Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 «Сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару Нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарға жазасын өтеу үшін осы мекемелер қоғамдық жұмыс көзі болып белгіленіп, аудандық қылмыстық атқару инспекциясына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) «Исатайгазстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) Аққыстау селосы;
Тармақша 2
2) «Құсайнов» шаруа қожалығы (келісім бойынша) Забурын селосы;
Тармақша 3
3) «З. Қабдолқызы» шаруа қожалығы (келісім бойынша) исатай селосы.
Тармақ 2
2. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Исатайгазстройсервис» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
А. Аманбаева
«Құсайнов» шаруақожалығының
басшысы Ж. Құсайнов
«З. Қабдолқызы» шаруа қожалығының
басшысы З. Қабдолқызы