Мақат ауданы бойынша мәслихат депутатының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Мақат ауданы бойынша мәслихат депутатының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Мақат ауданы бойынша мәслихат депутатының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ә.Шәкіровке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Ә.Ерғожиев
Басқа 4
Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«28» наурыздағы №61 қаулысына
қосымша
Мақат ауданы бойынша мәслихат депутатының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын тізімі
№
Орналасқан жері
Мақат поселкесі
1
«Газшылар» шағын ауданы («Баймұрат» базарының маңы)
2
«Мұнайшы» газетінің 60 жылдығы атындағы көше (№2 бастауыш мектеп ғимараты)