О переименовании улиц, площади и проспекта имени Ленина Қолданыста
Басқа 0
Көшелерді, Ленин атындағы даңғылды және Ленин атындағы алаңды қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялдық құрылымы туралы" Заңының 13 бабының 4 және 5 тармақшаларына сәйкес және 2007 жылғы 17 қыркүйектегі қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысының негізінде Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Риддер қаласының әкімідігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қайта аталсын:
Тармақша 1
1) Дзержинский көшесі Мұқтар Әуэзовтың есімімен қайта аталсын;
Тармақша 2
2) Фрунзе көшесі Шоқан Уалихановтың есімімен қайта аталсын;
Тармақша 3
3) Фурманов көшесі Владимир Клинктің есімімен қайта аталсын;
Тармақша 4
4) Ленин даңғылы "Тәуелсіздік даңғылы" деп аталсын.
Тармақша 5
5) Ленин алаңы "Республика алаңы" деп аталсын.
Тармақ 2
2. "Риддер қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Валдер С.В.) қала бюджетін түзету кезінде шығындар сметасына келісе отырып аншлагтарды дайындауға қаражат қарастырсын.
Тармақ 3
3. "Риддер қаласының тұрғын-үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылғы 01-маусымға дейін қайта атау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қамтамасыз етілсін (Сорокина Н.В.).
Тармақ 4
4. Нормативті құқықтық актінің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Р.В. Дюсебаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы нормативті-құқықтық акті ресми басылып шыққан алғашқы күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.