Об упорядочении культурно-массовых мероприятий в г. Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласындағы мәдени-бұқаралық шараларды ретке келтіру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілгінің 26.10.2004 № 4/865 қаулысымен.
Концерттік-сапарлар қызметін ретке келтіру, қоғамдық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тұрмыстық және тектік ерекшелікті, сондай-ақ қатыгездік, күш қолдану, порнографияны насихаттау және үгіттеуге жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-1 "Мәдениет туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәдени-демалыс мекемелерінің басшылары (мәдени сарайлар, түнгі клубтар) егер де өткізілетін шаралар Алматы қалалық мәдени басқармасымен келісілген болса, өздерінің сахна алаңдарын берулеріне шарттар жасассын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Ә.Ж. Ыбыраевқа жүктелсін.