О квотировании рабочих мест для инвалидов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге жұмыс орнын квоталау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңынын 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы, 5-2 тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуына қажет еткен мүгедектерді жұмысқа қабылдау және жұмыспен қамтауына көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілер тұрғындар арасында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота беогілеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, мүгедектерді жұмысқа алу мүмкіндіктерді туралы хабардар етсін;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселесі жөнінде өкілеттік органда тілкелген жұмыссыз мүгедектерде белгіленген квота шегінде ұймдарға жұмысқа орналасу үшін жолдамалар берсін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға шара қолдану үшін жұмыс берушілердің мүгедектерде негізсіз жұсым беруден бас тарту фактілерінің туындауы туралы Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына хабарлансын.
Тармақ 3
3. «Ертіс ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мүгедектерді шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмысқа орналастыру жөнінде квота белгілеу жұмысы ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнына белгіленген квотаның орындалуына жөнінде ауданның жұмыс берушілеріне ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күндер өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б. Қасеновке жүктелсін.