Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының (5-2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға, меншік түріне қарамастан, жұмыс орнының жалпы санының үш пайыз ретінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы белгіленсін
Тармақ 2
2. Кәсіпорындар мен ұйым басшылары мүгедектердің шектеулі мүгедектігіне орай, жеке ерекшелігіне сай келетін қажетті жұмыс орнын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Турдыбакиев Турсунжанға:
Тармақша 1
1) жұмысқа орналастыру туралы көмек сұраған мүгедектерді әлеуметтік жұмыс орындарын пайдаланып, жұмысқа орналастыру;
Тармақша 2
2) мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру және жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.