-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 49. 49-бап. Судьялыққа кандидаттар
49-бап. Судьялыққа кандидаттар
Тармақ 1
1. Судьялыққа кандидаттарға олардың шығу тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, саяси көзқарастарына, дiни нанымына және басқа жағдаяттарға қарамастан құқықтарының теңдiгi қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Судья болуға тiлек бiлдiрген азаматтар Әдiлет бiлiктiлiк алқасына тиiстi өтiнiшi мен Әдiлет министрлiгi белгiлеген басқа да материалдарды жiбередi.
Тармақ 3
3. Осы Жарлықтың 43-бабының талаптарына жауап беретiн, бiлiктiлiк емтиханын тапсырған және Әдiлет бiлiктiлiк алқасы судьялыққа ұсынған Республика азаматы Әдiлет министрлiгiнiң резервiне есепке алынады.
Тармақ 4
4. Аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, сондай-ақ сот учаскелерiнiң аға судьялары қызметiне ұсынылатын адамдарға материалдарды ресiмдеудi және бұл материалдарды Әдiлет бiлiктiлiк алқасына ұсынуды Әдiлет министрi жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымына кандидаттарға материалдарды ресiмдеудi және осы материалдарды Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесiне ұсынуды Әдiлет министрi жүзеге асырады.
Облыстық және оған теңестiрiлген соттың төрағасы, осы соттардың сот алқаларының төрағасы қызметiне кемiнде екi балама кандидат ұсынады.
Тармақ 6
6. Республика Жоғарғы Соты сот алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидаттарға арналған материалдарды Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесiне Жоғарғы Сот Төрағасы жiбередi. Жоғарғы Сот Төрағалығына кандидатқа арналған материалдарды Республика Президентiнiң ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот Кеңесi қарайды.
📌 Ескерту. 49-тармақ өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01.№ 143 Заңымен.
Бап 50. 50-бап. Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесi
50-бап. Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесi
Тармақ 1
1. Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесi:
Тармақша 1
1) Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот сот алқаларының төрағалары мен судьялары, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, осы соттар алқаларының төрағалары мен судьялары лауазымдарына кандидаттар iрiктейдi және ұсынады;
Тармақша 2
2) Жоғарғы Сот Төрағасын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларын, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметтен босату туралы мәселелердi қарайды;
Тармақша 3
3) Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының шешiмiне жасалған шағымдарды қарайды;
Тармақша 4
4) Жоғарғы Сот Төрағасының, осы соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларының, осы соттардың сот алқалары төрағалары мен судьяларының орнынан түсуi және орнынан түсуiн тоқтату туралы
мәселелердi қарайды;
Тармақша 5
5) Әдiлет бiлiктiлiк алқасының шешiмдерi мен ұсынымдарына
жасалған шағымдарды қарайды;
Тармақша 6
6) сот-құқықтық реформаларды жүзеге асыру жөнiндегi мәселелердi
қарайды.
Тармақ 2
2. Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесiн Республика Президентi
басқарады.
Тармақ 3
3. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң құрамына мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы;
Тармақша 2
2) Жоғарғы Соттың Төрағасы;
Тармақша 3
3) Бас Прокурор;
Тармақша 4
4) Әдiлет министрi;
Тармақша 5
5) Парламент Сенаты жiберген екi депутат;
Тармақша 6
6) алты судья (Жоғарғы Соттың екi судьясы, облыстық соттың екi
судьясы, аудандық (қалалық) соттың екi судьясы);
Тармақша 7
7) Республика Президентi тағайындаған екi мүше.
Тармақ 4
4. Жоғарғы Сот Кеңесi өз мүшелерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесiнiң хатшысын сайлайды.
Қазақстан Республикасының Президентi болмаған жағдайда оның тапсыруымен Жоғары Сот Кеңесiнiң отырысында Жоғары Сот Кеңесi мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi.
Тармақ 5
5. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң отырыстары жылына кемiнде екi рет өткiзiледi және оның мүшелерiнiң кем дегенде үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болады.
Тармақ 6
6. Жоғары Сот Кеңесiнiң мүшелерi мен шақырылған адамдар отырыстың өткiзiлетiн уақыты, орны мен күн тәртiбi отырыс басталардан кемiнде үш күн бұрын хабардар етiледi.
Тармақ 7
7.
Тармақ 7
7. Жоғарғы Сот Кеңесi қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру жолымен оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қорытындылар және (немесе) ұсыныстар қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болады. Қорытындыға және (немесе) ұсынысқа Жоғары Сот Кеңесiнiң дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
Тармақ 8
8. Жоғарғы Сот Кеңесi өз отырысында қаралған мәселелер бойынша
қорытындыларды және (немесе) ұсыныстарды Қазақстан Республикасының
Президентiне енгiзедi, Мемлекет басшысы солардың негiзiнде тиiстi
шешiм қабылдайды.
Тармақ 9
9. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң жұмысын материалдық-техникалық және
ұйымдастыруды Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 50-бап өзгертiлдi және толықтырылды, 7-тармақ алынып
тасталды, 8-10-тармақтар тиiсiнше 7, 8, 9-тармақтар болып
есептелдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.01.
№ 143 Заңымен.
Бап 51. 51-бап. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы
51-бап. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы
Тармақ 1
1. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы дербес, тәуелсiз мекеме болып
табылады.
Тармақ 2
2. Бiлiктiлiк алқасы:
Тармақша 1
1) бiлiктiлiк емтихандарын қабылдайды, сынақтан өткiзедi және балама кандидаттар болған ретте конкурстық негiзде судьялыққа, кандидаттар ұсынады;
Тармақша 2
2) аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларының, сот учаскелерi аға судьяларының қызметiне ұсыныстар жасайды;
Тармақша 3
3) аудандық (қалалық) соттардың төрағалары мен судьяларын қызметтен босату туралы мәселелердi қарайды;
Тармақша 3
3)
Тармақша 4
4) аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларын, сот учаскелерiнiң аға судьяларының орнынан түсуi және орнынан түсуiн тоқтату туралы мәселелердi қарап, ұсынымдар жасайды, Әдiлет министрi солардың негiзiнде тиiстi шешiм қабылдайды;
Тармақша 5
5) нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысуға тiлек бiлдiрген адамдардың өтiнiштерi бойынша бiлiктiлiк емтихандарын қабылдап, ұсынымдар жасайды, Әдiлет министрлiгi солардың негiзiнде тиiсiнше лицензиялар бередi.
Тармақ 3
3. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы бес жыл мерзiмге құрылады.
Тармақ 4
4. Әдiлет бiлiктiлiк алқасының құрамына мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) Әдiлет министрiнiң орынбасары - алқа төрағасы;
Тармақша 2
2) Парламент Мәжiлiсi жiберген екi депутат;
Тармақша 3
3) Бас Прокурордың орынбасары;
Тармақша 4
4) Жоғарғы Соттың Пленумы сайлаған алты судья (аудандық, (қалалық) соттың екi судьясы, облыстық соттың екi судьясы, Жоғарғы Соттың екi судьясы);
Тармақша 5
5) адвокаттар қоғамдастығы жiберген адвокат;
Тармақша 6
6) нотариустер қоғамдастығы жiберген нотариус;
Тармақша 7
7) заңгерлер қоғамдастығы жiберген екi ғалым-құқық танушы.
Тармақ 5
5. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы қызметiн қамтамасыз ету үшiн өз құрамынан алқа төрағасының орынбасары мен хатшысын сайлайды.
Тармақ 6
6. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы жылына кемiнде екi рет бас қоса отырып, сессиялық жұмыс iстейдi және оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi бар болса құқылы.
Тармақ 7
7. Шақырылған адамдар отырыстың уақыты мен орны туралы он күн бұрын хабардар етiледi.
Тармақ 8
8. Әдiлет бiлiктiлiк алқасының отырысында материалдарды қарау арыз берген адамның қатысуымен жүргiзiледi. Екiншi рет келмей қалған жағдайда арыз қаралмайды.
9
Тармақ 9
9. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы қаралатын мәселелер бойынша жай көпшiлiк дауыспен отырысқа қатысқан барлық мүшелер қол қойған хаттамалық шешiмдер және (немесе) ұсынымдар қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда алқа отырысында төрағалық етушінің дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 10
10. Әдiлет бiлiктiлiк алқасының осы баптың 2-тармағының
5) тармақшасында аталғандарын қоспағанда шешiмi мен ұсынымына олар
жария етiлгеннен кейiн он күннiң iшiнде Республиканың Жоғарғы Сот
Кеңесiне шағым жасалуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Әдiлет бiлiктiлiк алқасы мен оның аппаратының жұмысын
материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етудi Әдiлет
министрлiгi жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 51-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.01.
№ 143 Заңымен.
(Үкiмет өзгертудi қате жасаған,
қазақша тексте 12-тармақ, орысша тексте 11-тармақ болған.
8-тармақтың орнына бiзде 9-тармақ алынып тасталды,
10-12-тармақтар тиiсiнше 9-11-тармақтар болып
саналды).
Тарау ii. II Тарау. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi
II Тарау. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi
Бап 52. 52-бап. Тәртiптiк жауапкершiлiк негiздерi және жазаның түрлерi
52-бап. Тәртiптiк жауапкершiлiк негiздерi және жазаның түрлерi
Тармақ 1
1. Судья:
Тармақша 1
1) сот iстерiн қараған кезде заңдылықты бұзғаны үшiн.
Сот шешiмiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер судья бұл
ретте заңның өрескел бұзылуына жол бермеген болса, бұл шешiмдi
шығарған немесе шығаруға қатысқан судьяның жауапты болуына әкеп
соқпайды;
Тармақша 2
2) терiс қылық жасағаны үшiн;
Тармақша 3
3) iстi қараудың заңда белгiленген iс жүргiзу мерзiмдерi өрескел
бұзғаны үшiн;
Тармақша 4
4) еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылады.
Тармақ 2
2. Соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары және сот
учаскелерінің аға судьялары осы Жарлықта көзделген өздерiнiң лауазымдық
мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы
мүмкiн.
Тармақ 3
3. Судьяларға мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгiс;
Тармақша 3
3) қатаң сөгiс;
Тармақша 4
4) қызметтен босату.
Тармақ 4
4. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн бiр ғана тәртiптiк жаза берiледi.
📌 Ескерту. 52-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.01.
№ 143 Заңымен.
Бап 53. 53-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы
53-бап. Тәртiптiк iс қозғау құқығы
Тәртiптiк iс қозғауға:
Тармақша 1
1) Әдiлет министрiнiң - облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сондай-ақ сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарғының 52-бабының 1-тармағының 2),3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; әдiлет басқармасы бастығының - аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты дәл сол негiздер бойынша;
Тармақша 2
2) Жоғарғы Соттың Төрағасының - Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты осы Жарлықтың 1-тармағында, ал сот алқалары төрағаларына қатысты - сол сияқты 52-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың төрағаларымен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабының 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша;
Тармақша 3
3) облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының - осы соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабының 1-тармағында, ал сот алқаларының төрағаларына қатысты сол сияқты 2-тармағында көзделген негiздер бойынша; аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты осы Жарлықтың 52-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша құқығы бар.
📌 Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 54. 54-бап. Тәртiптiк iс қозғау және қарау мерзiмi
54-бап. Тәртiптiк iс қозғау және қарау мерзiмi
Тармақ 1
1. Судья жөнiнде тәртiптiк iс қызметтiк тексеру және судьяның дәлелдi себептермен жұмыста болмау уақытын есептемегенде, терiс қылық жасалған күннен бастап кемiнде бiр айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей қозғалады.
Тармақ 2
2. Тәртiптiк iс ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс.
Бап 55. 55-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар
55-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөнiндегi органдар
Тармақ 1
1. Жоғарғы Сот Кеңесi Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасының шешiмдерiне жасалған арыздарды қарайды.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Сот Кеңесiнiң тәртiптiк алқасы Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы соттардың сот алқаларының төрағаларына қатысты тәртiптiк iстердi, сондай-ақ облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалардың шешiмдерiне шағымдарды қарайды.
Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасы Жоғарғы Соттың пленумында екi жыл мерзiмге сайланады.
Тармақ 3
3. Облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларына, сондай-ақ аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларына, сот учаскелерiнiң аға судьяларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.
Тармақ 4
4. Облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар
облыстар мен оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер
судьяларының және әскери судьялардың конференцияларында үш жыл
мерзiмге сайланады.
Тармақ 5
5. Тәртiптiк алқалардың сандық құрамы, тәртiптiк iстердi
қараудың, олар бойынша шешiм шығарудың және оларды орындаудың
тәртiбi, есеп беру, ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз
ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Ережемен
белгiленедi.
📌 Ескерту. 55-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 56. 56-бап. Тәртiптiк iстер бойынша қабылданатын шешiмдер
56-бап. Тәртiптiк iстер бойынша қабылданатын шешiмдер
Тәртiптiк iс бойынша мына шешiмдердiң бiрi шығарылады:
Тармақша 1
1) тәртiптiк жаза қолдану туралы;
Тармақша 2
2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы;
Тармақша 3
3) судьяны қызметтен босату туралы мәселе қойып, тәртiптiк iс жүргiзу материалдарын iстi қозғаған лауазымды адамдарға немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн Бас Прокурорға жiберу туралы.
Бап 57. 57-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
57-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
Тармақ 1
1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңа
тәртiптiк жазаға тартылмаса, ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп
танылады.
Тармақ 2
2. Судьяның мiнез-құлқы мiнсiз болған және ол мiндеттерiн
атқаруға адал қараған жағдайда тәртiптiк жаза қолданылған күннен
бастап алты ай өткен соң ол мерзiмнен бұрын алынып тасталуы мүмкiн.
Тәртiптiк жазаны оны белгiлеген тәртiптiк алқа мерзiмiнен бұрын
алып тастауы мүмкiн.
📌 Ескерту. 57-баптың 2-тармағы абзацпен толықтырылды -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 58. 58-бап. Тәртiптiк алқаның шешiмдерiне шағымдану
58-бап. Тәртiптiк алқаның шешiмдерiне шағымдану
Тармақ 1
1. Облыстық және оған теңестiрiлген тәртiптiк алқаның шешiмiне
өзi жөнiнде шешiм шығарылған судья, сондай-ақ iс қозғаған адам он күн
мерзiмде Жоғарғы Соттың тәртiптiк алқасына шағымдануы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Сот тәртiптiк алқасының шешiмiне өзi жөнiнде шешiм
шығарылған судья, сондай-ақ iс қозғаған адам он күн мерзiмде
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесiне шағымдана алады.
📌 Ескерту. 58-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Тарау iii. III Тарау. Судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету
III Тарау. Судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету
Бап 59. 59-бап. Судьяны материалдық қамтамасыз ету
59-бап. Судьяны материалдық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Судьяның еңбекақысы: лауазымдық жалақыдан, бiлiктiлiк сыныбы үшiн үстемеақыдан, кемiтуге болмайтын, қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақыдан, ал әскери судья үшiн - әскери атағы бойынша жалақыдан да, сондай-ақ сыйақылардан тұрады. Судьяға, сондай-ақ заңдарда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген өзге де төлемдер жасалады.
Тармақ 2
2. Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларының, төменгi соттар судьяларының лауазымдық жалақыларын Республика Конституциясының 44-бабының 9-тармақшасына сәйкес Республика Президентi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Барлық соттардың судьялары арнаулы киiм нысаны - мантиямен тегiн қамтамасыз етiледi, оның үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Республика Президентi бекiтедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы соттардың судьяларына бiлiктiлiк сыныптары берiледi.
Судьяларға бiлiктiлiк сыныптарын беру және олардан айыру мәселелерi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен белгiленедi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының әскери соттары мен әскери сот алқасының судьяларына Әскери қызмет өткеру туралы ереже қолданылады және олар заңдармен белгiленген үлестiң барлық түрiмен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 6
6. Әскери судьяларға әскери атақтар берудi Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызметтi өткеру тәртiбiн
реттейтiн заңдарға сәйкес Әдiлет министрi, ал жоғары әскери атақтар
берудi - Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентi жүргiзедi.
📌 Ескерту. 59-баптың 4-5-тармақтары жаңа редакцияда -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 60. 60-бап. Қызмет өткерген жылдары үшiн берiлетiн үстемеақылар
60-бап. Қызмет өткерген жылдары үшiн берiлетiн үстемеақылар
Судьяларға бiлiктiлiк сыныбы үшiн үстемеақыларды қоса
лауазымдық жалақысының жалпы мөлшерiне процент есебiмен және қызмет
өткерген жылдарына қарай ай сайын қызмет өткерген жылдары үшiн мынадай
мөлшерде: үш жылдан астам қызмет өткергенi үшiн - он бес, бес жылдан
асса - жиырма, он жылдан асса - отыз, он бес жылдан асса - қырық,
жиырма жылдан асса - елу процент үстемеақы төленедi.
Бап 61. 61-бап. Бұрынғы жұмысты қызмет өткерген жылдарға есептеу
61-бап. Бұрынғы жұмысты қызмет өткерген жылдарға есептеу
Үстемеақы алуға құқық беретiн қызмет өткерген жылдарына мыналар
есептеледi:
Тармақша 1
1) жоғары заң бiлiмi бар мамандар атқаруға тиiс лауазымдарда
соттарда жұмыс iстеген уақыт;
Тармақша 2
2) жоғары заң бiлiмi бар мамандар атқаруға тиiс лауазымдарда әдiлет органдарында, мекемелерiнде және адвокаттар алқалары мен нотариалдық кеңселерде жұмыс iстеген уақыт;
Тармақша 3
3) төрелiк сот төрешiлерi мен судьялары ретiнде мемлекеттiк төрелiк органдарында жұмыс iстеген уақыт;
Тармақша 4
4) Конституциялық соттың судьясы (Конституциялық Кеңес мүшесi) ретiнде жұмыс iстеген уақыт;
Тармақша 5
5) сыныптық шен берудi көздейтiн қызметке тағайындалған күннен бастап прокуратура органдарында қызмет еткен уақыт;
Тармақша 6
6) iшкi iстер, ұлттық (мемлекеттiк) қауiпсiздiк және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдарында офицерлiк оперативтiк тергеу лауазымдарында қызмет еткен уақыт;
Тармақша 7
7) жоғары заң бiлiмi бар мамандар атқаратын лауазымдарда заң мамандығы бойынша мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда жұмыс iстеген уақыт;
Тармақша 8
8) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс уақыты.
Бап 62. 62-бап. Жұмыс стажын анықтау жөнiндегi комиссия
62-бап. Жұмыс стажын анықтау жөнiндегi комиссия
Тармақ 1
1. Республиканың Жоғарғы Соты судьяларының жұмыс стажын құрамын Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы бекiтетiн комиссия анықтайды. Комиссияның шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
Тармақ 2
2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының жұмыс стажын құрамын тиiстi соттардың төрағалары бекiтетiн комиссиялар анықтайды.
Тармақ 3
3. Аудандық (қалалық) соттар судьяларының жұмыс стажын құрамын әдiлет басқармалары бастықтарының шешiмiмен бекiтiлетiн комиссиялар анықтайды.
Тармақ 4
4. Әскери соттар судьяларының жұмыс стажын құрамын Әдiлет министрлiгiнiң әскери соттар басқармасының бастығы бекiтетiн комиссия анықтайды.
Тармақ 5
5. Осы баптың 2, 3, 4-тармақтарында көрсетiлген комиссиялардың шешiмдерiне шағымдарды құрамын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтетiн Орталық комиссия қарайды.
Бап 63. 63-бап. Судьяны тағайындау, сайлау және ауыстыру кезiнде орташа еңбекақы мен жеңiлдiктердi сақтау
63-бап. Судьяны тағайындау, сайлау және ауыстыру кезiнде орташа еңбекақы мен жеңiлдiктердi сақтау
Мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда қызмет атқаратын адамдарды судья қызметiне тағайындау, сайлау кезiнде, сондай-ақ судьяны ауыстыру кезiнде оларға, егер қазiргi қызметi бойынша белгiленген деңгейден артатын болса, бұрынғы қызметтегi еңбекақысы мен
жеңiлдiктерi екi жыл бойы сақталады.
Бап 64. 64-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары
64-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары
Тармақ 1
1. Республика соттарының судьяларына ұзақтығы отыз күнтiзбелiк
күн болатын жыл сайынғы демалыс берiледi.
Тармақ 2
2. Судьяларға кезектi еңбек демалысына шыққан кезiнде сауықтыру
үшiн айлық еңбекақысының екi мәрте мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
Бап 65. 65-бап. Ауыстыру кезiндегi өтемақылар
65-бап. Ауыстыру кезiндегi өтемақылар
Қызметi бойынша республиканың бiр аймағынан екiншi аймағына
ауыстырылатын судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне көшiп-қону
жөнiндегi шығыстары толық көлемде төленедi.
Бап 66. 66-бап. Жол жүру жөнiндегi жеңiлдiктер
66-бап. Жол жүру жөнiндегi жеңiлдiктер
Қызметтiк куәлiктерiн көрсеткен ретте судьялардың мыналарға:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) қызметтiк iссапарларға жiберiлген кезде - жүрiп-тұру
құжаттарын және қонақүйлерде орынды кезектен тыс алуға құқығы бар.
📌 Ескерту. 1)-тармақша алынып тасталды - Қазақстан Республикасының
1999.03.12. № 348 Заңымен.
Бап 67. 67-бап. Тұрғын үй жеңiлдiктерi
67-бап. Тұрғын үй жеңiлдiктерi
Тармақ 1
1. Судьялар қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаңмен бiрiншi
кезекте қамтамасыз етiлу құқығымен пайдаланады.
Тармақ 2
2. Судьялық қызметте он күнтiзбелiк жылдан астам iстейтiн судья
тұрақты тұру үшiн алған қызметтiк тұрғын үй-жайды өзiнiң қалауымен
оның қалдық құны бойынша сатып ала алады.
Тармақ 3
3. Басқа тұрғын үй-жай берiлмейiнше судьяларды қызметтiк тұрғын
үй-жайлардан шығаруға болмайды.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж судьяларға жеке тұрғын
үй салу үшiн жер учаскесi тегiн берiледi.
Тармақ 5
5.
Тармақ 6
6.
Тармақ 7
7. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде судья қаза тапқан
жағдайда қаза болған судьяның отбасының судья қаза болған күннен
бастап бiр жылдан кешiктiрмей мемлекеттiк тұрғын үй қорынан заңдарда
белгiленген шарттарда және тәртiппен тұрғын алаң алуға құқығы бар.
Тармақ 8
8. Судья тұратын тұрғын үй-жайда кезектен тыс тәртiппен телефон
орнатылады.
📌 Ескерту. 67-баптың 5-тармағы сөздермен және 2 абзацпен
толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.04.11.
№ 91 Заңымен.
Ескерту. 5, 6-тармақтар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының
1999.03.12. № 348 Заңымен.
Бап 68. 68-бап. Судьяларды медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету
68-бап. Судьяларды медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Судьялар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тиiстi
мемлекеттiк денсаулық мекемелерiнде медициналық және
санаторий-курорт қызметiмен белгiленген тәртiп бойынша қамтамасыз
етiледi.
Тармақ 2
2. Судьяларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық
емдеудiң тәртiбi мен ережелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
📌 Ескерту. 68-бап өзгертiлдi және толықтырылды -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 69. 69-бап. Судьяларды сақтандыру
69-бап. Судьяларды сақтандыру
Тармақ 1
1. Судьялар республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi жеке мүлiктiк және медициналық сақтандырылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi сақтандырудың тәртiбi мен ережелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Тармақ 3
3. Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағылар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша он жылдық еңбекақысы мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомасы төленедi.
Тармақ 4
4. Судьяға қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде зақымдану, жарақаттану (контузия), мертiгу, ауруға шалдығу салдарынан мүгедектiк белгiленген жағдайда:
Тармақша 1
1) I топтағы мүгедекке - бесжылдық еңбекақы;
Тармақша 2
2) II топтағы мүгедекке - үшжылдық еңбекақы;
Тармақша 3
3) III топтағы мүгедекке - жылдық еңбекақы мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомасы төленедi.
Тармақ 5
5. Егер судьяның қаза табуы (қайтыс болуы), зақымдануы,
жарақаттануы (мертiгуi), науқасқа шалдығуы қызметтiк мiндеттерiн
атқарумен байланысты емес жағдаяттарға орай болғаны белгiленген
тәртiппен дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi.
Тармақ 6
6. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы
адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы
тағайындалады.
📌 Ескерту. 69-баптың 6-тармағы сөздермен және 2-абзацпен
толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1997.04.11. № 91 Заңымен.
Ескерту. 69-баптың 6-тармағында сөздер ауыстырылды -
Қазақстан Республикасының 1997.06.17. № 128
Заңымен.
Ескерту. 69-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Ескерту. 69-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1999.03.12. № 348 Заңымен.
Бап 70. 70-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығындардың өтемақысы
70-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығындардың өтемақысы
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьяларды және судья қызметiнде зейнетке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн үш айлық үлес мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.
Бап 71. 71-бап. Судьяның орнынан түсуi
71-бап. Судьяның орнынан түсуi
Тармақ 1
1. Судьяның орнынан түсу нысанында қызметiнен босату осы Жарлықтың 47-бабының 1-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бұл ретте судьяға:
Тармақша 1
1) сот қоғамдастығының мүшесi болуы және жеке басына ешкiмнiң тиiспеушiлiгi жөнiндегi кепiлдiктер сақталады;
Тармақша 2
2) осы Жарлықтың 67, 69, 70-баптарында көзделген жеңiлдiктер
судья ретiнде кемiнде он бес жыл жұмыс стажы болған жағдайда
сақталады;
Тармақша 3
3) судья болып жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн соңғы қызметi
бойынша айлық жалақысы есебiнен бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi;
Тармақша 4
4) зейнет жасына толуы бойынша және тиiстi стажы мен қызмет
өткерген жылдары бар болған жағдайда судьяның қалауымен осы
Жарлықтың 72-бабында көзделген шарттар негiзiнде зейнетақы
тағайындалады.
Тармақ 3
3. Судьяның орнынан түсуi мынадай жағдайларда:
судья қызметiне тағайындалғанда;
ол қылмыс немесе сот билiгінiң беделiн түсiретiн келеңсiз әрекет
жасағанда;
өз еркiмен өтiнiш бергенде;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғанда;
ол қайтыс болғанда тоқтатылады.
📌 Ескерту. 71-баптың 3-тармағы жаңа редакцияда -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 72. 72-бап. Судьяларды зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру
72-бап. Судьяларды зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру
Судьяларды зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1997.06.17. № 128 Заңымен.
Бөлім iv. IV Бөлiм. Сот аппараты және оның қызметiн ұйымдастыру
IV Бөлiм. Сот аппараты және оның қызметiн ұйымдастыру
Бап 73. 73-бап. Сот аппараты
73-бап. Сот аппараты
Тармақ 1
1. Сот аппараты төрелiгiн қамтамасыз ету, сот практикасын қорыту және сот статистикасын талдау, судьяларды және басқа да процеске қатысушыларды қорғау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын орындау жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Аппарат қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы және олардың еңбегiне ақы төлеу, техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және сот органдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн, тiзбесiн Республика Үкiметi белгiлейтiн адамдарды қоспағанда, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңға сәйкес белгiленедi.
Бап 74. 74-бап. Сот аппаратының құрылымы мен штаттары
74-бап. Сот аппаратының құрылымы мен штаттары
Тармақ 1
1. Аудандық (қалалық) және оған теңестiрiлген сот аппаратының құрылымы мен штаттарын облыстық және оған теңестiрiлген әдiлет басқармасының бастығы Республиканың Әдiлет министрлiгi бекiткен штат саны мен еңбекақы қоры шегiнде белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Облыстық және оған теңестiрiлген сот аппаратының құрылымы
мен штаттарын тиiстi сот төрағасының ұсынуы бойынша Республиканың
Әдiлет министрi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штаттарын оны ұстауға
бөлiнген қаражат шегiнде Жоғарғы Соттың Төрағасы бекiтедi.
📌 Ескерту. 74-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бөлім v. V Бөлiм. Қорытынды ережелер
V Бөлiм. Қорытынды ережелер
Бап 75. 75-бап. Соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
75-бап. Соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың, аудандық (қалалық) және оған теңестiрiлген соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi судьялардың тәуелсiздiгi және олардың тек қана Конституция мен заңдарға бағыну принципiн қатаң сақтай отырып, Республиканың Әдiлет министрлiгi мен оның басқармалары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2.
Тармақ 2
2. Әдiлет министрлiгi және жергiлiктi жерлердегi әдiлет басқармалары:
Тармақша 1
1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды, аудандық (қалалық) және оған теңестiрiлген соттарды ұйымдастыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) Жоғарғы Сотпен не тиiсiнше облыстық және басқа төменгi соттармен бiрлесiп сот жұмысын жалпы және мақсатты тексерудi жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) судьяларға жұмыс жүктеу нормативтерiн анықтау және олардың нақты жұмыс көлемiне талдау жасау арқылы соттардың кадрлар жөнiндегi қажеттiгiн анықтайды;
Тармақша 4
4) судьялыққа кандидаттарды iрiктеуге байланысты осы Жарлықпен белгiленген iс-қимылдарды жүзеге асырады, сот кадрларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) осы Жарлықпен белгiленген тәртiп бойынша облыстық және оған теңестiрiлген соттардың, аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың судьяларын ауыстыруды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi
ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) соттарды нормативтiк материалдармен қамтамасыз етедi;
Тармақша 8
8) Республиканың барлық соттарында құқықтық статистиканы
жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) сот шешiмдерiн орындау жөнiндегi жұмысқа басшылық жасайды;
Тармақша 10
10) судьялар мен олардың отбасы мүшелерiнiң тәуелсiздiгiн,
құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған
шараларды жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 75-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi, 2-тармақ алынып
тасталды, 3-тармақ 2-тармақ болып саналды -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 76. 76-бап. Сот отырысының хатшысы
76-бап. Сот отырысының хатшысы
Тармақ 1
1. Азаматтық, шаруашылық және қылмыстық iстердi бiрiншi инстанция бойынша қараған кезде сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасын жүргiзедi және төрағалық етушiнiң ұйғаруы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды.
Тармақ 2
2. Жоғарғы Соттың сот отырысының хатшыларын Жоғарғы Соттың Төрағасы, ал жергiлiктi соттарда - әдiлет басқармалары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 3
3. Аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың сот отырыстары хатшыларының сан құрамы осы соттар судьяларының сан құрамына сәйкес болуға тиiс.
📌 Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 77. 77-бап. Сот орындаушылары
77-бап. Сот орындаушылары
Тармақ 1
1. Сот орындаушылары азаматтық, шаруашылық даулар жөнiндегi шешiмдердiң, ұйғарымдардың; қаулылардың, қылмыстық iстер бойынша мүлiк өндiрiп алуға қатысты бөлiгiнде үкiмдердiң, ұйғарымдар мен қаулылардың орындалуын, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда басқа да шешiмдер мен қаулылардың атқарылуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Сот орындаушылары Жоғарғы Соттан басқа барлық соттар жанында болады.
Сот орындаушыларын қызметке тағайындау мен қызметтен босатуды әдiлет басқармасы жүзеге асырады.
Сот орындаушыларының сан құрамы судьялардың сан құрамына сәйкес болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Соттардың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын, сондай-ақ орындауға жататын басқа да шешiмдер мен қаулыларды атқаруға қатысты сот орындаушыларының ұсынатын талаптары Республика аумағында орналасқан мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
Тармақ 4
4. Қажет болған жағдайларда Әдiлет министрi соттардың шешiмдерi мен қаулыларының бұлжытпай атқарылуын қамтамасыз ету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн немесе бөлiмшелерiн қатыстыру туралы Iшкi iстер министрiне мағлұмхат жөнелтуге хақылы.
📌 Ескерту. 77-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Ескерту. 77-баптың 2-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының
1999.11.16. № 478 Заңымен.
Ескерту. 77-баптың 2-тармағының 3-бөлігі алынып тасталды - Қазақстан
Республикасының 2000.07.03. № 63 Заңымен.
Бап 78. 78-бап. Сот приставтары
78-бап. Сот приставтары
Тармақ 1
1. Сот жасауылдары барлық соттар жанында болады.
Жоғарғы Соттың сот жасауылдарын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы
бойынша Әдiлет министрлiгi, жергiлiктi соттарда - әдiлет басқармалары
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 2
2. Сот приставтарының құзыретiне:
Тармақша 1
1) бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын
бақылау;
Тармақша 2
2) орындалатын құжаттарды ерiксiз атқаруда сот орындаушыларына
көмек көрсету;
Тармақша 3
3) сотта iс қарау уақытында залда қоғамдық тәртiптi сақтау;
Тармақша 4
4) соттардың үйлерiн, судьялар мен процеске басқа да
қатысушыларды қорғау;
Тармақша 5
5) соттардың қауiпсiз қызметін қамтамасыз ететiн басқа да функцияларды
орындау кiредi.
Тармақ 3
3. Сот приставтарының қызметi заңмен реттеледi.
📌 Ескерту. 78-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда, 2-тармақтың
5)-тармақшасы сөздермен толықтырылды -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 79. 79-бап. Соттарды қаржыландыру
79-бап. Соттарды қаржыландыру
Тармақ 1
1. Республиканың барлық соттарын қаржыландыру жеке жазылған жолмен республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Соттардың бюджетi соттардың конституциялық өкiлеттiктерiн орындауын толық қамтамасыз етуге тиiс және оны кемiтуге болмайды.
Бап 80. 80-бап. Сот билiгiнiң нышандары
80-бап. Сот билiгiнiң нышандары
Тармақ 1
1. Сот үйiнiң үстiнде Республиканың Мемлекеттiк туы көтерiледi, ал сот отырыстары залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленедi және Мемлекеттiк туы орнатылады.
Тармақ 2
2. Судьялар сот төрелiгiн мантияларда жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Жоғарғы Соттың Төрағасына, осы соттың сот алқаларының
төрағалары мен судьяларына Қазақстан Республикасының Президентi
белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағаларына, осы
соттардың сот алқаларының төрағалары мен судьяларына, аудандық
(қалалық) және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары мен
судьяларына, сот учаскелерінiң аға судьяларына Әдiлет министрi
белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
📌 Ескерту. 80-баптың 3-тармағы жаңа редакцияда -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.
Бап 81. 81-бап. Қазақстан Республикасы соттарының мөрi
81-бап. Қазақстан Республикасы соттарының мөрi
Республиканың Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген
соттар, аудандық (қалалық) соттар заңды тұлға болып табылады,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ
және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
Бап 82. 82-бап. Баспасөз органдары
82-бап. Баспасөз органдары
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Әдiлет министрлiгiнiң
өз баспасөз органдары болады.
📌 Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бөлім vi. VI Бөлiм. Өтпелi ережелер
VI Бөлiм. Өтпелi ережелер
Бап 83. 83-бап. Осы Жарлықтың күшiне енуi және қолданылуы
83-бап. Осы Жарлықтың күшiне енуi және қолданылуы
Тармақ 1
1. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Осы Жарлықтың 71-бабының 4) тармақшасының күшi "Қазақстан Республикасы Соттарының судьяларын материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуірдегi Жарлығына сәйкес судья қызметiн атқара жүрiп орнынан түскен адамдарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Жарлықтың 71, 72-баптарының күшi 1995 жылғы 1 қазанға дейiн судья қызметiнде жұмыс iстеген адамдарға қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Жарлықтың 80-бабының 2-тармағы сот жүйесiнiң буындары бойынша 1996-1997 жылдар бойы кезең-кезеңiмен күшiне енгiзiледi.
Тармақ 5
5. 44-баптың 4-тармағының күшi тиiстi қызметтерге 1996 жылғы 1 қаңтардан кейiн сайланған және тағайындалған адамдарға қолданылады.
📌 Ескерту. 83-бап 5-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1997.07.01. № 143 Заңымен.
Бап 84. 84-бап. Осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ету
84-бап. Осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Соттардың тұрақты судьяларын құрылуына байланысты осы Жарлық күшiне енгiзiлгенге дейiн сайланған және тағайындалған Республиканың барлық соттарының судьялары Әдiлет министрi белгiленген мерзiмде Әдiлет министрi мен Жоғарғы Сот Төрағасының бiрлескен шешiмiмен құрылатын комиссияларымен аттестациялануға тиiс. Комиссиялардың шешiмдерiне Әдiлет бiлiктiлiгi алқасына шағым жасалуы мүмкiн.
Судьяларды аттестаттау туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Тармақ 2
2. Комиссиялар аттестацияламаған судьялар осы Жарлықтың 47-бабының 1-тармағының 3-тармақшасында көзделген тәртiппен қызметтен босатылады.
Тармақ 3
3. Қолданылып жүрген iс жүргiзу заңдары жаңа iс жүргiзу кодекстерi қабылданғанға дейiн заң күшiн сақтайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) "Сот приставтары туралы" заң жобасын әзiрлеп, Парламенттiң қарауына енгiзсiн;
Тармақша 2
2) Судьялар мен олардың мүлкiн мiндеттi сақтандыру, оларға медициналық қызмет көрсету және санаторий-курорттық емдеу тәртiбi мен шарттары туралы ереженi әзiрлеп, қабылдасын;
Тармақша 3
3) осы жарлықтың орындалуын қамтамасыз ету үшiн 1997 жылдан бастап Республиканың Жоғарғы Соты мен Әдiлет министрлiгiне республикалық бюджет қаражаты есебiнен қосымша қаржы бөлудi көздейтiн болсын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Әдiлет
министрлiгi Қазақстан Республикасы судьяларының бiлiктiлiк сыныптары
туралы ереженi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тәртiптiк
алқасы, облыстық және оларға теңестiрiлген тәртiптiк алқалар туралы
ереженi әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Президентiнiң
бекiтуiне ұсынсын.
📌 Ескерту. 84-бап толықтырылды және өзгертiлдi -
Қазақстан Республикасының 1997.07.01. № 143
Заңымен.