О переименовании улиц города Кокшетау Қолданыста
Басқа 0
Көкшетау қаласының көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Көкшетау қаласының тұрғындарының пікірлерін және Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі Көкшетау қалалық комиссияның 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 2 шешімін ескере отырып, Көкшетау қаласының әкімдігі қаулы етеді және Көкшетау қалалық мәслихаты шешті :
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласының келесі көше атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) "В. Чапаев" атындағы көше "Қанай би" атындағы көше болып өзгертілсін;
Тармақша 2
2) "Е. Пугачев" атындағы көше "Рақымбек Сабатаев" атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 37 қаулысы мен Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N С-6/17 "Көкшетау қаласының көше атауларын өзгерту туралы" шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы және шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.