О создании Комиссии по рассмотрению вопросов, связанных с погашением кредиторской задолженности Күшін жойған
Басқа 0
Несиелік қарызды өтеумен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 № 5/778 қаулысымен.
"1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Несиелік қарызды өтеуді ұйымдастыру шаралары туралы" 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 Қаулысына сәйкес қала Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы қаланың жергілікті бюджетіне несиелік қарызды өтеу тәртібі туралы ұсынылған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қала Әкімі жанынан мына құрамда несиелік қарызды өтеумен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Комиссия құрылсын:
Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы - қала Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Тохтасынов Әлімжан Имтахунұлы - қаржы басқармасы бастығының орынбасары;
Орлов Петр Ефимович - экономика жөніндегі комитет төрағасының орынбасары;
Сәрсенов Әнетолла Өмірзақұлы - салық комитеті төрағасының орынбасары;
Бексұлтанов Азамат Имұханбетұлы - қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары.
Тармақ 3
3. Шешімнің атқарылуына бақылау жасау қала Әкімінің орынбасары Қ. Е. Жаңбыршинге жүктелсін.
Басқа 4. ЕРЕЖЕ
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 9 маусымдағы
№ 516 шешiмiне қосымша
ЖЕРГIЛIКТI БЮДЖЕТКЕ 1999 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕСИЕЛIК
БЕРЕШЕКТIөӨТЕУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже "Республикалық бюджетке 1999 жылға арналған несиелiк берешектi өтеу тәртiбi туралы Ережеге" сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдарға таралады.
Тарау i. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджет ұйымдарының несиелiк берешегiн өтеу тәртiбiн, яғни жергiлiктi бюджетке төлем бойынша шаруашылық субъектiлерiнiң берешегiн өтеу есебiнен тауар (жұмыс, қызмет) берушiлердiң алдындағы тәртiбiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Өтеу бюджет ұйымдарының несиелiк берешектерiнiң 1999 жылға арналған 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша тауар (жұмыс, қызмет) берушiлердiң алдында несиесiн өтейдi және есеп айырысу кезiнде 1998 жылғы 31 желтоқсанда жинақталған республикалық және жергiлiктi бюджет араларындағы негiзгi қарыз алым және айыппұлдар, салық және жиындардан басқасы қосылып тауар (жұмыс, қызмет) берушiлердiң несиелiк берешектерiн жергiлiктi бюджет алдындағы өтемдерiн жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Несиелiк берешектердi өтеу жергiлiктi бюджет алдындағы төлем бойынша шаруашылық субъектiлерi былай жүзеге асырады, егер де олар:
бюджет ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушi болса;
бюджет ұйымдарының (бұдан әрi - Берушiлер) тiкелей тауар (жұмыс, қызмет) Берушi болып бұдан әрi танылса.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының Әкiмi Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы ақыл- кеңесшi орган ретiнде несиелiк берешектердi өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi (бұдан әрi - Комиссия) Комиссия құрады.
Комиссия мынадай мақсатта құрылады:
Тармақша 1
1) тауар (жұмыс, қызмет) берушiлер алдындағы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджет ұйымдарының несиелiк берешектерiн өтеуге байланысты мәселелердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) Алматы қаласы Әкiмiнiң қарауына жоғарыда аталған заңды тұлғалардың несиелiк берешектерiн өтеу мәселесiн реттейтiн шешiмдердiң жобасын енгiзедi.
Комиссияның ұсыныстары барлық Комиссия мүшелерiнiң қол қоюымен, хаттамамен ресiмделедi.
Тарау ii. II. БЮДЖЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ НЕСИЕЛIК
БЕРЕШЕКТЕРIН ТIРКЕУ ТӘРТIБI
II. БЮДЖЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ НЕСИЕЛIК
БЕРЕШЕКТЕРIН ТIРКЕУ ТӘРТIБI
Тармақ 5
5. Бюджет ұйымдары 1999 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша әрбiр тiкелей берушiмен өзiнiң несиелiк берешектерi жайлы тексеру актiсiн жасайды. Несиелiк берешектiң жалпы сомасы берiлген актi бойынша, 1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша бюджет ұйымдарының жылдық бухгалтерлiк есебiнде көрсетiлген несиелiк берешек сомасынан асып түспеуi тиiс. Несиелiк берешектердiң тексеру актiлерiнiң түпнұсқасы екi данада бюджет ұйымдарының аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазыналық комитетiне берiледi (бұдан әрi - Аумақтық қазыналық орган).
Тармақ 6
6. Жоғарыда көзделген бюджет ұйымдарының несиелiк берешектерiнiң сомасының растығына жауапкершiлiк Тексеру актiсiнде бюджет ұйымдарының басшысына жүктеледi.
Тармақ 7
7. Тексеру актiсiнiң көрсеткiштерi негiзiнде Аумақтық қазыналық орган 1999 жылғы 31 желтоқсандағы несиелiк берешектердiң барлығы туралы N 1 үлгiде әрбiр бюджет ұйымдары бойынша анықтама бередi. Барлық актiлер бойынша әрбiр бюджет ұйымдарына бiр ғана анықтама әзiрленедi. Бұл жылдық бухгалтерлiк баланстағы көрсеткiштермен тексерiлгеннен кейiн және алғашқы есептен кейiн Аумақтық қазыналық органның және бюджет ұйымдарының басшыларының қолы қойылып, мөрлерi басылады.
Тармақ 8
8. Несие берешектiң сомасын растайтын анықтаманың бiр данасы оған салыстыру актiлерiнiң бiр данасы қоса тiркелiп, Аумақтық қазыналық органында қалдырылады және әрбiр бюджеттiк ұйым бойынша жүргiзiлген арнаулы iсте сақталады. Қазынашылықтың жауапты орындаушысы Аумақтық қазынашылық органның бұрыштамасын несие берешектiң тiркелгенiн растап, актiлерге алдын ала қойып, бюджеттiк ұйымға анықтаманы екi дана етiп қайтарады.
Тарау iii. III. БЮДЖЕТТIК ҰЙЫМДАРДЫҢ НЕСИЕ БЕРЕШЕКТЕРIН
ӨТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗIРЛЕУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ
III. БЮДЖЕТТIК ҰЙЫМДАРДЫҢ НЕСИЕ БЕРЕШЕКТЕРIН
ӨТЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗIРЛЕУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ
Тармақ 9
9. Бюджеттiк ұйым ақпаратты тiкелей жеткiзiп берушiлерден олардың жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi несие берешегi туралы сұрап алады.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi несие берешегi бар тiкелей жеткiзiп берушi аумақтық салық органынан негiзгi берешегiнiң, өсiмiнiң және айыппұлдарының бар екендiгi туралы анықтаманы тiркейтiн орыннан сұрап алады және оны бюджеттiк ұйымға жолдайды.
Тармақ 11
11. Салық органы берiлген анықтамалар есебiнiң журналын жүргiзедi. Журнал нөмiрленуi, түптелiп тiгiлуi және арнаулы мөр басылып, бекiтiлуi тиiс. Журналдың парақтарының саны Салық органы басшысының қолы қойылып, куәландырылады. Анықтамаға мiндеттi түрде бюджеттiк ұйымның аталуы жазылып, "Бюджеттiк ұйымның несие берешектерiн өтеуге арналған" деген белгi соғылады. Егер тiкелей жеткiзiп берушiден жергiлiктi бюджетке бiрнеше бюджеттiк ұйымның төлем жөнiндегi берешегiнiң бар екенi туралы анықтаманы сұраса, Салық органы олардың әрқайсысын әртүрлi нөмiрлермен нөмiрлеп, әрбiр бюджеттiк ұйым үшiн жеке анықтама бередi. Бұл орайда, бiр ғана тiкелей жеткiзiп берушi жөнiндегi анықтамаларда көрсетiлген берешектiң жалпы сомасы оның жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi несие берешегiнен аспауы тиiс.
Тармақ 12
12. Егер тiкелей жеткiзiп берушiнiң жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi несие берешегi болмаса, сондай-ақ бюджеттiк ұйымдардың несие берешегi жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi тiкелей жеткiзiп берушiнiң берешегi сомасынан асса, тiкелей жеткiзiп берушi Жеткiзiп берушiлерден, сондай-ақ оларға несие берешегi бар одан кейiнгi Жеткiзiп берушiлерден олардың жергiлiктi бюджетке несие берешегi бар екенi жөнiндегi ақпаратты сұрап алады. Жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi несие берешегi бар Жеткiзiп берушiлер осы Ереженiң 11 тармағына сәйкес Аумақтық салық органынан анықтамаларды тiкелей Жеткiзiп берушiге ұсынады.
Тармақ 13
13. Тiкелей Жеткiзiп берушi Салық органының анықтамасында көрсетiлген Жеткiзiп берушiнiң берешегiнiң сомасын анықтаманы ұсынған Жеткiзiп берушiнiң алдындағы өзiнiң несие берешегiнiң сомасымен салыстырады және бюджеттiк ұйымдармен есеп айырысу жөнiндегi несие берешектiң сомасымен салыстырады, Жеткiзiп берушiмен бiрге Салық органының анықтамасында көрсетiлген сомамен тең сомаға несие берешектi салыстырып актi әзiрлейдi, бiрақ бұл актi жеткiзiп берген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн бюджеттiк ұйымның несие берешегiнен аспайтын сомаға жасалуы тиiс. Аталған актi тiкелей жеткiзiп берушiнiң және Жеткiзiп берушiнiң басшыларының қолдары қойылып, төрт дана етiп әзiрленедi. Салық органдары салыстыру актiсiнiң және анықтамаларының екi данасы бюджеттiк ұйымға жолданады.
Тармақ 14
14. Бюджеттiк ұйым тiкелей жеткiзiп берушi және Жеткiзiп берушi тiркелген орны бойынша Салық органдарынан берiлген анықтамаларда көрсетiлген сомаларды салыстыру актiлерiнде көрсетiлген сомалармен және өзiнiң несие берешегiнiң сомаларымен салыстырады және осы Ереженiң IV-бөлiмiндегi көрсетiлген тәртiпке сәйкес төрт дана етiп N 3 үлгi бойынша несие берешектi өтеудiң схемасын әзiрлейдi. Тiкелей жеткiзiп берушi және оның Жеткiзiп берушiлерi тiркелген орны бойынша Салық органдарының берген анықтамаларында расталған берешектiң жалпы сомасы бюджеттiк ұйымның несие берешегiнiң сомасынан аспауы тиiс.
Тармақ 15
15. Бюджеттiк ұйым тiкелей жеткiзiп берушi және оның Жеткiзiп берушiлерi арасындағы несие берешектерiн салыстыру актiлерiнiң түпнұсқаларымен бiрге несие берешектi өтеудiң схемаларының барлық даналарын, Жеткiзiп берушiлердiң жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi несие берешектерiнiң бар екенi туралы Салық органдарынан берiлген анықтамаларды Аумақтық қазынашылық органға тiркету үшiн жолдайды.
Бюджеттiк ұйым тiкелей жеткiзiп берушiнiң құжаттарды алғаны және оның, Жеткiзiп берушiлердiң өтеу схемасына енгiзiлгенi туралы хабардар етедi. Тiкелей жеткiзiп берушi бюджеттiк ұйымға, өзi тiркелген және өтеу схемасына қатысатын Жеткiзiп берушiлер тiркелген орын бойынша Салық органдарына жазбаша хабарды жолдайды.
Тармақ 16
16. Несие берешектiк салыстыру актiлерi бюджеттiк ұйымға қызмет көрсететiн Аумақтық қазынашылық органда тiркеледi, Жеткiзiп берушiлердiң несие берешектерiнiң салыстыру актiлерiн тiркейтiн журналда тiркеудiң арнаулы кодтары бойынша 4 үлгiге сәйкес тiркеледi.
Аумақтық қазынашылық органы осы Ереженiң 28-тармағында көрсетiлген несие берешектi өтеу схемасына қоса берiлген қажеттi құжаттардың бар екенiн Аумақтық қазынашылық орган тексередi.
Несие берешектi өтеудiң схемасы N 2 үлгi бойынша несие берешектi тiркеуге арналған журналда тiркеледi. Несие берешектi өтеудiң тiркелген схемаларының көшiрмесi бюджеттiк ұйымға қызмет көрсететiн қазынашылық орган арқылы есеп беруге қатысатын барлық Аумақтық қазынашылық органдарға жеткiзiледi.
Тармақ 17
17. Қазынашылық органдар есеп айырысуға арналған келесi есептердi ашады:
министрлiктiң рұқсаты негiзiнде, олар орналасқан орын бойынша 2, 2а үлгiге сәйкес, қазынашылық органдарында бюджеттiк есептерi жоқ бюджеттiк ұйымдардың бюджеттiк есептерi;
несие берешектi өтеу схемасына енгiзiлген тiкелей жеткiзiп берушiге және Жеткiзiп берушiлерге несие берешектi өтеудiң схемалары негiзiнде тiкелей жеткiзiп берушiнiң және Жеткiзiп берушiлердiң орналасқан орны бойынша Аумақтық қазынашылық органдарда жұмсау құқығынсыз ағымдағы есептер.
Ағымдағы есептер (уақытша есептер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 4 наурыздағы N 61 Қаулысымен бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банкiлерде клиенттердiң банкiлiк есептердi ашуының, жүргiзуiнiң және жабуының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң Нұсқау-Ережесiнiң талаптарына сәйкес хатталып, мiндеттi түрде қолдарының үлгiлерi ұсынылып, ашылады.
Ағымдағы есептердi ашатын қазынашылық органдары бюджеттiк ұйымға қызмет көрсететiн Аумақтық қазынашылық органдардағы ашылған есептердiң мәлiметтерiн хабарлайды.
Тармақ 18
18. Бюджеттiк ұйым жоғары тұрған мекемеге (әрi қарай - Ведомство) белгiленген тәртiпке сәйкес әзiрленген және тiркелген несие берешектi өтеу схемасының екi данасын ұсынады. Ведомство қажетiне қарай бюджеттiк ұйымнан қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.
Тармақ 19
19. Ведомство алынған схемалардың негiзiнде несие берешектi өтеуге қатысатын бюджеттiк ұйымдардың тiзбесiн N 5 үлгi бойынша әзiрлейдi және оны схемалармен бiрге Алматы қалалық қаржы басқармасының қарауына ұсынады.
Тарау iv. IV. НЕСИЕ БЕРЕШЕКТI ӨТЕУ СХЕМАСЫН
ӘЗIРЛЕУДIҢ ТӘРТIБI
IV. НЕСИЕ БЕРЕШЕКТI ӨТЕУ СХЕМАСЫН
ӘЗIРЛЕУДIҢ ТӘРТIБI
Тармақ 20
20. Бюджеттiк ұйым жеткiзiп берушiлердiң жергiлiктi бюджетке төлем бойынша несие берешегiнiң бар екенi туралы анықтамаларды және Жеткiзiп берушiлердiң несие берешектерiн салыстыру актiлерiн алған соң оларды өзiнiң тiкелей жеткiзiп берушiлер алдындағы несие берешегiнiң сомасымен салыстырады және схемаға енгiзу үшiн берешектiң сомасын анықтайды.
Тiкелей жеткiзiп берушiнiң және Жеткiзiп берушiлердiң жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi берешегiнiң сомасына тең мөлшерде әзiрленедi, бiрақ оның сомасы бюджеттiк ұйымның тiкелей жеткiзiп берушi алдындағы несие берешегiнiң сомасынан аспауы тиiс.
Тармақ 21
21. Схема әрбiр тiкелей жеткiзiп берушi үшiн әзiрленедi. Тiкелей жеткiзiп берушiнiң жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi несие берешегi болмаған жағдайда, схемада есеп айырысуға қатысатын барлық Жеткiзiп берушiлер көрсетiледi.
Тармақ 22
22. N 3 үлгiнiң 1-бағанда тiкелей жеткiзiп берушi алдындағы несие берешегi бар ұйымдардың экономикалық жүйесiнiң ерекшелiгi көрсетiледi, 2-бағанда - әрбiр ерекшелiк бойынша несие берешектiң сомасы көрсетiледi. Тiкелей жеткiзiп берушiнiң жергiлiктi бюджет алдындағы берешегi 9-бағанда көрсетiледi, сондай-ақ оның орналасқан жерi және 7-бағанда тiкелей жеткiзiп берушiнiң салық төлеу нөмiрi (РНН), оның 8-баған бойынша жергiлiктi бюджет алдында берешегi бар екенi жөнiндегi табыстарының кодтары көрсетiледi.
Тармақ 23
23. Тiкелей жеткiзiп берушiнiң жергiлiктi бюджетке төлем бойынша несие берешегi жоқ болған жағдайда және басқа Жеткiзiп берушiнiң мұндай берешегi бар болса тiкелей жеткiзiп берушiнiң осы Жеткiзiп берушi (2-жеткiзiп берушi) алдындағы несие берешегi 4-бағандағы өтем сомасында көрсетiледi. 3-бағанда тiкелей жеткiзiп берушiнiң аты-жөнi, орналасқан жерi және РНН көрсетiледi.
Тармақ 24
24. Егер өз кезеңiнде 2-шi жеткiзiп берушi жергiлiктi бюджет алдында несиелiк қарызы болмаса, онда 3-шi жеткiзiп берушiнiң алдында несие берешегi бар болса, онда ол өз кезеңiнде жергiлiктi бюджет алдында несиелiк берешегi бар болғандықтан 2-шi жеткiзiп берушiнiң несиелiк қарызы 3-шi жеткiзiп берушiнiң алдындағы қарызы бойынша 3- бағанда көрсетiледi. 5-бағанда 2-шi жеткiзiп берушiнiң аты-жөнi, орналасқан жерi, РНН көрсетiледi.
Тармақ 25
25. Жеткiзiп берушiлердiң саны ұлғайған сайын барлық жеткiзiп берушiлер, яғни 2-шi жеткiзiп берушiден бастап жергiлiктi бюджет алдында берешектерi жоқ болғандықтан жол бойымен 5-бағанда көрсетiлiп, 6-бағанда өтеу сомасы жазылады.
Тармақ 26
26. Жеткiзушiлердiң жергiлiктi бюджет алдындағы несиелiк берешектерi 9-бағанда оның аты-жөнi, орналасқан жерi және РНН көрсетiлiп, 7-бағанға жазылады және 8-бағанда жергiлiктi бюджет алдындағы несиелiк берешегiнiң бар болғандығы жайлы табысының белгiсi жазылады.
Тармақ 27
27. 2 және 9-бағандардың сомалары тең болуы тиiс және бюджет ұйымдарының тiкелей жеткiзiп берушi алдындағы Аумақтық қазыналық органдарда тiркелгендегiден несиелiк берешегiнiң сомасы аспауы тиiс және соңғы жеткiзiп берушiнiң жергiлiктi бюджет алдындағы берешегi Салық органының анықтамасында көрсетiледi.
Тармақ 28
28. Кестеде барлық құжаттар олардың негiзiнде жазылған актiлерi қоса берiледi:
салық органдарының жеткiзiп берушiнiң жергiлiктi бюджет алдындағы несиелiк берешегi туралы нөмiрiн және берiлген күнiн көрсетiп жазған анықтамасы;
Аумақтық қазыналық органдардың бюджет ұйымдарының тiкелей жеткiзiп берушi алдындағы несиелiк берешегiнiң барлығы жайлы нөмiрi және күнi көрсетiлген анықтамасы;
Жеткiзiп берушiлердiң несиелiк берешектерiн тексеру актiсi, нөмiрi, күнi, қол қойылуы, тiркеу күнi және Аумақтық қазыналық органының тiркеу нөмiрi жазылған анықтамасы.
Тармақ 29
29. Аумақтық берешектiң өтемiн өтеу кестесiне бюджет ұйымдарының және тiкелей жеткiзiп берушiнiң басшылары қол қояды, сондай-ақ басқа Жеткiзiп берушiлер олардың есептерi, Аумақтық қазыналық органдарда тiркеледi, осы жерде бюджет ұйымдарының несиелiк берешектерi де тiркеледi.
Тармақ 30
30. Аумақтық қазыналық орган кестеге өзiнiң нөмiрiн берiп, арнайы белгi қойып, берешек несиенi тiркейдi (9-сандық белгi, Жеткiзiп берушiнiң реттiк нөмiрi) және есептесуге қатысушы барлық Жеткiзiп берушiлерге олардың мекен-жайларына Аумақтық қазыналық органдар арқылы жеткiзiледi.
Тарау v. V. НЕСИЕЛIК БЕРЕШЕКТЕРДI ӨТЕУ ЖӨНIНДЕГI
ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI
V. НЕСИЕЛIК БЕРЕШЕКТЕРДI ӨТЕУ ЖӨНIНДЕГI
ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ЖҮРГIЗУ ТӘРТIБI
Тармақ 31
31. Қаржы басқармасы берiлген құжаттарды қарайды, қажет болған жағдайда ведомстволардан және басқа ұйымдардан қосымша мәлiмет алады, егер осының бәрiн қажет деп тапса Алматы қаласы Әкiмiнiң несиелiк берешектердi өтеу туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны комиссияның қарауына енгiзедi.
Тармақ 32
32. Комиссия өз кезегiнде берiлген шешiмнiң жобасын қарайды, ол бойынша ұсынысын әзiрлейдi және оны қарауға Алматы қаласының Әкiмiне бередi.
Тармақ 33
33. Алматы қаласы Әкiмi шешiмiнiң негiзiнде несиелiк берешектердi өтеу туралы қаржы басқармасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ерекше өтiнiм әзiрлейдi. Ерекше өтiнiмге несиелiк берешектердi өтеуге қатысушы бюджет ұйымдарының реестрлерi қоса берiледi.
Несиелiк берешектердi өтеу көлемi Алматы қаласының жергiлiктi бюджетiнiң кiрiсi мен шығысында көзделедi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiседi және қалалық Мәслихатта бекiтiледi.
Тармақ 34
34. Аумақтық қазыналық орган ведомстволарға реестрлерiнiң қосымшасымен қосып, қазыналық рұқсат қағазын бередi. Ведомстволар бюджет ұйымдарының реестрiне сәйкес бюджет ұйымдарына рұқсат қағаздарын бередi.
Тармақ 35
35. Аумақтық қазыналық орган бюджет ұйымының есебi ашылғандықтан қаржы тапшылығы түскен кезде оның өтiнiмiн № 7 үлгi бойынша анықтап, тиiстi салық органына салық төлеушiнiң тiркеу жерiне жергiлiктi бюджетке несиелiк берешегiнiң барлығы жайында 1998 жылдың 31 желтоқсаны бойынша сол күнгi өтелмеген қарыздарын анықтау үшiн жiбередi.
Тармақ 36
36. Салық органы салық төлеушiнiң берешегiн анықтайды, алдындағы берiлген анықтамаға сәйкес бiрақ рет салық төлеушiнiң несиелiк берешегiнiң жергiлiктi бюджетке төлемi бойынша барлық есеп төлемдерiн тоқтатады, алдында айтылған сұраным бойынша оларды анықтайды, салық төлеушiнiң ағымдағы есеп шотына түскен барлық қарыздарын өтеу үшiн Аумақтық қазыналық органға ашық мәлiмет бередi.
Тармақ 37
37. Бюджет ұйымдары есеп айырысу тапсырыстарын тiкелей жеткiзiп берушiнiң ағымдағы есебiне жазады және оны төлеу үшiн қазыналық органға тапсырыс бередi.
Тармақ 38
38. Аумақтық қазыналық орган қаржы құжаттары түскеннен кейiн салық органы берген сомаларды тексередi, барлық несиелiк берешектердi өтеу кестесi бойынша және бюджет ұйымдарының төлемдерiн анықтайды. Егер де ол расталса, төлем құжаты тиiстi орынына жеткiзiледi. Егер де берешектiң қарызы салық органы растағаннан төмен болса, онда салық органы растаған сомаға бюджет ұйымының есебiне барлық қарыздар ресiмделедi, ал қалған сома керi шақырылады. Егер де салық органы оны растамаса Аумақтық қазыналық орган ол құжатты қабылдамайды.
Тармақ 39
39. Тiкелей жеткiзiп берушi өзiнiң арнайы 080 есеп шотының құжатын жазып, "Бюджеттер арасындағы табыстарды бөлу, онда 107101 табыс белгiсi бойынша", "Берешектердi өтеу осы сомаға бюджет төлемi бойынша салық органының РНН көрсетiп, салық төлеушiнiң тiркелген жергiлiктi жерiне жiберiледi.
Бұл жағдайда өтем құжатында мыналар көрсетiлуi тиiс: МФО есеп шоты, Жеткiзiп берушiнiң (салық төлеушiнiң атауы), 9 сандық белгiсi, реттiк нөмiрлерi және "Несиелiк берешектерiн өтеу" сөздерi мәтiнде жазылып, төлемнiң белгiсi көрсетiлiп (107101), 9 сандық белгiсi (бюджеттiк ұйымдар үшiн) өтем сомаларының шығыстары.
Тармақ 40
40. Егер де тiкелей жеткiзiп берушiнiң жергiлiктi бюджетке төлем бойынша несиелiк берешегi болмаған жағдайда, тiкелей жеткiзiп берушi 2-шi жеткiзiп берушiге оның есеп шотын куәландыратын берешек сомасына құжат жазып бередi, яғни, ашық Аумақтық қазыналық органның тұрған жерi бойынша. 2-шi жеткiзiп берушi өз кезегiнде осы Ереженiң 39-тармағына сәйкес жергiлiктi бюджетке арналған ақша құжатын жазып бередi.
Бiрнеше жеткiзiп берушiлердiң қатысқаны жағдайында кестеге сәйкес ақшалай құжат ағымдағы есеп құжатының Жеткiзiп берушiнiң бiреуiнен 2- шi жеткiзiп берушiнiң ағымдағы есеп құжатына жазылады.
Тармақ 41
41. Қорытынды жергiлiктi бюджеттiң Аумақтық қазыналық органының табысына жоғарыда аталған кестеге сәйкес электронды пошта арқылы ақша төлемi тиiстi қазыналық органға аударылады, сол жерде өтем өткiзiледi. Жауапты орындаушы ақша құжатын арнайы жүргiзiлетiн iс құжатына жазып, несиелiк берешектi өтегенi туралы несиелiк берешектердi тiркеу журналында және Жеткiзiп берушiнiң несиелiк берешегiн тексеру актiсiн тiркеу журналына жазады.
Бұған қоса, Аумақтық қазыналық орган салық төлеушiнiң ағымдағы есеп шотына N№7 үлгi бойынша жергiлiктi салық төлеушiнiң Салық органына жергiлiктi бюджетке несиелiк берешегiн төлегенi туралы, яғни Салық органының растаған құжаттамасын жiбередi.
Тарау vi. VI. ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
VI. ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
Тармақ 42
42. Есеп беру құжатының көшiрмесiне сәйкес бюджет ұйымы бухгалтерлiк есепте несиелiк берешектi өтегенi туралы есеп бередi.
Мемлекеттiк мекеме болып табылмайтын бюджет ұйымы № 2 үлгi бойынша Аумақтық қазыналық органға "ұйымның шығын сметасының орындалуы туралы есеп" (06, 03, 008 белгiсi бойынша) бюджеттiк дәреже бағдарламасы бойынша несиелiк берешектердiң өтелгенi туралы анықтама бередi. Берiлген есептердi тексергеннен кейiн қазыналықтың жауапты орындаушысы құжаттың жоғарғы жағының оң бұрышына қолын қойып, мөр басады. Қазыналықтың қол қойылып және мөр басылған есебi бюджет ұйымына қайтарылып, ол өз кезегiнде белгiленген мерзiмде ведомствоға жiбередi.
Бюджет ұйымдарының бухгалтерлiк есебiндегi берешектердi өтеудi көрсету тәртiбi, егер олар мемлекеттiк мекеме болса, онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазыналық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Бухгалтерлiк есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекiтiлген "Бюджет ұйымдарындағы жылғы, тоқсандық, бухгалтерлiк есеп берудiң көлемi мен үлгiлерi туралы" Нұсқаулығында белгiленген тәртiппен және мерзiмiнде берiледi.
Тармақ 43
43. Аумақтық салық органы төлем құжатын алғаннан кейiн және Аумақтық қазыналық органның осы Ереженiң 41-тармағында көзделген тәртiппен берiлген анықтамасынан кейiн салық төлеушiнiң Аумақтық қазыналық органының растауымен көзделген несиелiк берешегiн шығарып тастайды. Осы өтемдердiң түскенi туралы есепте "Берешектердi өтеу" 107101 белгiсi бойынша айқындалады.
1-шi жеткiзiп берушiнiң 2-шi жеткiзiп берушiнiң алдындағы несиелiк берешегiнiң есебiндегi қарыздарын шығарып тастауда Аумақтық қазыналық органның растаған төлем құжатының көшiрмесi және ағымдағы есеп шотының көшiрмесi негiз бола алады.
Тарау vii. VII. ЖАУАПКЕРШIЛIК
VII. ЖАУАПКЕРШIЛIК
Тармақ 44
44. Ведомстволар, бюджет ұйымдары, тiкелей жеткiзiп берушiлер, Жеткiзiп берушiлер, Аумақтық қазыналық органдар, Салық органдары және басқа ұйымдар нақты және алдын ала дұрыс мәлiметтер бермегендерi үшiн қолданыстағы заңдарға сәйкес жауапкершiлiкте болады.