О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский государственный научно-исследовательский и проектно-изыскательский институт Водоканалпроект" Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский государственный научно-исследовательский и проектно-изыскательский институт Водоканалпроект" Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 03.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI38705_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000317_
- ЭКБ идентификаторы
- 38705
- Редакция идентификаторы
- AI38705_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:43
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Суарнажоба" Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ Суарнажоба" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін сумен жабдықтау, кәріз және онымен байланысты гидротехникалық құрылыстар жүйелерін инженерлік жобалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2 2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;
4 4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 3 сәуірдегі
N 317 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
"Достық Энерго" АҚ деген реттік нөмірі 292-55-жолдағы "292-55" деген цифрлар "123-107" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-122-жолмен толықтырылсын:
"123-122. "Қазақ Суарнажоба" АҚ".
3 3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 264-3-жолмен толықтырылсын:
"264-3. "Қазақ Суарнажоба" АҚ".
4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
6 6. "Электр энергетикасы саласындағы берешекті өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы N 680 қаулысында :
6-тармақтың 2) тармақшасындағы "292-55" деген цифрлар "123-107" деген цифрлармен ауыстырылсын.