Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Иорданского Хашимитского Королевства о сотрудничестве в области ветеринарии Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы 2007 жылғы 8 тамызда Астанада қол қойылған келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі,
жануарларды жұқпалы аурулардан тиісінше және баламалы қорғауды қамтамасыз ету және олардың таралып кетпеуіне бақылау жасау мақсатында ветеринария саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге ниет білдіре отырып,
Тараптар мемлекеттері арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, жануарлардың генетикалық материалдарын, ветеринарлық препараттарды, мал азығын және ветеринарлық бақылау объектісін құрайтын басқа да тауарларды өзара сатуды жақсарту мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1 БАП
1 БАП
Тараптар жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, жануарлардың генетикалық материалдарын, ветеринарлық препараттарды, мал азығын және ветеринарлық бақылау объектісін құрайтын басқа да тауарларды Тараптар мемлекеттерінің аумағы арқылы экспорттау, импорттау және транзиттік тасымалдау кезінде өз мемлекеттерінің аумағын жануарлардың жұқпалы және паразиттік ауруларының кіруінен және таралуынан қорғау мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Бап 2. 2 БАП
2 БАП
Осы Келісім ережелерін іске асыру жөніндегі Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары:
Тармақ 1
1. Қазақстандық Тарап үшін - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақ 2
2. Иордандық Тарап үшін - Иордан Хашимит Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Тараптардың мемлекеттерінің құзыретті органдарының ресми аталуы немесе функциялары өзгерген жағдайда, Тараптар бір біріне өзінің дипломатиялық каналдары бойынша хабарлайды.
Бап 3. 3 БАП
3 БАП
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, жануарлардың генетикалық материалдарын, ветеринарлық препараттарды, мал азығын және шекаралық ветеринарлық бақылау объектісін құрайтын басқа да тауарларды импорттауға, экспорттауға және транзиттік тасымалдауға арналған ветеринарлық-санитарлық рәсімдердің орындалуын оңайлату мақсатында өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тараптар Тараптардың мемлекеттері ұлттық заңнамаларының нормалары негізінде ветеринария саласындағы өзара іс-шараларды жүргізеді.
Бап 4. 4 БАП
4 БАП
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары, Тараптар мемлекеттерінің аумағында бұрын тіркелмеген жануарлардың жұқпалы аурулары немесе соңғы жылдар ішінде байқалмаған басқа да эпизоотиялардың таралуы табылғаны туралы бір-біріне дереу хабарлайды.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары қажеттілігіне қарай өз мемлекеттерінің аумағында тіркелетін жануарлардың жұқпалы аурулар туралы бюллетеньдермен алмасып отырады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген бюллетеньдер аурудың атауын, ауру жануарлардың санын, аурудың табылған күні мен орнын, диагностикасы мен ауруды бақылау әдісін қамтуы тиіс. Аусыл шыққан жағдайда, вирустың түрі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары жануарлардың денсаулығын қорғау мақсатында жұқпалы, паразитарлық және басқа да аурулардың пайда болуының алдын алуда қазіргі білімдерді практикада қолдануға қатысты ақпараттармен алмасады.
Бап 5. 5 БАП
5 БАП
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру үшін ветеринария саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында:
ветеринария саласындағы тәжірибемен және ақпаратпен алмасады;
ветеринарлық ғылыми-зерттеу институттарының ынтымақтасуына жәрдемдеседі;
ветеринария саласындағы техникалық журналдармен және басқа да басылымдармен алмасуға жәрдемдеседі;
бір-бірін техникалық кездесулер мен білім беру бағдарламалары туралы хабардар етеді;
ветеринарлық-санитарлық нормалар мен стандарттарға қатысты ақпараттармен алмасады.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды, жануарлардың генетикалық материалдарын, мал азығын, ветеринарлық препараттарды және ветеринарлық бақылау объектісін құрайтын басқа да тауарларды экспорттаумен айналысатын Тараптар мемлекеттерінің кәсіпорындары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Бап 6. 6 БАП
6 БАП
Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты шығыстарды өзіне алады.
Бап 7. 7 БАП
7 БАП
Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген Хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бап 8. 8 БАП
8 БАП
Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын Тараптар жасасқан басқа да халықаралық келісімдерден туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Бап 9. 9 БАП
9 БАП
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өкілдері өзара уағдаластық бойынша қажеттілігіне қарай кездеседі.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды кеңестер және келіссөздер жолымен шешеді.
Бап 10. 10 БАП
10 БАП
Осы Келісім Тараптардың оны күшіне енгізу қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабар алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Тараптың біреуі дипломатиялық жолдар арқылы екінші Тараптың осы Келісімнің күшін тоқтату туралы соңғы жазбаша білдірісін алған күннен бастап алты ай өткенге дейін күшін сақтайды.
2007 жылғы 8 тамызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, араб, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің бірдей заң күші бар.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит
Үкіметі үшін Корольдігінің
Үкіметі үшін
Ауыл шаруашылық министрі Индустрия және сауда
Ахметжан Есімов министрі Сәлем Әл-Хазаиля