Сағыр ауылындағы Ленин көшесін қайта атау туралы Қолданыста
Басқа 0
Сағыр ауылындағы Ленин көшесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және 1993 жылдың 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 3 бөлімінің 14 бабының 4 тармағының негізінде шешемін:
Тармақ 1
1. Сағыр ауылындағы Ленин көшесі Абылайхан көшесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау бас маман Н. Кунавковаға жүктелсін.